Ашық сабақ технолгия, әшекейлі ағаш беттеріне өң беру, күйдіру әдістері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға әшекейлі ағаш беттеріне өң беру және күйдіру әдістері жайлы мағлұмат беру.
Дамытушылық: Пирография техникасы туралы оқушылардың ой – өрісін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды шеберлікке, ұқыптылыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас.
Сабақтың әдісі: Баяндау, сарамандық.
Сабақтың көрнекілігі: Электр күйдіргіш құрал, оқулық, ағаштан жасалған бұйымдар.
Пәнаралық байланыс: Физика, биология, сызу, сурет.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
Класқа кіру, оқушылармен сәлемдесу, сабаққа дайындықтарын тексеру, кезекші арқылы оқушыларды түгендеу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Құрастыру арқылы бұйымдар жасау.
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Ағашты күйдіріп әрлендіруді кейінірек пирография деп атады, өйткені ол кезде ағашты бұлай өңдеу әлі кеңінен тарай қойған жоқ еді. Күйдіруге арналған аппараттар жетілдірмеген болатын. Бензинді қолдана отырып, соның көмегімен платина ине қыздырылатын. Иненің қыздырылуын бәсеңдетпеу үшін шебер бензинді ауық — ауық аяқ басқышпен үрлеп тұруға мәжбүр болды. Алайда техникалық қиындықтарға қарамастан, пирпграфия дамуын жалғастыра берді.
Электр күйдіргішті ойлап тапқаннан кейін пирография ағашты көркемдем өңдеудің ең қарапайым әрі ыңғайлы әдісіне айналды. Оны сондай — ақ былғары, сүйек, қатырма қағаз т. б. материалдарды өңдеуге қолданды.
Қарапайым электр күйдіргіш бәсеңдегіш трансформатордан, реостаттан, тұтқадан және штифт деп аталатын ауыспалы қыздыру жібінен тұрады. Реостаттың орнына (ЛАТР) қолданған жақсы. Ол жұмыс істеуге қолайлы және әр түрлі өңді – ашық сарыдан қара қоңыр түске дейін күйдіруге мүмкіндік береді.
Күйдіруге жұмсақ жапырақты ағаштарды – көк терек, жөке, қандыағаш, теректі қолдану тиімді.
Егер күрделі суретті күйдіріп салу керек болса, оны көшірме қағаздың көмегімен ағашқа түсіреді. Оюды әдетте алдын ала жасалған суретсіз, мәнерлі таңбалы штифтермен орындайды (76 — сурет).
Сынау тақтайшасындағы күйіктің қажетті үндестігін тапқаннан кейін, бұйымдағы оюды тікелей күйдіруге кіріседі (77 — суретке қараңдар). Алдымен неғұрлым ірі элементтерді күйдіреді. Содан кейін штифтті ұсақтауларына ауыстыру керек. Ең соңғы аяқтау кезеңінде нүктелерді жүргізеді.
Электр күйдіргішпен жұмыс істегенде, техника қауіпсіздік ережесін ұмытпау керек. Қосылған аппаратты қараусыз қалдыруға болмайды. Штифттерді аппарат токтан шығарылғаннан кейін ғана ауыстырады. Жұмысты жақсы желдетілген жерде істеу керек.
Күйдірілген суретті бояуға болады. Ол үшін акварель, гуащь, майлы бояулар, темпер, тушь, анилин бояуларын қолданады. Ағаш бұйымдарды әшекейлегенде, күйдірген жерді тым көбейте бермеу керек. Сурет ықшамды әрі ұстамды болуы тиіс.
ІҮ. Сарамандық жұмыс.
Электрмен күйдіру әдістерін орындау. Ағаш бетіне өрнек түсіру.
Ү. Қорытынды, бекіту сұрақтары:
1. Ағашты күйдіру әдістері қандай?
2. Нәзік әшекей қапсырмалы ойма әшекейден несімен ерекшеленеді?
3. Ағашқа кесік із түсірудің негізгі талаптары?
ҮІ. Үйге тапсырма беру: