Ашық сабақ. Жарық не үшін керек? 1-сынып

0

Пән:ЖаратылыстануҚысқа мерзімді жоспар бөлімі: 5 бөлім Мектеп: Т.Рысқұлов атындығы мектеп — лицейі Күні: 12.05.2017ж Мұғалімнің аты-жөні: Джакибаева Л Сынып: 1 сынып Қатысқандар саны:Қатыспағандар саны: Сабақ тақырыбы Табиғат физикасы : Жарық не үшін қажет? Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.5.2.3 Жасанды жарықтың қажеттілігін және оның көздерін анықтау. Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар: жарықтың қай жерде қажет болатын біледі.Көптеген оқушылар: жарық көзі не үшін керек екенін түсінеді.Кейбір оқушылар: жасанды жарық көздерін атайды, жарықты өмірде қолданады. Жетістік критерийлері Жасанды жарық көздерін атайды.Жасанды жарық көздерінің қажеттілігінтүсіндіреді. Тілдік мақсаттар Оқушылар: Жарық көзі, жарықтандыру, қолайлы өмір сүру мен қауіпсіздікті сақтау үшін қажеттілігін түсінедіНегізгі сөздер мен тіркестер: Жарықтандыру, безендіруСыныптағы диалог үшін пайдалы тілдік бірліктерТалқылауға арналған сұрақтар: Адам жарықты қалай пайдаланады?Ол не үшін қажет?Ғимараттар жарық болу үшін не қажет?Мерекелік жарықтар туралы не айта аласың? Құндылықтарды дарыт Логикалық ойлауын, жарнама жасауды, өзбетінше жұмыс істеуге дағдыландыру. Пәнаралық байланыстар Дүнетану, көркем еңбек АКТ қолдану дағдылары Суреттер, интербелсенді тақта, видеоролик Бастапқы білім Жасанды және табиғи жарық көздері туралы біледі. Сабақ барысы Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар Сабақтың басы Сабақты бастамас бұрын оқушылардың өткен сабақтағы жасанды жарық көздері тақырыбы бойынша білімдерін жетілдіру мақсатында мектепте қолданылатын қалташам немесе басқа жарық көзі туралы танымдық фильм көрсетемін. Фильмнен соң оқушылардан қандай жасанды жарық көздерін көргендерін және оны не үшін қолданатынын сұраймын.

Суретке қарап, айтып бер. Оқушылардың назарын суретке аударамын. “Мұнда қандай жарық көздері бейнеленген? Олардың әрқайсысы не үшін қажет?

Интернет-ресурстар:http://www.youtube.com/watch?v=oppLfQT8X9c қалта шамы туралы фильм;

Суреттер

Сабақтың ортасы Зерттейік. Бұл жұмысты топтық жұмыс түрінде ұйымдастырамын. Ретке келтіру: Тақырып қандай? Оқушыларға бөлме ішінде жан-жаққа қарап, қандай жарық көздерін көріп тұрғанын атап беруді сұраймын. Одан кейін мектеп ішінде асханаға, акт залына шағын саяхат жасаймыз. Көрген жарық көздерін салуды және жазып отыруды сұраймын.Жарық көздерін сипаттау барысында күн сәулесін өткізетін терезелердің үлкендігіне назар аудартамын. Егер табиғи жарық көзі ғимаратты толығымен жарықтандыра алмаса, онда жасанды жарық көздерін пайдалану керек екенін айта кетемін.Зерттеуге дайындық: Оқулықпен жұмыс.Суреттерге мұқият қараңыз. Жасанды жарық көздерін атаңыз. Жасанды жарық көздері қандай мақсаттарда қолданылып тұр? Сурет бойынша әңгімелеңізБіз бұл тақырып туралы не білеміз?Осы тақырыпқа қатысты не ойлайсыңдар?Бұған тағы кім көз жеткізді?Жарық қай кезде қажет? Сен не ойлайсың?Адам жарықты қай кезде пайдаланады?Оқушылар өздері білетін жарық көздерін анықтайды.Зерттеу: Мерекеге қандай жарық көзінің қатысы жоқ? Оқушылар дүкен көрмелері мен жарнамаларға назар аударады. “Осы жерде жарық не үшін қажет: безендіруге ме әлде жарықтандыруға ма?” Сұрыптау: Мерекелік қойылымдар. Оқушылармен суреттерді қарастырамыз. “Мерекелер не үшін қажет? Оны қалай безендіруге болады?” — деп сұраймын. Жасанды жарық көзін қолданатын мерекелерді еске түсіріңіз. Мерекеде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау керек екенін атап өтемін. Сабаққа байланысты деректі материалдарды пайдаланып, “Қызғалдақ мерекесі” туралы айтып кетемін.“Қызғалдақ мерекесінің” суретін қарастыруын ұсынамын. Алға ілгерілеу: Күнделікті өмір үшін жарықтың маңызын сұраймын.

Байланыс орнату:1-сынып оқушыларының жас ерекшелігін ескере отырып, жұмыстарды рет-ретімен орындауға түсініктеме беремін. Ермексазбен жұмыс жасау барысында қауіпсіздік ережесін еске түсіреміз.Шара қабылдау: Жасанды жарықты тағы не үшін қолдануға болады? Мысал келтіріңіз.Дескриптор: Білім алушы— жасанды жарық көздерін атайды;— жасанды жарық көздерінің қолданылу мақсатын сипаттайды;— жасанды жарықтың қолданылуына мысал келтіреді.

Жасанды жарық не үшін қажет? Айналаңыздағы жасанды жарық көздеріне бақылау жасаңыз. Бақылау нәтижесін кестеге түсіріңіз.

 Жасанды жарықтың қандай пайдасы бар? Жұпта ой бөлісіңіз.Дескриптор: Білім алушы — қоршаған ортадағы жасанды жарық көздерін анықтайды; — олардың не үшін қолданылып тұрғандығын сипаттайды;— жасанды жарықтың қажеттілігі туралы ой қорытады.

Фонар, бағдаршам, шам, шам – шырақ және т.бматериалдар тастау алдына

Суреттер

Ермексаз

Сабақтың соңы Рефлексия: Алған білімдерін БББ кестесі арқылы талдайды

Кері байланыс«Бағдаршам» әдісі

БББ кестесі Дифференциация – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?
  • Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
  • Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы Қабілеті жоғары оқушыларға: жасанды жарық көздеріне от жатады ма?Қолдауды қажет ететін оқушыларға: суреттермен жұмыс жүргізу Қалыптастырушы бағалауға арналған дескриптор Ермексаздан жұмыс істегенде гигиеналық ережелерді сақтау.1) Қол сүртетін орамал әкелу.2) Партаға төсеніш төсеу.3) Ермексазбен жұмыс істегенде қолды жылы сабынды сумен жуу керек.

    Сабақ бойынша рефлексия

    — Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма?— Бүгін оқушылар не білді?— Сыныптағы ахуал қандай болды?— Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?— Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?— Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

    Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

    Жалпы баға

    Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?1:

    2:

    Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?1:

    2:

    Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?