Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі «Мен өскенде кім болам»
Нуртазина Орынганым Сериккалиевна,
«Ақбота» бөбекжай әдіскері
Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі «Мен өскенде кім болам»
Тақырыбы: «Кім болам»
Білім беру саласы:Әлеуметтік орта.
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Экология
Мақсаты:
1.Балалардың мамандық бойынша түсініктерін кеңейтіп,олардың пайдасын түсіндіру.Сурет бойынша әңгіме құрастыруға,жұмбақ шешуге үйрету.
2.Балалардың қызығушылығымен ойлау қабілетін дамытуға үйрету.
3.Әр мамандыққа құрметпен қарауға,патриоттық сезімдерін ояту.
Әдіс-тәсілдер:Түсіндіру,көрсету,баяндау,ойын.
Көрнекілігі:Суреттер,плакаттар.
Мотивациялық-қозғаушылық кезеңі
Сәлеметсіздер ме балалар!
Көңіл-күйлерін қалай!
-Балалар қане бәріміз шаттық шеңберіне тұрайық.
Шаттық шеңбері:
Күн күлімдеп нұр төкті,бізге жолдап
Балалар:Сәлем
Жақсы сөздер нұр септі,бізге жолдап
Балалар:Сәлем
Есте сақтап кеңесті,достарға сыйлы
Балалар:Сәлем
Кел,қосылып айтайық бір-бірімізге
Балалар:Сәлем
-Ендеше,балалар бәріміз орнымызға жайғасайық.
Ұйымдастырушылық-ізденістік кезеңі.
Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс мезгілі.
Қыс мезгілінде неше ай бар?
-Үш ай бар.
Қыс мезгілінің айларын атайықшы?
-Желтоқсан,қаңтар,ақпан.
Қыс мезгілінің ерекшіліктерін атайық?
-Ауа –райы салқын ,қар жауады,боран,аяз болады.
Жарайсыңдар балалар біледі екенсіңдер.
Бүгінгі біздің ұйымдастырылған ашық оқу қызметіміз мамандық иелері жайлы болмақ.
Ендеше ,слайдтан мамандық иелерін тамашалайық.
-Слайдтан не көрдік?
Балалар: Мамандық иелерін.
Сендер қандай мамандық иелерін білесіздер.
Дәрігер,аспаз,мұғалім,құрылысшы,тігінші т.б
Балалар өскенде біз мамандық тандаймыз.Бәрімізде бір мамандық иесі болғанды қалаймыз.Сол үшін тырысып сабақты жақсы оқуымыз қажет.Сендер қазірден бастап жақсы оқысаңыздар,ертең мамандық тандарда қиналмайсыздар.
Балалар мына суреттегі жұмбақтардың шешуін тауып көрейікші:
Жұмбақтар:
Алып жатқан жан-жақты
Үйлерді кім тұрғызды
Жауабы: Құрылысшы.
Тәп-тәтті тағамы
Астардың маманы
Жауабы:Аспаз
Шекарада сақ тұрып,
Көз ілмей кім тұрады.
Жауабы:Шекарашы
Балалар мамандықтың бәрі жақсы,мамандықты тандағанда оны сүйіп тандауымыз қажет екен.Дәрігер адамдар ауырса емдейді.Олар ауырған адамды жан-жақты тексеріп ауруды емдеп қоймай жылы-жылы сөздер айтады.
Сондықтан ақ халатты абзал жандар деп атаймыз.
Балаларға әрқашан қамқор болып жүретін сапалы білім беретін мұғалім.Аспазшы дәмді тағамдарын бізге ұсынады.
Кім болам деген сұраққа бәрімізге ой туады?
Мен балалар тәрбиеші мамандығын бітірдім,сіздерге апаймын.Балалар өскенде кім болғыларын келеді.
Тақпақтар:
Ақ көйлегім үстімде , Адам емдеп шипа беру
Би билесем»Айгөлек» Болар менің арманым
Қой демейді ешкімде Сол себепті өмірде,
Шаршамаймын дөңгелеп Мен дәрігер боламын!
Ақкенже Рамзан
Достарым бар қуанып, Қадірлі адам мұғалім
Тамашалар кештерде Өмірлік қымбат-мұғалім
Тал шыбықтай бұралып Қадірлі жан деп ұғамын
Биші болам өсенде Атанып жақсы ұланың
Айзере Жолынды жарқын қуамын
Нұрсұлтан
Мамандықты тандаймын Білімнің жаққан шырағын
Әжеме тіс саламын Кездессе қайда мұғалім
Сондықтан мен өскенде Беремін сәлем ізетпен
Дәрігер апай боламын Басымды иіп тұрамын
Айжан Сабина
Рахмет балалар,сендерден жақсы маман иелері шығатына сенімім мол.Балалар келіңдерші ортаға шеңберге тұрып бойымызды сергітіп алайық.
Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрамыз
Алақанды ұрамыз,
Бір отырып,бір тұрып
Біз тынығып аламыз.
Енді балалар ойын ойнаймыз.
Ойын: «Өз орнын тап»
Мақсаты: Балаларды ойлауға ,шапшаңдылыққа тәрбиелеу.Балалар мамандық иелерінің құралдарын тауып өз орындарына қояиықшы.Аспаздың құралдарын көріп тұрмыз ба.
Жарайсыңдар жақсы ойнадындар балалар!
Ойлаймын мен,Ойнаймын мен
Ер жеткенде кім болам
Қандаймын мен,қорғаймын мен
Ел сүйетін ұл болам.
Ер жетемін еңбек етемін.
Жайнай түссін кең далам
Шөлден өтем,өрден өтем
Ел қамқоры мен болам деп болашақта үлкен азамат пен азаматша болатындарына және жақсы маман иесі болатындарына сенімім мол.
Рефлексиялық-түзетушілік кезеңі
Қорытынды:
-Балалар,бүгінгі оқу қызметіміз не жайлы болды?
-Қандай мамандық иелерімен таныстық?
-Олардың бізге пайдасы бар ма?
Мадақтау: Оқу іс-әрекетіне белсене қатысқан балаларды мадақтау.
Күтілетін нәтижелер:
Біледі:Мамандық иелерінің атауын біледі.
Меңгереді:Мамандық иелерінің адамдарға деген пайдасын;
Үйренеді:Мамандықты болашақта дұрыс тандауды үйренді.