Ашық сабақ Тригонометрия элементтері

0

Сабақтың тақырыбы: Тригонометрия элементтері.

Пәні : Алгебра                Сыныбы: 9ә сынып

І.Сабақтың  тақырыбы:  Тригонометрия элементтері.

  ІІ. Сабақтың  мақсаты: 

  1. Білімділік: Тригонометрия элементтері тарауы бойынша алынған білімді тиянақтау, қорытындылау.

 

  1. Дамытушылық: Тригонометриялық

 формулаларды пайдаланып, берілген есептерді әр

түрлі тәсілдермен шығару, оларды

есептер шығаруда  тиімді   қолдану және

формулаларды ажырата білу.

 

 

3.Тәрбиелік: Сабақ барысында әр түрлі деңгейлік тапсырмалар орындау арқылы оқушыларды ұқыптылыққа, нақтылыққа, шапшаңдыққа және өзін-өзі бағалауға тәрбиелеу.

 

 

 ІІІ.Көрнекті құралдар және ТСО: интерактивті тақта, компьютер, тест тапсырмалары, деңгейлік тапсырмалар жазылған кеспелер.

 

Мұғалімнің іс –

әрекетінің формасы мен әдістері

 

Сабақтың мазмұны (барысы)

  Оқушының

іс — әрекеті

 

Сәлемдесу, оқушылардың  сабаққа  қатысуына, даярлығына, формасына  назар  аудару. 1. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин.):

Оқушылардың сабаққа дайындығын, қатысуын тексеру. Сабақтың мақсатын жариялау.

 

Оқулық, дәптер, күнделікті және үй тапсырмаларын даярлау
Өткен сабақты сұрақ-жауап арқылы тексеру 2.Өткен сабақты қайталау:

1. Үй тапсырмасын тексеру, бағалау (3 мин.)

2. Өтілген тақырыптар бойынша пысықтау сұрақтарына жауап алу (10 мин)

1) Радиан дегеніміз не ?

2) Тригонометриялық функциялар дегеніміз не?

3) Тригонометриялық функциялардың ұқсастықтары мен айырмашылығы қандай ?

4) Тақ функция дегеніміз не ?. Мысал келтір.

5) Жұп функция дегеніміз не ?. Мысал келтір.

6) Қандай жағдайда берілген функция жалпы жағдайдағы деп аталады.

7) Тригонометриялық функциялардың таңбаларын қалай анықтадық ?

8) Ширек дегеніміз не ?

 

Өткен материалдарды еске түсіруде, білімділік таныту,өз ойларын, пікірлерін айту.

 

 

 

 

Жүктеу