Ашық сабақ туған өлке

0
Мақсаты: Оқушыларға мейірімділіктің мәнін аша отырып адам бойындағы сүйіспеншілік құндылықтарын ұғындыру. Міндеттері:
  • Өз ортасында әрқашан жан – жағына мейірімділік нұрын шаша білуге тәрбиелеу
  • Жақындарының ішкі сезімдерін түсіне білуге дағдыландыру
  • Мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру.
  • Күтілетін нәтиже:
  • Оқушылар тақырыпты толық түсінеді.
  • Барлығы тақырыпты талдайды, пікірлерін білдіреді, берілген тапсырмаларды орындайды.
  • Оқушылардың барлығы өз бойларына адамгершілік құндылықтарды сіңіреді.
  • Сабақтың типі: Жаңа білімді игеру Сабақтың түрі: Аралас сабақ Әдіс – тәсілдері: Сұрақ – жауап,әңгімелесу, көрнекіліктер көрсету. Қажетті құрал – жабдықтар: Сабақтың барысы:

  • Ұйымдастыру кезеңі
  • ( 7 мин) Оқушылармен амандасу, тәртіпке шақыру, оқушыларды түгендеу.

  • Психологиялық ахуал:
  • 5Т ережесін қайталау Қайырлы таң досымҚайырлы күн болсынЖеті күннің әр кезі сәттілікке толсынБіздің алар бағамыз, кілең бестік болсын!-Оқушылар бүгінгі сабақта мен барлықтарыңа сәттілік тілеймін!

    Өзін –өзі сабағындағы міндетті 5Т ережесін есімізге түсіріп қайталайық!Тәртіп,талап, тазалық, татулық,тыныштық өте жақсы осы талаптарды сақтаумыз керек!

  • Оқушыларды топқа бөліу
  • Оқушылар біз осы талаптарды сақтай отырып топқа бөлініп алсақ!
  • Үстелдің үстінде үш түсті жалау жатыр осы түстердің біреуін таңдап алып, қолдарыңдағы түске байланысты парталарға барып отырыңдар.
  • Топ: Қызыл түс
  • Топ: Сары түс
  • Топ: Ақ түс
  • Ал енді оқушылар біз топқа бөліндік. Енді бізге топтың аты керек мен сендерге суреттер таратамын осы суреттерге қарап тездетіп мағанасын ашып топтың атын табумыз керек.
  • (Оқушылар өздері топтың атын алдын ала дайндалып жасалған күннің, жүректің және гүлдің бетіне маркермен жазады.)Оқушылар өздері топтың атын атап өтеді.

  • Топ: Қызыл түс (Топтың атын берілген жүректің ішіне жазып мағанасын түсіндіреді.)
  • Топ: Сары түс ( Топтың атын гүлдің бетіне жазып мағанасын түсіндіреді)
  • Топ: Ақ түс ( Топтың атын күннің бетіне жазып мағанасын түсіндіреді)
  • Оқушылар өте жақсы барлықтарың адам бойындағы жақсы қасиеттерді аша білген екенсіңдер!
  • Үшінші топ ақ түске отырыпты және олардың алдында күннің суреті тұр екен балалар! Ақ түс нені білдіреді? Күнді біз неге теңейміз балалар ?

  • Өте дұрыс айтасыңдар ақ түс бізде адалдық, тазалық, болса күнді біз мейірімді анамызға теңейміз екен! Күннен біз әрқашан жылылық, шуақ,мейірім алады екенбіз!
  • Ендеше біздің бүгінгі сабағымызда адам бойындағы асыл қасиеттің бірі адамгершілік, адамгершілікпен қатар жүретін мейірімділік қайырымдылық тура ой өрбітіп әңгіме қозғаймыз балалар!
  • Сабақтың тақырыбы Мейірімділік — асыл қасиет
  • Сабағымызды бастайық!
  • Үй
  • тапсырмасы:(5 мин) Оқушылар сендерге үйге Абай атамыздың 14 қара сөзін оқып мағанасын талдауға берген едім.Абайдың 14- қара сөзін оқушыларға тыңдатып мағанасын талдау.Топтармен сұрақ – жауап алмасу.

  • Тыныштық сәті
  • «Нұрға бөлену» (2мин)

    Балалар көздерін жұмады. Аспанда күн күлімдеп сендерге жылулығын төгіп тұр.Сендердің жүректерің — сендердің кішкене жарқыраған күндерің. Ол да күн сияқты жылытады, жылыуын айналасына шуағын шашады. Сендер кішкентай жүректеріңе күннен жылылық, мейірімділік, тазалық, қамқорлық, адалдық сезімдерін толтырып жинап алдыңдар. Ал енді өздеріңнің жақсылықтарыңмен басқа адамдармен бөлісесіңдер. Ал, кәне жақсылық сезімдерімізді өздеріміздің әке-шешемізге, аға-әпкелерімізге, өздеріміздің достарымызға, барлық адамзатқа, келген қонақтарға,  маған және өзіміздің кішкене ғана әдемі жер шарымызға, бәріне-бәріне жіберейік, жақсылық тілейік.-Ал, енді көздеріңді ашыңдар, жымиыңдар және осы сезімдеріңді, қуаныштарыңды күні бойы сақтауға тырысыңдар.

  • Оқушылардан алған әсерлерін сұрау.
  • Дәйексөз
  • Жағымды ой пікір(3 мин) Мейірімділік, махаббат,қайырымдылық, адалдық, секілді қасиеттер тек ақ жүректен шығады. Шәкәрім ҚұдайбердиевДәйексөздің мағанасы ашу. Хормен айту. Дәптерге жазу.Барлық нәрсенің дүниеге келіуі үлкен мейірім мен шапағаттан пайда болады. Сондықтан адамдарға айналаңа мейірімді болуға, жақсылық жасауға жетелейді.

  • Мұғалім сыйы
  • Әңгімелесу(4мин) Оқушыларға сабақтың тақырыбына байланысты «Мейірімділік» туралы бейне жазба көрсетіледі.Оқушылармен бейне жазба бойынша сұрақ – жауап алмасып талдау.

  • Шығармашылық жұмыс.
  • (14 мин)

    1- Топқа: Мейірімділік үйін тұрғызу. Мейірімділік үйінің есігіне, терезесіне мейірімділік туралы сөздержазу.Отбасы қайткенде мейірімді бауырмал болатынын жазып түсіндіру.2Топқа: «Мейірімділікті анадан үйрен» сөзінің мағанасын түсіндіріп талдау.3-Топқа : Мейірімділік тақырыбында сахналық көрініс.

    9.Сабақтың қорытындылау(4мин)
  • Менің қолымда күн тұр.Бірақ күннің бетін бұлт басып тұр екен.Сендер саұрақтарға жауап берсеңдер күніміз жадырап айналасына шуағын шашар еді!
  • Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып сабақты қортындылайды.

  • Жарайсыңдар балалар! Бүгінгі сабағымыз соңына жетті. Бүгінгі сабақта алған жақсы қасиеттерді жүректеріңнің түкпіріне сақтап алаңдар!
  • Сау болыңдар!
  • 10.Үй тапсырмасы:(1 мин)
  • Оқушылар үйден «Мейірімді жүрек» тақырыбында шығарма жазып келіңдер!