Ашық сабақ Қатпарланған (гофре) қатырма қағаздан жануар бейнесін құрастыру 4 сынып

0
Сабақтың тақырыбы: Қатпарланған (гофре) қатырма қағаздан жануар бейнесін құрастыру Мектеп: М.Әуезов атындағы №96 жалпы орта мектебі.

Пәні: Еңбекке баулу

Күні: 04.10.2018ж. Мұғалім: Кураева Л.М. Сынып: 4 «А» Қатысқан: 25 Қатыспағандар: 0 Сабақта меңгерілетіндағдылық мақсаттар Жаңа білім мазмұнымен танысады. Оқулықта берілген тапсырмаларды орындайды.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар білуге тиісті:Өз бетімен бұйымдарды жасай алады. Оқушылардың көпшілігі білуге тиіс:Тақырып мазмұнын түсінуі тиіс Кейбір оқушылар білуге тиіс:Оқулықтағы тапсырмаларды өз бетінше орындауды Бұрыннан бар білімдері Өткен сабаққа байланысты сұрақтарға жауап береді. Құндылықтарды дарыту -Рухани жаңғыру,құрмет,ынтымақтастық, өмір бойы білім алу құндылықтарын қалыптастыру. Пәнаралық байланыстар Дүниетану, математика Жоспар Жоспарланғануақыттар Жоспарланған уақыт (жаттығулар) Ресурстар Басталуы Ұйымдастыру кезеңіШирату жаттығуларын ұйымдастыру.Шаттық шеңберге тұрып , бүгінгі сабақта бір-біріне жылы лебіздер тілейді. «Мозайка» арқылы топқа біріктіру.Топ басшы сайлау.Топ ережесін құру.

Тақтаға үш кірпінің суретін ілу.Әр тапсырма сайын жауап берген топ мүшелеріне алма беру.(Алмаларды кірпіге жапсыру арқылы ұпайлар жинау)

Еңбекке баулу сабағындағы қауіпсіздік ережелерін еске түсіру.

Таныстырылым, суреттер.(балапан,піл,мысық)

Кірпі, алма суреттері

Ортасы Сұрақтармен жұмыс:1.Еңбек дегеніміз не? Еңбек деген кезде көз алдымызға нені елестетеміз?

2.Еңбек туралы қандай мақал-мәтелдер білеміз?Үй тапсырмасымен жұмыс:Ою-өрнектер және ою-өрнек түрлері туралы сұрау және жұмыстарын көріп шығу.Үй тапсырмасын «Өрмекшінің жібі» тәсілі бойынша қорытындылау.

Жаңа сабақЖұмбақ жасыру:Сансыз ойлар бетінде, Сайрап жатыр бар тілде.Қажетпін мен әр күнде,Өшпейді бір әрпім де. (қағаз)

Қағаз туралы сұрау.Қағаздың түрлері туралы айту.Қағаздың өндірілуі туралы айту.

(Бейнетаспадан) Қатпарланған (гофре) қатырма қағаздан жасалған дайын жұмыстарды тамашалау.

Топтық, жұптық жұмыс жүргізу.Сарамандық жұмыс:

«Конверттегі сұрақ» әдісі бойынша топтарға тапсырмалар беру.

1-тапсырма:Электронды почта арқылы жіберілген тапсырманы мұқият тамашалап орында.

2-тапсырма:Оқулықта берілген қатпарланған (гофре) қатырма қағаздан жасалған піл бейнесін дайында.

3-тапсырма:Өздеріңнің ойларыңнан құрастырып мысық бейнесін дайындап көріңдер.

Берілген тапсырмаларды жұптасып орындау.Орындаған жұмыстарын түсіндіру.

Оқулық, суреттер.

Ою-өрнектер,өрмекші,жіп.

3-конверт сұрақтарымен

Сергіту сәті «Көңілді күн»(Бейнетаспада көрсетілген қимылдарды орындау) Сабақтың соңы Әр топ өздерінің жасаған жануарларына байланысты қызықты деректер айту. Үйге тапсырма: Қатпарланған қатырма қағаздан жануар бейнесін құрастыру Дифференциациялау оқушыларға мейлінше қолдаукөрсетуді қалай жоспарлайсыз?Қабілетті оқушыға тапсырманықалайша түрлендіресіз?

1.Кірпінің үстіндегі алмаларды санап, жиналған алма сандарына қарап жеңімпаз топты жариялау.

2.Әр топ басшысы өзінің тобындағы топ мүшелерін бағалайды

Кірпілер,алмалар суреттері

РефлексияСабақтың мақсатымен оқу міндеттеріанық па?Бүгін оқушылар неүйренді?Сабақ қалай өтті,қандай деңгейдеөтті? Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз. Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз? Дифференциялаужоспарым жүзегеасты ма?Тапсырмаларысәйкес болды ма?Уақыт дәлдігі қалайболды? Жоспарымақандай өзгерістеренгіздім? «Менің көңіл-күйім баспалдағы» Оқушылар стикерлерге өз есімдерін жазып (немесе смайликтің суретін салып) тақтада салынған баспалдақтардың біріне жабыстырады. Баспалдақтар «Керемет!», «Өзіме сенімдімін!», «Жақсы», «Жаман емес», «Маған көмек керек!», «Білмеймін», «Нашар» деп аталады. Қорытынды бағамдау