Ашық сабақ жоспары. 9-сынып. Өзіңді тану
Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады
Ашық сабақ жоспары. 9-сынып. Өзіңді тану — өмірді тану.
Автор: Уябаева Дамира Бегжановна
Бағыты: Өзін-өзі тану Бөлімі: Ашық сабақ Сыныбы: 9 сынып
Жарияланған уақыты: 2019-02-22
Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ мақсаты: Оқушылардың өмірдің мәні туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеті:
Білімділік өмірдің адам үшін маңыздылығын жан-жақты ашу;
Дамытушылық өмірді мәнді, мазмұнды сүруіне ықпал ету;
Тәрбиелік өмірді бағалауға тәрбиелеу.
Сабақ мақсаты: Оқушылардың өмірдің мәні туралы түсініктерін кеңейту.Міндеті: Білімділік өмірдің адам үшін маңыздылығын жан-жақты ашу;Дамытушылық өмірді мәнді, мазмұнды сүруіне ықпал ету; Тәрбиелік өмірді бағалауға тәрбиелеу. | Ресурстар:үнтаспа,суреттер,нақыл сөздер |
Сабақ барысы:1.Ұйымдастыру кезеңi. 2 мин.Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру. 5 Т ережесін еске салу.1.Тәртіп2.Талап3.Тыныштық4.Тазалық5.Татулық
2.Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену.Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз.Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елесететіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балығы және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді,эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып,жүрегіңіздің қауызын ашты.Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз.Ол бірітіндеп күшейе түсуде.Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз.Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда.Қолымыз тек жақсы,ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі.Нұр аяқтарарыңызға тарады.Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда.Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің ауызыңызға,тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы,ізгі сөздер ғана айтады.Нұрды құлақтарыңызға бағқыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естейді. Нұр көздеріңізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінне жақсылықты көреді. Сіздің басыңыз тұгелдей нұрға бөленніп, басыңызға тек ізігі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңыздан сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз.Нұрды уақытша түсініспей,ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз,олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге:барлық адамдарға,жан-жануарларға,өсімдіктерге,барлық тірі жанға таралсын….Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз.Ойша айтыңыз:»Мен нұрлымын…Нұр менің ішімде…Мен Нұрмын»Осындай Нұр,Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз….Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз.Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.Жаймен көзіңізді ашуға болады.Рахмет. 3.Үй тапсырмасын тексеру. 5 мин.Мұғалім оқушылардың «Өзін — өзі тану» пәнінен үйренген тағылымдары мен құндылықтарын еске түсіру мақсатында оқушыларға Ә.Ффйзоллаұлының «Өмірдің мәні» ертегісін оқуды ұсынады. Оқушылар ертегіні оқи отырып, өмірдің мәнін түсінеді. Өз ойларын ортаға салады.Мәтін бойынша сұрақтар:— Үміткерлер өмір мәнін қалай түсіндірді?— Ертегіде айтылған ойларға не қосар едіңіз? |
Сабақ барысын талқылау: |
4.Дәйексөз.Мұғалім оқулықты берілген Б.Бұлқышевтың сөзін дәйексөз ретінде оқушыларға ұсынады:Адам — өз өмірінің суретшісі. Ол өмірді сырлап бояуға, оған ажар, түр беруге, оны әшекейлеп өрнектеуге еңбек етеді.Мұғалім «Нақыл сөздің мағынасын қалай түсінесіз?» деген сұрақ арқылы оқушылардың өз пайымдауын ортаға салуына жағдай туғызады. | |
5.Әңгiмелеу (сұхбат). 3мин. — Өзін-өзі тану пәнінен не күтесің, нені үйренгің келеді?— Өмірдің мәні неде деп ойлайсың?— Мәнді өмір сүру үшін адамға не қажет?— Өмірді бағалай білесіз бе?— Өмірден не күтесіз?— Сіздің мақсатыңыз қандай? | |
6.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. 12 мин.Оқушылардың ойларын білу және жан сұлулығының маңыздылығын түсіндіру мақсатында оқулықтағы «Сахналау» айдарымен берілген диалогті сахналау ұсынылады.Мұғалім сахналауды талдау барысында оқушылардың атасы мен немересінің іс — әрекетіне баға беруі, өз ойларын ортаға салуы, өмірдің мәнін кеңірек ашуы арқылы балалардың нақты тұжырым жасауына мүмкіндік тудырады.Мәтінді рөлдерге бөліп оқыңыз. Мәтіндегі ойға өз көзқарасыңызды білдіріңіз.Немересі:Ата, адамдар неліктен жасы ұлғайғанда ғана өмірді түсіне бастадйды?Атасы: Өмірді түсіну адамның жасына байланысты емес, балам. Адам бала күнінен бастап өмірдің сан алуан құпияларынын тануға құштар болса, өзінің жан дүниесіне үңіле білсе, дұрыс шешімдерді қабылдауға үйренсе, өмірді түсініп, тани біледі.Немересі: Иә, адам өзі дұрыс деп ойлаған шешімді қабылдайды. Бірақ ол өзінің қателескенін кейін білетін де кездер болады.Атасы:Өмірдің ащысы да, тұщысы да болады. Адамның мықтылығы кез келген қиындықты мойымай көтеріп, жеңе білуінде.Немересі:Өмірді танудың және жақсы өмір сүрудің қандай жолы бар?Атасы:Өмір сүрудің түрлі жолы бар, тек таңдау жасау өз қолыңда. Оны таңдау үшін өзіңді, өзгені, өмірді таны. Жақсы мен жаманды анықтап, бағасын бер. Өзіңе, өмірге, болашағыңа сенімді бол. Өзіңе ісіңе сай болсын!7.Дәптермен жұмыс Дәптердегі 1,3-тапсырманы орындау. | |
8.Топпен ән айту. 3 мин. ӨМІРТ.Айбергенов | |
9.Үй тапсырмасы. 2 мин. А.Самиғоллаұлының «Ойлан достым…» әңгімесін оқу | |
10.Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi. 3 мин. — Үміткерлер өмір мәнін қалай түсіндірді?— Ертегіде айтылған ойларға не қосар едіңіз?Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз.Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елесететіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балығы және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді,эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып,жүрегіңіздің қауызын ашты. |
Материалды сайттан тегін жүктеу
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.