Ашық сабақ Ш.Құдайбердіұлы «Жастарға» өлеңі

0







Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады




Ашық сабақ Ш.Құдайбердіұлы «Жастарға» өлеңі

Автор: Әлішбаева Гүлмира Дабылқызы

Бағыты: Қазақ әдебиеті Бөлімі: Ашық сабақ Сыныбы: 8 сынып

Жарияланған уақыты: 2019-01-20


Материал туралы қысқаша түсінік

Бұл материал ұстаздарға жаңартылған білім мазмұны бойынша қысқа мерзімді сабақ жоспарын дайындау үшін әдістемелік көмек ретінде пайдасы бар.




Қысқа мерзімді жоспар

Күні : 14.12.18ж Мұғалім: Әлішбаева Г.Д.
Сынып 8 Қатысқан оқушылар саны: Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы Ш.Құдайбердіұлы «Жастарға» өлеңі
Сабақ мақсаты 18.А/И1. Әдеби шығарманың композициясы. Композицияны тұтастан бөлшекке, бөлшектен тұтасқа қарай талдау.
Оқу мақсаты
Құндылықтарды игерту: Ұлттық бірлік, қоғамымыздағы бейбітшілік пен келісімЗайырлы қоғам және жоғары рухтандырушылық
Бағалау критерийлері: Өлеңнің мазмұны мен идеясын біледі, көтерілген мәселені анықтайды; Өлеңді құрылысына талдайды, салыстырады; Көркемдегіш құралдарды табады,өмірмен байланыстырып өз көзқарасын білдіре алады
Тілдік мақсаттар: Сөздік қор мен терминдер:көркемдегіш құралдар,теңеу, эпитет,поэма, өлең, тармақ, бунақ, шумақ,ұйқас т.б.Талқылауға арналған сұрақтар: 1.Өлең не үшін жастарға деп аталған?2..Шәкәрімнің Абайды үлгі алуға шақыруының мәні не деп ойлайсыңдар? (өлең жолы арқылы мысал келтір)3. Ақын қандай жаман әдеттерден аулақ болуды үндейді?(өлең жолы арқылы мысал келтір)4.Ақын өлеңінде кімге сенім артады? Бүгінгі жастарға көзқарасың қандай?.
Пән аралық байланыс Музыка, өзін-өзі тану
Осыған дейін меңгерілген білім «Ш.Құдайбердіұлы-сегіз қырлы»
Жоспар
Жоспарланатын уақыт Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер Дереккөздер
Сабақтың басы5 мин Психологиялық ахуал орнатуТеңге арқылы 4 топқа бөлу1-топ 10 теңге2-топ 20 теңге3-топ 50 теңге4- топ 100 теңгеБілу. «Шапалақ» әдісі.1.Шәкәрімнің шын аты –Шахкәрім2.Шәкәрім шығармалары: «Еңлік-Кебек», «Батыр Баян», «Адамдық борышың», «Қалқаман-Мамыр». 3.Шәкәрім өлеңдері: «Жастарға», «Әсемпаз болма әрнеге», «Насихат», «Арман». 4.Шәкәрім бұл қалада болды: Мекке, Париж, Стамбул. 5.Шәкәрім жетік білді: орыс тілін, түрік тілін, араб тілін, ағылшын тілін. 6. Шәкәрім әндері: «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек», «Көзімнің қарасы», «Анадан алғаш туғанымда», «Жастық туралы». 7.Ақынның баласы Ахат Ол 1961 жылы әкесінің сүйегін құр құдықтан қазып алды.8. Ақын 1988 жылы толық ақталды, қай жылы қайтыс болды?9. «Жастарға» туралы өлеңі қай жылы шыққан?ҚБ мадақтау Теңгенің суреттері
Сабақтың ортасы5 минут

7минут

7+10 минут

Түсіну. Проблемалық сұрақ. «Еркін микрофон»әдісіҚазақ жастары өз замандастары туралы не айтады?» бейнеролик «Жастар- біздің болашағымыз» дегенді қалай түсінесіңіздер?ҚБ мадақтауТалқылауға арналған сұрақтар1-топ.Өлең не үшін жастарға деп аталған?2- топ.Шәкәрімнің Абайды үлгі алуға шақыруының мәні не деп ойлайсыңдар?(өлең жолы арқылы мысал келтір)3-топ. Ақын қандай жаман әдеттерден аулақ болуды үндейді?(өлең жолы арқылы мысал келтір)4-топ. Ақын өлеңінде кімге сенім артады? Бүгінгі жастарға көзқарасың қандай?.ҚБ мадақтау,Қолдану,талдау.Өлең құрылысына талдау жасайды.1.Авторы: Ш. Құдайбердіұлы2. Тақырыбы: «Жастарға» өлеңі — Шәкәрімнің ағартушылық. нысанасын жария еткен өлеңі3. Жанр түрі: поэзия (өлең)4. Идеясы: Абай көрсеткен адам болу, азамат болу. Ол өз ортасынан білімді әрі ойшыл ақын, парасатты әділ жан деп Абайды ғана таниды. Содан үйренді, өзіне үлгі етті. Жастарды адалдықты сүюге, арамдық қулықтан қашуға, үлкеннің ақылын тыңдауға шақырды.5. Өлең —- шумақтан тұрады.6. Өлең тармақтан тұрады.7. —- бунақтан тұрады.8. —- буыннан тұрады9. ұйқас түрі-Көркемдегіш құралдар9. Теңеу — затты басқамен салыстырып айту.Күнде күйлей бермелік ( уақытты босқа өткізбеу)Эпитет — құбылысты, затты бейнелеп айту үшін қолданылатын сөздер. ( арам айла, өшпес өмір)10. Өлеңнің негізгі түйіні, тәрбиелік мәні. Зұлымдықтан, жамандықтан, әділетсіздік пен қиянат жасаудан аулақ болуға шақырады, халықтың мүддесін қорғай білуі болашақ ұрпағына деген көрсетер үлкен тәрбие екенін аңғарамыз.ҚБ 1-топ« Венн диаграммасы». ҚБ

2-топ «Қабырғадағы рөл» әдісі ҚБ

3-топ«Суретпен жұмыс» Бүгінгі жастар бейнесіҚБ 4- топ «Веер» әдісі» ҚБ

Интертақтамикрофон

Қима қағаздарПлепчартТүрлі-түсті карандаштар

Суреттер

Веер суреті

Сабақтың соңы

3 минут3 минут

Қазақтың өлеңінің пірі болған,Халқының сөзін айтар ұлы болған.Абайдың аманат қып беріп кеткен.Шәкәрім түсірмеген туын қолдан(С. Мәуленов)«Ауцион» әдісі Кері байланыс «Аукцион» әдісіБес саусақ» әдісі.Парақшадағы сұрақтарға жауап жазыңыз.Бас бармақ- басты мәселе.Бүгінгі сабақта ең құнды нәрсе не болды?Балаң үйрек- бірлесу. Мен топта қалай жұмыс жасадым? Кімге көмек бердім?Ортан терек – ойлану. Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым?Шылдыр шүмек- шынайылық. Сабақ маған ұнады ма?Неліктен?Кішкентай бөбек- көңіл күй ахуалы. Мен өзімді сабақта қалай сезіндім?Үйге тапсырма. Бұл өлеңдегі көтерілген мәселелер бүгінде өзекті  ме?» эссе жазу

Бес саусақсурет







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.