Ашық сабақ «Жылытқыш құралдар»1 сынып

0


Бағыты: Бастауыш сынып Бөлімі: Ашық сабақ Сыныбы: 1 сынып

1 сыныптың мұғалімдеріне қажетті материалдар бар. Балаларға қызықты, оңай түсіндіруге көмектеседі. Қазіргі таңдағы әдіс тәсілдер қолданылған. Балалар топтық жұмысқа белсене қатысып, сабақ нәтижелі болады. Балалар постер құрып, оны қорғады. Жылытқыш құралдар туралы слайдтық презентация көрсетілді. Алғашқы адамдардың өмір сүруінен видеокөрініс көрсетілді. Балалар белсене қатысып, сабақтың мақсатына жетті.

Пәні: Жаратылыстану
Сабақ тақырыбы: Жылытқыш құралдар

Күні : 27.02
Мұғалімнің есімі: Ашимханова С.К.

СЫНЫП: 1 а
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары:
5.4. Жылу 1.5.4.1 жылыту жабдықтары мен құрылғыларын анықтау

Бағалау критерийлері:
-жылытуға арналған құралдарды анықтайды;
— қоршаған әлемнің құбылыстарын, үдерістерін және нысандарын зерттеудің қажеттілігін түсінеді;

Күтілетін нәтижелер
-жылытқыш құралдарға нелер жататынын білетін болады;
-оқушылар түрлі жылытқыш құралдардың үй жайды жылыту үшін қажет екенін түсінеді.

Тірек сөздер
Жылу — тепло — heat

Ресурстар
Әртүрлі жылытқыш құралдардың суреттері;
А4 форматты парақ;Үй-жайлардың: көпқабатты, қала сыртындағы үй, киіз үй суреттері;Интернет ресурстар:алғашқы қауым адамдарының үңгірде қалай жылынғаны туралы қысқаша бейнефильм

Алдыңғы оқу
Уақытты анықтау не үшін қажет?

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт
Жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар

Сабақтың басы
0-3 минут
Психологиялық ахуал Аққу болып ұшамыз
Топтарды таныстыру: Күн, Жалын, Болашақ
1 топ Қазір жылдың қай мезгілі ?
2 топ Қыста ауа райы қандай болады?
3 топ Қысқы орманда нені көруге болады?

слайд суреті

4-11 минут
Оқулықпен жұмыс. Слайд көрсету.
1 топ : Балалар суретке назар аударайық, кімдерді көріп тұрмыз?
2 топ Негеш пен Эврика неге тоңып қалды?
3 топ Олар жылыну үшін не істеді? (от жақты)
Адамдардың өсуіне және дамуына не қажет ?
Ауа, су, азық түлік, жарық, жылу.
Дұрыс айтасыңдар , балалар . Бүгін біз сендермен жылу туралы әңгімелесеміз. Біздің сабағымыздың тақырыбы: Жылытқыш құралдар. Осы құрадарды анықтауды үйренеміз.
1 топ Балаларға от жағуға кім көмектесті? (үлкендер көмектесті)
2 топ Балалардың өздеріне отты жағуына бола ма? (жоқ, үлкендердің қадағалауынсыз балаларға оттың қасына жақындауға болмайды, от қауіпті!)
3 топ Қандай қауіпсіздік ережелерді білесіңдер ?

Бейнефильм көріп, сұрақтарға жауап беріңдер.

Ақпарат: Ежелгі заманда адамдар жылыну және суықтан қорғану үшін ашық отты пайдаланған. От, алау алғашқы жылытқыш құрал болып есептелген. Адамдар ең алдымен отты пайдалануды, содан кейін ғана оты жағуды үйренген деген болжам бар.
3 топ : Ежелгі адамдар отты қайдан алды? (Олар найзағай түсіп тұтанған ағашты тауып алып пайдаланған.)

Екінші суретке назар аударайық.
1 топ: Негеш пен Эврика не істеп жатыр?
2 топ: Олар жылыну үшін нені пайдаланды? Жылытқыш құралдарды пайдаланды.
Адамға тіршілік ету үшін жылу қажет деген қорытынды жасаймыз.
3 топ: Қыс мезгілінде үйлерге жылу қайдан келеді?
1 топ: Екі суретте қандай ұқсастық пен айырмашылық бар ?

Ақпарат: Көп қабатты үйлерде радиаторлар мен батареялар сияқты жылытқыш құралдарды пайдаланады.
2 топ : Жер үйлерді адамдар қалай жылытады?
3 топ: Жылу беретін және тарататын құралдарды қалай атауға болады ?
Қорытынды сөз: Жылытқыш құралдар деп — жылу беретін және тарататын, үйді жылытып әрі жайлы ететін құралдарды атайды.

Сурет қиындыларынан жылытқыш құралдарды құрастырып, таныстырады. Слайд көрсету.
( пеш, конвектор, қыздырғыш)
.
Ал ендеше, жылытқыш құралдардың түрлеріне тоқтала кетейік:
Алды ашық пеш(камин). Ежелгі Римде пайдалана бастаған. Ол ашық оттығы және одан төбеге кететін мұржасы бар пеш сияқты болған.
Кейіннен түтін шығатын мұржасы бар пештер пайда болған. Олар сазбалшықтан және кірпіштен, темірден жасалған. Пешке отын, көмір, газ жағады.
Техниканың дамуына байланысты жаңадан жылытқыш құралдардың түрлері мен модельдері пайда болды. Оларға радиаторлар мен батареялар жатады.
Оларды пайдалану үнемді. Олар газ, электр, сұйық немесе қатты отын арқылы жұмыс істейді.

Қыздырғыш жылытуға арналған электр құралы. Тоқ көзінен жұмыс жасайды. Үйлерде қосымша жылытқыш құрал ретінде пайдаланады.
Соңғы жылғы ең белгілі жылытқыш құралға конвектор жатады.
Конвектор ол пәтерлерде, ауылдық үйлерде ауаны жылытуға арналған қыздырғыш электр құралы. Үйдің кез келген жеріне қоюға болады. Оған төмен жағынан суық ауа келеді де, арнайы қондырғының көмегімен қызады, содан кейін жоғары көтеріледі.
Оқулық, 65 бет.
Суреттерге назар аударайық. Слайд
Топтық жұмыс
1 –тапсырма.
Бұл суреттерді қандай екі топқа бөлуге болады? Суреттерді екі топқа ажыратып, жабыстырыңыздар.
Дескриптор: Слайд көрсету.
— Суреттерді екі топқа (жылытқыш құралдар, жылытқыш емес құралдар) бөледі;
-оларды дұрыс орналастырады;
-жылыту құралдарын ажырата алады.
Слайд көрсету.
Жинақтаушы сұрақ: Үйді үтіктің, шәугімнің, қысқатолқынды пештің көмегімен жылытуға бола ма?
Қорытынды сөз: Үтік, шәугім, қысқатолқынды пештер қызады, бірақ олар үйді жылыту үшін пайдаланбайды.

Слайд
суреттері

бейне
фильм

Сергіту сәті

Сергіту сәті видео
Қимылмен көрсету

Сабақтың ортасы
12-33минут

2 минут
Сабақтың соңы
5 минут

Топтық жұмыс. Слайд.
2 –тапсырма. Әр түрлі ғимараттарда қандай жылытқыш құралдарды қолданады? Ауызша толық жауап беруге дайындалу.
1 – топ. Жер үй
2 – топ. Көпқабатты үй
3 – топ. Киіз үй
Дескриптор: Слайд.
— Әр түрлі ғимараттарда қандай жылытқыш құралдарды пайдаланатынын табады;
-оларды дұрыс орналастырады;
-жылыту құралдарын атайды.
— ұқыпты орындайды
Жұмыс дәптерімен жұмыс 44-бет. Слайд
Рефлексия

Түсіндім Түсінбедім
Смайликтерді тарату.
Суреттер, А4 парақ

Пешке, қыздыр
ғышқа аты жазылған стикер жабыстыру


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.