Ашық сабақ «Тіл әдебиет бірлігі» 11 сынып
Ашық сабақ «Тіл әдебиет бірлігі» 11 сынып
Автор: Ауезова Сауле Абдірахман
Бағыты: Қазақ тілі Бөлімі: Ашық сабақ Сыныбы: 11 сынып
Жарияланған уақыты: 2019-01-30
Материал туралы қысқаша түсінік
қазақ тілі мұғалімдеріне
«Алғырлар» тобы1. «Көзқарас» күрделі сөздің қай түріне жатады? (Біріккен сөз)2. Көсемше қалай жасалады? (-а, -е, -й, -ып,- п, -ғалы,- гелі қалы,-келі) 3. Жалғаудың түрлерін ата? (көптік, септік, жіктік, тәуелдік)4. Екпін түрлерін ата? (Ой екпіні, тіркес екпіні, сөз екпіні, дыбыс екпіні)5. «Ұстаз» сөзін жіктеңіз6. Қандай? Қай? Қанша? Неше? деген қай сөйлем мүшесінің сұрақтары? (Анықтауыш)7. Дыбыс үндестігінің түрлерін ата? (ілгерінді, кейінді)8. Белгілі бір жердегі(аймақ, облыс, аудан) тұрғындарының сөйлеу тілінде ғана қолданатын сөздер (Диалектизм) 9. Жай сөйлем түрлерін ата? (жақты, жақсыз, жалаң, жайылма, толымды, толымсыз, атаулы) 10. Буын дегеніміз не және оның түрлерін ата. (Буын – сөзді айтқан кездегі дауыс толқыны ашық, тұйық, бітеу) ІІ. «Кейіпкерлер әлемі» Білікті білім жинап кәсіп етер, Білімнің дәмін татып, өсіп өнер. Білдірер білім елге білім сырын, Біліксіз білімді аттап, бөсіп өтер, – деп Ахмет Йүгінеки айтқандай бұл кезеңде әдебиет пәні бойынша білімімізді көрсетеміз. Бұл кезеңде біз өзіміз оқыған шығармалардан кейіпкердің сөздерінен үзінді беріледі. Шығарманың аты мен сол кейіпкерді табасыздар. Ұпай саны -10ұпайдан.1. «Биыл оның жасы он үшке толған еді. Денесі де бір аралық кейіпте. Бойы өскен. Қол-аяғы ұзарған. Бұрын мұрны шолақтау болушы еді, биыл біраз ұзарып қалыпты. Бет бейнесі баладан гөрі ірілеңкіреп, бала-бозбаланың қалпына бейімделген. Бірақ әлі сол мүсінде, үлкендік жоқ.» Кімнің, қандай шығармасындағы қандай кейіпкердің портреті? (М. Әуезов «Абай жолы» романы. Абайдың портреті)2. «-Шу өзенінің бойымен жүре берсеңіз, Хан және Жамбыл деген екі атауға кез боласыз. Менің әкем Жапа бір кезде осы тауларды көшіп-қонып жүрген.» Жамбыл тауының етегінде, қақаған қыстың боранды күнінде туыппын.Қай ақынның сөзі? (Ж.Жабаев «Менің өмірім»)3. «-Алдымда неше қатар тұрса да оқ, Тартынып бұл сапардан қалуым жоқ. Сұлуын дүниенің жисаң-дағы, Бір жарымдай болмайды көңілім тоқ»Үзінді қай жырдан, кімнің сөзі? (Қозы Көрпеш – Баян сұлу. Айбас сері)4.«- Атам маған кітаптағы араб әріптерін көрсете бастайды. Айтуға бір оңайы болса игі, бірінен-бірі өткен қиын. Бұл кітап – Абай өлеңдерінің жинағы. Абаймен дос болған әрі ақын талантына таңырқап ден қоюмен өткен Әуез оның өлеңдерін кітап қып көшіріп алады да, бізге сол арқылы қара танытпақ болады.»Кімнің сөзі? (Мұхтар Әуезов «Менің өмірбаяным»)5. .«- Уәзірлерім! Сендер қырқың да асып туған ақылды, данышпан едіңдер. Мен сендерді бір жұмысқа жұмсаймын, сендер маған дүниедегі адамның жаманын, құстың жаманын және шөптің жаманын тауып әкеліңдер…» Қай ертегідегі кімнің сөзі? «Аяз би» ертегісі . Мадан хан6 –Балам-ау, сен іздесең кез келейін, Сені құдай берген соң неге өлейін? Сен бетпақтан шөлдетпей алып өтсең, Қалың малсыз, борышсыз қыз берейін. Үзінді қай жырдан, кімнің сөзі? (Қозы Көрпеш – Баян сұлу. Қарабай сөзі)7. «Абай жолы» романының авторы кім? (Мұхтар Әуезов)8. Көзін ауылға келгесін екі күннен кейін ашты. Түн баласында Құрмаш қасына алып жатады. Қандай шығарма, авторын атаңыз («Көксерек» Мұхтар Әуезов) ІҮ.Келесі кезеңіміз «Сөз тапқанға қолқа жоқ» кезеңіне де жеттік, бұл кезеңде ортаға ситуациялық сұрақтар яғни жағдаяттар беріледі. Бір топ ақтаса, екінші топ жақтайды. Бұл жерде сіздердің ой-пікірлеріңізді білеміз. Кезеңнің аты айтып тұрған—дай өз ойларыңызды қаншалықты дәрежеде ашып жеткізе отырып, шешендіктеріңіз—ді көрсете аласыздар. Ұпай саны 10 ұпайдан.Бірінші жағдаят. Сабақ үстінде оқушы партаға жазу жазып отырды. Мұғалім оған ескерту жаса-ды, бірақ оқушы жазуын бұдан кейін де жалғастыра берді. Оқушы мәдениеті туралы не айтуға болады? Әр топ өз көзқарастырын қорғайды. Даттаушы топ (Білгірлер): Оқушының сабақ үстінде партаға жазуы дұрыс емес, қоғам мүлкін бүлдіруге болмайды, бұл оқушы мәдениетінің төмендігін көрсетеді. Ақтаушы топ (Алғырлар): Оқушының сабаққа қызығушылығы жоқ, мұғалімнің сабақ әдісі оған ұнамайды, сондықтан ол осындай іспен шұғылданды. Екінші жағдаят. Оқушы анасынан би кешіне баруға рұқсат сұрады. Ол бұл жайында достарымен уәделесіп қойған болатын. Анасы баласына рұқсат бермеді. Ана мен бала арасында ренжісу, сөз алысу болды. Оқушы мәдениеті жайында не айтуға болады? Әр топ өз көзқарасын қорғайды. Ақтаушы топ (Білгірлер): Оқушы достарымен уәделесіп қойған, егер ол уәдесін орындамаса, достар арасында бір-біріне сенімсіздік туады, оқушы анасымен сол үшін сөзге келді. Даттаушы топ (Алғырлар): Оқушы анасының айтқаның істеу керек, анасымен сөз алысуы дұрыс емес, ана баласына ешқашан зиян ойламайды, бұл тәрбиесіздік мәдениетсіздікті көрсетеді. ІҮ. «Зерек болсаң, зерделе» Бұл жерде суретке қарап мақал-мәтел құрастыру Осымен сайысымыздың төрт кезеңі де аяқталды. Болмасын ешбір сын – өкпе, Әсері қалды жүректе. Қазылар берген бағалар, Ұштассын айтар тілекке! «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» демекші бүгінгі сайысымызды таразылап, әділ бағасын береді деген оймен келесі сөзді әділқазылар алқасына береміз. Демеңіз біз өнерді аяп қалды, Уақыт біраз жерге таяп қалды. Көріскенше қош сау болып тұрыңыздар, Осыменен сайысымыз аяқталды!
«Болашақ» жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 10.11.2017жылы 10«Ә» сынып арасында «Тәуелсіздік- таусылмас жыр- дастаным» атты мүшайра өткізгені жайлы
Мәлімет Ел Тәуелсіздігінің 26 жылдығына орай елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көрсетілген басым бағыттарды жүзеге асыру мақсатында жастар арасында ақындар айтысы өткізілді. Онда талантты оқушыларға заң шеңберінде қолдау көрсетіп, ақындық қабілетіне жағдай жасау. 10«Ә» сынып оқушылыры арасында өткізілді. Мұнда: Сейдазым Азамат, Казибаева Сағира, Сапаралиев Заурбек, Көрпебай Перизат Өлеңдерінің ұйқасы, ойының дәлдігі арқылы жырында ел- жер тарихы, тәуелсіздік құдіреті жыр тілімен жеткізе біліп, сынып арасында ерекшеленіп тұрды.
Материалды сайттан тегін жүктеу
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.