Ашық сабақ мен және табиғат. Ее дыбысы мен әрпі

0
252



Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады

Ашық сабақ мен және табиғат. Ее дыбысы мен әрпі

Бағыты: Бастауыш сынып Бөлімі: Ашық сабақ Сыныбы: 1 сынып

Материал 1 сыныпқа арналған. Бұл материалды 1 сыныпқа сабақ беретін ұстаздар пайдалана алады. Бұл ашық сабақта Ее дыбысы мен әрпі тақырыбына ашық тоқталған.

Күні:11.12.18ж
Сынып: 1 Б
Мұғалімі: Саимова Р.
Кабинет: 13

Сабақтың тақырыбы
Мен және табиғат. Е дыбысы мен әрпі.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
1.2.1.2 Оқудың түрлерін (буындапоқу,жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу) қолдану1.3.5.1 Тақырыпқа байланысты керекті сөздер, сызба, сурет,белгілер қолдана отырып, жай сөйлемдер/мәтін құрастыру,жазу1.2.5.1 Мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя білу немесе қойылған сұраққа жауап беру(мұғалім көмегімен)1.1.8.1 Берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айту1.3.11.1 Сөйлемді бас әріптен бастап жазып,сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қою

Сабақтың мақсаттары
Барлық оқушылар:Буындап және жиі кездесетін сөздерді тұтас оқиды.Көптеген оқушылар:Сызба белгілерді қолданып, жай сөйлемдерқұрады.Кейбір оқушылар:Берілген сурет мазмұны бойынша ертегі құрайды.

Жетістік критерийлері
Оқу түрлерін қолданады.Сызба, сюжетті суреттер арқылысөйлемдерқұрастырады.Сөйлемді бас әріптен бастап жазады.

Құндылықтарды дарыту
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс
Өнер, дүниетану сабағы

АКТ қолдану дағдылары
Видеожазба , таныстырылым.

Тілдік құзыреттілік
Е дыбысы мен әрпі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар

Сабақтың басы
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
6 минут
1. Психологиялық ахуал орнату:
Шаттық шеңбері.
Аққу болып ұшамыз
Көлге келiп қонамыз
Көлдiң бетiн құшамыз
Қайта самғап ұшамыз.– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылыжүректің жылуын сезініп үйренейікші,қандай тамаша, қандай қуаныш!
Топқа бөлу: Мазайкалар арқылы топқа бөлемін.
Есік, бесік, ешкі, елік топтары болып бөлінеді.
(Ұ)Алфавиттік жұмбақ шешу: Есікте бар, тұтқада жоқ, Етікте бар, пимада жоқ. Ол не?-Дұрыс айтасыңдар. Ендеше бүгінгі сабағымызда Ее дыбысы мен әрпі тақырыбын ары қарай жалғастырып, білімді толықтырамыз.(МК), (Ұ)Доп лақтыруойыны: Өткенді пысықтау. – Ее дыбысы қандай дыбыс?-Дыбыс пен әріптің айырмашылығы неде?-Ее дыбысы қандай сөздерде жазылады?- Ашылып, жабылады,Әр үйден табылады.(Есік);Басында екі таяғы бар,Төрт аяғы бар,Сегіз тұяғы бар,Иегінде сақалы бар.(Ешкі); Кезікті бір жануар,Үстінде екі тауы бар (Түйе).

Шаттық шебері

Сабақтың ортасы
8 минут

№1 Мақалды түсініп оқы.
Ер қанаты – ат.
Мақалдың мазмұнын бір-біріңе түсіндіріп көр. Қазағымызда жеті қазына деген киелі заттар бар. Олар жүйрік ат; қыран бүркіт; құмай тазы; берен мылтық; қанды ауыз қақпан; майланғыш ау; өткір кездік.
№2 Сызбаның көмегімен Есеннің не істегенін болжа.

Таныстырылым, оқулықпен жұмыс

Сергіту сәті
1 минут
Орнымыздан тұрамыз,
Алақанды ұрамыз.
Бір отырып, бір тұрып,
Бір серпіліп қаламыз.

Сергіту сәтіне арналған жинақ

Қызықты тапсырма
8 минут

Аяқталуы

10 минут

№3 Төмендегі жауаптарды қандай сұрақтар қою арқылы алуға болады?
-Ерлан.
-Алтыда.
-Ақылды.
№4 Сурет мазмұны бойынша ертегі құрастырып көріңдер. Ертегіні Ерте,ерте,ертеде сөздерімен бастауды ұмытпаңдар.

Оқулық, дәптерлер.

Сабақтың соңы
2 минут

Рефлексия

Смайликтер

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?
Оқушылардың меңгеру деңгейін тапсырма және сұрақ – жауаптар арқылы тексеремін.
Пәнаралық байланыс
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы АКТ Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Қолдау көрсету.
Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)

Өнер, ана тілі сабағы
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Тараз қаласы №59 орта мектеп

Мұғалім: Саимова Р.А.
Сыныбы: 1 Б

2018-2019 оқу жылы


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.