Ашық сабақ: Жаныңда жүр жақсы адам. 6
Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады
Ашық сабақ: Жаныңда жүр жақсы адам. 6 — сынып
Бағыты: Өзін-өзі тану Бөлімі: Ашық сабақ Сыныбы: 6 сынып
Сабақ барысы:1.Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi. Жағымды күйге келуҰйымдастыру кезеңi.Тыныштық сәтi:Нұрға бөлену.Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ — қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гул түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек — қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түседі. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басының түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.Нұр бірте — бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып жан — жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей ренжіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, Олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге: Барлық адамдарға, жан — жануарларға өсімдіктерге барлық тірі жанға таралсын…. Ғаламның барлық түпкір — түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: “Мен нұрлымен… Нұр менің ішімде… Мен Нұрмын”.Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз…Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындайәсемқалыптасақтаңыз.Жайменкөзіңіздіашуғаболады.(Жайлы, баяу музыка ойнап тұрады)Сұрақ:-Балалар, қандай сезімде болдыңдар?—Әсерлерің қандай болды?Ой түйіні: Олай болса, ішкі тыныштығымызды сақтайық.
Сабақ барысын талдау, ескертулер
Өзін-өзі тану. Оқулық. 6 сынып. «Бөбек» Алматы, 2010.
Интерактивті тақта
Презентация
PowerPoint
2.Үй тапсырмасын тексеру.«Өтіріктің арты бір-ақ тұтам…» тақырыбында бастан өткен оқиғаны жазып, қандай сабақ алғанын әңгімелеу.Сұрақ:
- Адамды қандай қасиетіне қарап шыншыл дейміз?
- Кез келген істің растығын қалай анықтауға болады?
- «Өтірік өрге баспас, шындық түпте жатпас» дегенді қалай түсінер едіңдер?
Қорытынды:Ендеше, оқушылар, тартысқа түсіп отырған әр мәселенің тоқтамын, төрелігін, байламын шынайы жеткізуге тырысайық!Бейне баян көрсетіледі.
Өзін-өзі тану. Оқулық. 6 сынып. «Бөбек» Алматы, 2010
Интерактивті тақта
Презентация
PowerPoint
3. Жағымды ой-пікір. Дәйексөз.Жақсы адамды көргенде оған теңелу жайында ойла да, ал жаман адамды көргендеөзіңді-өзің зертте.Конфуций.Сұрақ:1.Дәйексөздің мағынасын ашыңдар?Қорытынды: Олай болса оқушылар, адами ізгі қасиеттерді бойымызға жинай отырып, жанымыздағы адамдарға жақсылық жасай білейік.Өзін-өзі тану. Оқулық. 6 сынып. «Бөбек» Алматы, 2010
Интерактивті тақта
Презентация
PowerPoint
4.Әңгiмелеу, оқиға айту (әңгіме)(Мұғалімнің сыйы)Видеоролик бойынша өз ойларын, пікірлерін білдіру.Сұрақ:1.Видеороликтен қандай ой түйдіңіздер?2. Өмір сүрудің мәні неде деп ойлайсыңдар?3. Адамға жүктелген міндеттерге лайықты болу үшін қандай адамгершілік құндылықтар мен қасиеттер қажет?Қорытынды : Өзін үлкен адами тереңдікте сезіне алмаған адам өмірдің қызығын сезіне алмайды.Қ. Мырза Әлі.
Интерактивті тақта
Презентация
PowerPoint
5.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмысТапсырма:«Алғыс айту күні» жәрмеңкесі.Оқушылар А4 қағаздан ашық хат жасап, оған жүрекжарды тілектерін білдіріп, бір-біріне ұсынады.Дәптермен жұмысҚорытынды: Олай болса балалар, айналамыздағы адамдарға мейірімділікпен қарап, барынша жақсы тілектер айтып, қуантуға тырысайық!Өзін-өзі тану жұмыс дәптері.6 сынып. «Бөбек» Алматы, 2010
Интерактивті тақта
Презентация
PowerPoint
6.Топпен ән айту.Музарт — Ақ тілекАйналдым ән сүйер ақ тілектен,Бақытқа балап келген. Жүзіңнен нұрланған тәттілік мұң Біздерге қанат берген. Көздерді көргенде үміт толған Шат көңіл шарқырапты .Жүректе оянып қалыпты арман Ақ қанат ән туады. Қайырмасы: Дабыл қаққан шапалақпен ,Жалындатқан шапағатпен, Баршаңызға бас иеміз Мөлдір шексіз махаббатпен.Еркелеп, еркетем ерке көңіл,Бой бермес қайғы-мұңға.Сіздермен басталып ертегі өмір, Тербейді айдынында.Ән-жырға таласпыз, бәрі құштар,Нұр тұнған көздеріңнен.Біздерде тарқамас сағыныш бар Арналар өздеріңе.
Қорытынды: Бойымызға сүйіспеншілік пен кең пейілділікті, асыл қасиеттерді дарыта отырып, ниетімізді таза сақтайық!Интерактивті тақта
Презентация
PowerPointМузыка7.Үй тапсырмасы.№28-30 тақырып бойынша 108-беттегі О.Бөкейдің «Менің әкем» повесінен үзіндіні оқи отырып, баланың әкеге деген шексіз махаббаты туралы ой толғау, автордың ойын жалғастыру.Интерактивті тақта
Презентация
PowerPoint
8.Соңғы тыныштық сәтi.Сергіту сәт.«Тахистоскоп» тренингіМақсаты: Оқушылардың есте сақтау деңгейлерін жаттықтыруМазмұны: Тренингке қатысушылар бір қатарға сап түзеп тұрады. Қатысушылардың ішінен өз еркімен біреуі есте сақтау деңгейін тексеруге ортаға шығады. Алға шығып, алдында тұрған қатысушылардың орындарын есіне сақтап алуы керек. Есіне сақтап болған соң, артына қарап тұрады. Ол артына қарап тұрған кезде бір қатарда тұрған қалған қатысушылар орындарынан ауысады. Ауысып болған соң, артына қарап тұрған қатысушы кері алдына қарап, сапта тұрған қатысушыларды әрқайсысын өз орындарына орналастыруы қажет. Қатысушылар жаңағы оқушының айту бойынша орындарын ауыстырады, орындарына қойып болған соң, шатастырылған орындардағы адамдар өз орындарына барады. Сол бойынша ортаға шыққан оқушының есте сақтау деңгейі қаншалықты деңгейде екендігі анықталады. Осы ережемен тренинг жалғаса береді.Қорытынды:Көзімізді жұмып, баяу әуен толқынымен сүйіспеншілік пен мейірімділікті үйлестіре отырып, жүрегімізден өткізейік. Енді көздеріңізді ашыңыздар, жұмыстарыңыз үшін рахмет! Сабақ аяқталды.
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.