Ашық тәрбие сағаты «Шаш өру-қазақ қызына тән»

0



Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады

Ашық тәрбие сағаты «Шаш өру-қазақ қызына тән»

Бағыты: Басқа Бөлімі: Ашық сабақ Сыныбы: 5 сынып

Тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Шаш өру- қазақ қызына тән» бұрымды шаш үлгісін көрсетуСыныбы: 5 «Б»Мерзімі: 04.10.2018ж.Мақсаты: қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, көріктілік, ептілік, инабаттылық, кішіпейілділік, сұлулық т. б жан — жақты ұлттық қасиеттерін таныта білу; оқушылардың ойлау, есте сақтау, танымдық қасиеттерін дамыту; қазақ халқының әдет — ғұрпы арқылы қыз бала тәрбиесіне тән қасиеттерді бойына сіңіру.Көрнекілігі: проектор, суреттер, нақыл сөздер мен мақал-мәтелдер.Барысы: І. КіріспеІІ. Негізгі бөлімІІІ. Қорытынды

Жоспары:1) «Шашбаулым» (шаш үлгілері) 2)«Ақылды қыз білімге жүгірер…» (мақал-мәтелдер)3)«Қызға қырық үйден тыйым» (ырым-тыйымдар)4) «Білгенге маржан» (шаш күтімі)5) «Қызым саған айтам…» (қыздарға кеңес)6) «Артық болмас білгенің»

І. КіріспеМұғалім: Сәлеметсіңдер ме, оқушылар! Бүгін біздің сыныбымыздың «Шаш өру- қазақ қызына тән» атты тәрбие сағатымызды бастайық. Қош келдіңіздер. Көңіл сарайларыңыз ашылсын, күлкілеріңізден інжу — маржан шашылсын!11 қазан- Халықаралық қыздар күні 2012 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы бекіткен. Бұл күнді мерекелеудің мақсаты — бүкіл әлемдегі қыздардың теңсіздік және әлеуметтік мәселелеріне назар аударту. Олардың ішінде білім алу, толыққанды тамақтану, медициналық қызмет алу, кемсітушіліктен, зорлық-зомбылықтан қорғау, бала кезінен мәжбүрлеп некеге тұрғызудан қорғау жатады.   Қазақ халқы «қыз» деген сөздің өзін әдептіліктің, әдеміліктің, инабаттылықтың, сұлулықтың белгісі деп таныған. Әсіресе қыз баланың көрікті болып өсуіне анасы ерекше көңіл бөліп, «Аттың көркі — жалы, қыздың көркі — шашы» деп қыздың шашын күтіп өсіруді өнер санаған. Ол үшін оның шашын айранмен, қынамен жудырған. Шаштарын «қос бұрым» немесе «бестемше» етіп өру бойжеткен қыздың көркі болған. Қазақ халқының жырларында қазақ қыздарының шаштарын керемет суреттеген: «Шашының ұзындығы ізін басқан», «Шаштарын он күн тарап, бес күн өрген», Қыпша бел, қиылған қас, қолаң шашты».Білектей арқасында өрген бұрым,Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын,Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты,Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін, деп — Абай атамыз бекер жырламаған.ІІ. Негізгі бөлім1)«Шашбаулым» (шаш үлгілері) узыка ойнап тұрады. «Үкілі Кәмшат» әні)Иықтан шашың, төгіліп жерге.Күмісті шашбау жарасып белге- деп бұрымды аруларымыздың шаш үлгісіне кезек берейік (қыздар өрім түрлерін көрсете отырып, жасаған шаш үлгісін қорғайды).-Шолпы және шашбау жайлы және оның пайдасы, түрлері туралы мәлімет дайындап келген оқуышыларымызға сөз кезегін берсек. Таудың көркі – тас, қыздың көркі – шаш» демекші халқымыз қыздың көркі-шаш, шаштың сәні- шашбау, шолпы деп бекер айтпаған. Шашқа арналған қазақ әшекейлерінің 556- дан астам түрі бар.-Қоңыраулы шолпы таққан қыздар қатты күлсе, шолпы сыңғырлап, оқыс қимылдарға кедергі болған. Шолпының ауыр салмағы басты ауыртпайтын емдік қасиетке ие болған. Шолпының әсерінен шаш ұзын болып өскен. Шолпы мен шашбауды бұрым тарқалып кетпеу үшін және жинақы тұру үшін таққан. Олар арқаны түзу ұстап жүруге себеп болған. Шашқа тағылатын әшекей сыйлағанда бір-біріне «Шашың ұзын, қалың болсын!» деген.2) «Қыздың көркі- ұзын шаш» ( мақал-мәтелдер)Қазақ қызы десе , беті ашық, бірақ жүзінде ұяңдық бар, шашы ұзын, басқан ізі білінбейтін жан елестейді.Құлағымызға шолпының сыңғыры келеді. (шолпы таққан қыз жайлап жүріп өтеді.) Қазіргі қыздарға тән ұзын шаш жойылып кеткен жоқ, қайта көбейіп келеді. Бұрымды бүгін жырласақ оның әсемдікке қатысы болғаны да. Қыз еркем-қылығымен көркем.

Қыздың жолы жіңішке.

Дәулетіңнің қадірін ұлың өскенде білерсің, Абыройыңның қадірін қызың өскенде білерсің.

Ақылды қыз білімге жүгірер,Ақылсыз қыз сөзге ілігер.  Жасауды жеті жастан жинасаң жетеді,Алты жастан жинасаң асады.  Ауру — астан,Дау – қарындастан. Бір қыз күйеуге шықса,Мың қыз түс көреді. Жақсы қыз — жағадағы құндыз,Жақсы жігіт – аспандағы жұлдыз. Қыздың қабағында құт бар. Қыздың қабағы күлімдесе – құт келеді. Қыз – қонақ.

Қыз өссе елдің көркіГүл өссе жердің көркі. Қыздың көзі қызылда.  Қыздың жолы жіңішке.  Қызды асырап білмеген күң етер,Жібекті түте алмаған жүн етер. Қызым саған айтам, келінім сен тыңда.

Қыз қылығымен.

Шешесіне қарап қызын ал,Аяғына қарап асын іш. Қызы бардың назы бар.

Қызға қырық үйден тыйым.  Қыз — өріс, ұл — қоныс.

Екі ауылдың арасын жол қосады,Екі елдің арасын қыз қосады.

Қыздың қырық жаны бар.  Шешесі отырып,  қызы сөйлегеннен без.  Қызды кім айттырмайды,қымызды кім ішпейді.

3) «Артық болмас білгенің» (ырым-тыйымдар). Қазақ халқы әйелдердің сұлу шашын ертеден-ақ жоғары бағалаған. Осыған байланысты әдет-ғұрыптар, тыйымдар туған. Шашыңды отқа тастама, шашыңды жайма, шашыңды қима деген тыйымдар бар. Жас әйелдің шашын маңдайдан айырып, екі бұрым етіп өрген соң  оның арасын бір сүйемдей  етіп ұшынан бір-біріне жалғайды, бұл «жұбымыз жазылмасын» деген ақ тілек белгісі.  Ал, қыздар бұрымын дара өреді, бір-біріне жалғамайды. Қыздарға Алтыншаш, Қарашаш, Сұлушаш деген ат қоюдың өзі шаш қасиетін көрсетеді емес пе?«Қазақта қызға қырық үйден тыйым» деген сөз бар.Түске дейін ұйықтауға тыйым.Бұраңдап қылымсуға тыйымТамақты обырлана асауға тыйымҰрлық – қарлыққа тыйымСалт – дәстүрден аттауға тыйым.Ұрыс – керіске тыйым.Қыздар осы тыйым сөздерді әр уақытта естен шығармаңдар.Қыз сұлу көрінеді қылығыменЖарыса төгілген қос бұрымыменБұл күнде сұлулықтың үлкені осы –Қыз сұлу көрінеді біліміменҚыз сұлу көрінеді шашыменен,Ай қабақ, қиғаш қара қасыменҚыз сұлу көрінеді толған айдайОн бес пен он сегізде жасымененҚыз сұлу көрінеді өрнегіменТізілтіп сөз маржанын тергеніменМайысып бұратылып, майда басып,Жаныңа наз қылықпен келгеніменДарытқан бар асылды өз еліненҚыз сұлу көрінеді өрнегіменҚұлпырып қазағымның аруларыӨткендей сұлулықтың елегінен4) «Білгенге маржан» (шаш күтімі) (бейнежазба)Қыз емес, қыздың аты – қызыл алтын,Көрінер туған айдай жүзі жарқын.Үлкеннің алдын кесіп сөз сөйлемес,Халқының сақтай білген ізгі салтын.Қыз бала – бойжеткен, келін, ана,Бәрі де дер кезінде дара тұлға.Ұрпағыңның ойласаң болашағын,Қызды сыйла, жамағат, қызды сыйла. Шаш ерекше күтуді қажет етеді. Шаш қорғаныс рөлін атқарады. Адам шашы бірнеше жыл бойы өсуін тоқтатпайды. Әйел адамдардың күніне 50 тал шашы түсіп, 50 тал шашы өсіп шығып отырады. Адам басындағы шаштың саны әр адамда әр қилы болады. Шаштың жақсы өсуі үшін оны үнемі жақсы күтіп, май жағып отыру қажет. Шашты жылы суға жуып, белгілі бір сусабынды пайдалану керек. Шашты сабынмен жуудың қажеті жоқ. Шаштың түсі өзгеріп, жарқырап жайнамайды. Ұзын шашты өте ұқыптылықпен жуып, шашты тарап отыру керек. Майлы шашты сабынды спиртпен немесе калийі көп көк сабынды спиртпен жуған дұрыс. Ол көк сабын шашты дезинфекциялап, шаштың майын бірден кетіріп жібереді. Сусабынмен жуғаннан кейін шашты бірнеше рет сумен мұқият шаяды. Шаштарыңыз жарқырап тұру үшін1 литр суға асханалық қасықпен 2 қасық 8%-ды сірке қышқылын қосып, шашты шаяды. Шашты тарағанда тарақтың жүзі өткір болмағаны дұрыс. Әдетте ең жақсы тарақ капроннан жасалынады. Тарақты ыстық сумен сабындап жуып, оны таза ұстаған жөн. Әрбір адамның өзінің тарағы болуы тиіс.  Шаш күтімі, оны тарау, өсіру, өру – үлкен бір тәрбие мектебі. «Ақ үйден бір қыз шықты көзі күлген, шаштарын он күн тарап, бес күн өрген» деген халық өлеңіндегі ғажап сурет – осының бір дәлелі.Шашқа қосатын, жалғайтын, кигізетін, тарайтын, жағатын, тағатын зергерлік әсем бұйымдар бар. Шашты тарау үшін тісі әртүрлі сиыр мүйізінен жасалған тарақ қолданылады. Сыртынан әдемі көріну үшін шаш тарақпен бастырады. Шашты жалтырату үшін шашмай жағады.Біздің данагөй ата-бабаларымыз, мейірімді ақ әжелеріміз ежелден-ақ: «Шаштың киесі бар», – деп айтып кеткен. Олардың ақыл-кеңесі бойынша, шашыңның бір талын да кез келген жерге тастауыңа болмайды, оны құс ұясына салуға алып кетсе, бас ауруына тап боласың. Қазір ғалымдар бұл сөздің астарында ақиқаттың жатқанын анықтап отыр. Шашты қалай дұрыс жуу керек? Ең алдымен әрі-бері тарау керек сол кезде шашқа жаттығулар жасалады. Шаштың типіне байланысты сусабындарды дұрыс пайдалана білу керек. Шашыңды аптасына екі рет жу. Ол «Мои кудряшки» немесе балаларға арналған сусабынды пайдалан-деді.Сол сусабындар шашты ұйыстырмай тарауға көмектеседі. Шашты жуғаннан соң 3 есе артық сумен шаю керек.Жақсы шайылған шаш кепкеннен кейін жылтырап тұрады.Шашыңды 2 айда 1 рет айранмен жуу пайдалы.Айранмен жуылған шаштың тамыры жақсы бекиді.Шашты жуып болған соң, бос жіберіп еркін кептір .Фен қолданба,себебі ол шашты шамадан тыс кептіріп, шашқа зиян келтіреді.Тек 1-2 айда шашыңның ұшын ғана сәл қиып отыр.Ол шаштың дұрыс бұзылмай өсуіне жақсы әсер береді. Күнде мектептен келген соң ,шашыңды бос жібер. Себебі шаш арасына ауа кіру керек.Шашыңды әр түрлі бағытта тара.Сол кезде бастың қан айналымы жақсарады.Өзің де жақсы әсер аласың. Мен ағаштан жасалған тарақтарды пайдалануға ұсыныс беремін.Ұйықтар алдында шашыңды тарап, бос өріп жат. Ұзын шаш өзіме өте ұнайды, себебі неше түрлі өруге, жинап түюге, шашқа арналған әшекей-бұйымдарды тағуға болады.

5) «Қызым, саған айтам…» (қыздарға кеңес)1. Ешқашан ешкімді жамандама. Ең жаман деген адамның да өз жақсылығы болады. 2. Ешкіммен ұрыспа, бағыңды жоясың. 3. Кемшіліксіз кісі болмайды, оны көруден оңай жоқ. Кісі кемшілігін тез көруге емес, тез түзетуге көмектес.4. Қызға қатты күлудің қажеті жоқ5. Жаман қыз шешенің атына кір келтіреді.6. Тірі адамның бар бақыты жер бетінде.  Оған көкке ұмтылудың немесе о дүниеден үміт етудің қажеті жоқСол себепті бар терді төгіп, барша ой мен ақылды жұмсап жер бетін, тұрған үйіңді жұмақ ете біл7. Әлі жеткен әлсізді аяғынан шалмау керек.Қыздар ! — Әдемі болыңдар, әсем болыңдар, сонымен бірге ақылды болыңдар ! — Сұлу болыңдар, сымбатты болыңдар, сонымен бірге саналы болыңдар ! — Инабатты болыңдар, ілтипатты болыңдар, сонымен бірге ұйымшыл болыңдар ! — Ұйқышыл болмаңдар, ұмытшақ болмаңдар ұрысқақ болмаңдар

6) «Артық болмас білгенің» Бұрынғы заманда қазақтың қызы деген кезде әр қазақтың көз алдына әшекейлі сымбатты, өрілген қос бұрымы, сыңғырлаған шолпысымен ерекшеленген әдемі қазақ аруы елестейді.-Шолпы- қыздардың бұрымға тағатын әшекейі. Шолпы – ұғымы балықтың судағы секіріп ойнағанынан шыққан деген түсінік бар. Шолпыны екі үзбелі етіп, күмістен соғады.Ол баулары арқылы бұрымға қоса өріледі.Ал, шашбау шолпыдан ұзындығы арқылы ерекшеленеді. Ол күміс шынжырлардан немесе жіптен жібек баудан жасалады.Шолпы шаштың ұшына тағылса, шашбау бұрымның түбіне немесе шашпен бірген өрліп шашқа сән беріп қалың етіп көрсету үшін қолданылады. Шолпы, шашбау адам қозғалысы арқылы бұрымының ұзара түсуіне ықпал етеді,қазішагінің сөзімен айтқанда шашқа массаж жасайды.Ауыр шолпы таққан адамның басы ауырмайды. Шолпыға тығылған тиындар, қыз баланың тал шыбықтай, тік сымбатты өсуіне септігін тигізеді.Қыз – бүгін әке-шешесінің қонағы болса, ертең бір шаңырақтың ошағының сәні. Болашақ ұрпақтың өз қатарынан озары да, қыз бен қыз тәрбиесіне байланысты. Сәлеуетті ана болғанда саналы ұрпақ болады. Олар бүгін мектеп қабырғасында оқып жүрген қыздар. Болашақтың тамыры, қоғамның негізі тарихтың көзі –жанұя. Ал сол қасиетті ұяның алтын тірегі, отбасының ұйтқысы, жайнаған осы жауқазындар. Қыз — өмірдің қызғалдағы, қыздар – болашақ ана. «Болмасаң да ұқсап бақ «деп Абай атамыз айтқандай, қыз балалар жағымды қасиеттерді меңгерсе, арамызда ару да әсем, сұлу да көрікті, әдемі де ажарлы қыздар көп болса, біздің өміріміз мәнді, қызықты да шуақты болар еді.

ІІІ. ҚорытындыЖелкілдеген тұлым менен бұрымдыКие тұтқан ата-бабам бұрынғы.Жаңартайық дәстүрлерін қазақтыңЖас ұрпаққа бүгінгі таңда білімді. «Бұрымды қыз» бейнебаяныСыныптан екіден қыз шығып шаш өреді, 5мин уақыт беріледі. Ең әдемі өрілген шаш таңдалып алынады.


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.