Ашық сабақ «Мәтін деген не?» 3 сынып

0
Пәні: қазақ тілі Тақырыбы: Мәтін деген не? Сыныбы: 3 «Ә» Күні: Мақсаты: 1.Мәтін туралы түсінік беру, алған білімдерін жинақтау, кеңейту, мәтін түрлерін ажырату.2.Шығармашылық қабілеттерін, сөздік қорын, ой –өрісін дамыту. Көркем шығарманы оқу барысында мәтін түрлері мен бөліктерін білу, өз ойын жеткізу барысында мәтін түрлерін қолдану.3. Көркем жазуға, сауаттылыққа, білімділікке, өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу. Міндеттері:
  • Өзін-өзі реттеу арқылы білімдерін жетілдіру, алға қойған мақсатқа жету.
  • Өткен сабақтан алған білімдерін толықтыру.
  • Оқушының білімдеріне сүйене отырып, тақырыпты толықтыру.
  • Күтілетін нәтиже: Өздігінен тапсырманы орындайды, шығармашылық қабілеттері артады. Бірлесе ой тұжырымдайды, деңгейлік сұрақтар қоя біледі, өз ойларын өзгелермен бөлісе алады. Қолданылатын модульдер: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, СТО, АКТ Ресурстар: АКТ, Сабақтың барысы: Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Ұйымдастыру кезеңі Балаларды топқа бөліп отырғызуОқушыларға ( ) сөздері жазылған стикерлер таратылады.Әр топ жетекшілері тағайындалады. Оқушылар топқа білінеді.Әр топ топтың аты мен ұранын таныстырады. Психологиялық ахуал

    Балалар келген қонақтармен бұрылып, амандасады.Мейірімді жүрекпен,Ақ пейілді тілекпен.Амандасып алайық, Бір жадырап қалайық!

  • Сабақты бастамас бұрын мына қолымдағы күн көздеріне өздеріңнің қазіргі сәттегі көңіл-күйлерінді сала қойыңдар
  • Сәлеметсің бе, алтын Күн?!
  • Сәлеметсің бе, Жер-Ана?!
  • Сәлеметсіз бе, Сіз?!
  • Сәлеметсіз бе, Біз?!
  • Оқушылар өз көңіл-күйлерін салып көрсетеді. Білу. Негізгі тұжырымдарды бере отырып, өткен материалдарды есте сақталғаның растау. «Кубизм» әдісі арқылы өткен тақырыптарға шолу жасау. Сұрақтарға әр топ мүшелері жауап беріп отырады.

  • Дыбыстар нешеге бөлінеді және оларды ата.
  • Қатаң, үнді, ұяң дауыссыз дыбыстарды ата.
  • Жуан және жіңішке дауысты дыбыстарды ата.
  • Сөйлем неден құралады және сөйлем соңында қандай тыныс белгілері қойылады.
  • Қосарлы дыбыстарды ата.
  • Сөйлеу үшін не қажет?
  • Әр топ мүшелері сұрақтарға жауап бреді.

    Түсіну Салыстыру, сипаттау арқылы фактілерді түсінгендігін көрсету.

    1-тапсырма: ребус шешу2-тапсырма Әр топқа жеке тапсырма беріледі.

    1-топқа:Тапқыр болсаң, тауып көр: Тұмсығы — қашау, Кәсібі — ұя жасау. Ағашты қорғап,Зиянкестерді асау.Шешуін тауып, мәтін құру.

    2-тоқа:Тапқыр болсаң, тауып көр:Тәтті көрсе бас салар, Айнымайда баладан.Үп-үлкен боп жасқанар, Кіп-кішкентай арадан.Шешуін тауып мәтін құру.

    3-тапсырма: 4-тапсырмаМәтін бөліктері:

  • Басы
  • Негізгі ой
  • Соңы
  • 1-топ оқушылары жауап бере отырып, оның шешуіндегі сөзге 4-5 сөйлемнен әңгіме құрайды.

    2-топ оқушылары сұрақтың шешуіндегі сөзге сипаттама береді.

    Оқушылар ребусты шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын анықтайды және берілген тапсырмаларға сүйене отырып ереже атады.

    Өздері құрған мәтіннің түрлері мен бөліктерін анықтап, түсіндіреді.

    ҚолдануЖаңа білімді әр нұсқада пайдаланады.

    1-ші, 2-ші бағандағы сөйлемдерді салыстырып оқып, қайсы мәтін екенін анықтау. 1-топ135-жаттығу1-ші, 2-ші бағандағы сөйлемдерді салыстырып оқып, қайсы мәтін екенін анықтау.

    2-топ139-жаттығу

    Әр топ оқушылары бағандағы сөздерді оқи отырып мәтінді ажырата білулері қажет. Берілген тапсырмаға қарап мәтін ережесін айту. ТалдауҚорытынды жасау үшін ақпараттарды тексеру, дәлелдерді анықтау. 1-топ136-жатттығуГеометриялық фигуралардың артына сөйлемдер жазылады. Ол геометриялық фигурадан үйдің суретін құрастыру арқылы мәтін құрады.1.Бөлменің ауасы таза.2. Оның терезелері үлкен. 3.Мынау — менің бөлмем. 4.Оң жақта менің төсегім тұр. 5.Сол жақта үстел, орындық қойылған.

    2-топ137-жаттығуМәтінді мәнерлеп оқып, оған ат қою. Сұрақтарға жазбаша жауап беру.

  • Бұғы қандай жануар?
  • Оның қандай ерекшелігі бар?
  • Солтүстік бұғысы немен қоректенеді?
  • 1-топ оқушылары геометриялық фигуралардың артындағы сөздерді ретімен орналастырып, үйдің суретін құрап шығарулары қажет.

    2-топ оқушылары мәтінді оқып, берілген сұрақтарға жазбаша түрде жауап береді. Мәтіннің бөліктерін анықтайды.

    ЖинақтауЖаңа үлгіде басқа элементтермен қиыстыру, балама шешім қабылдау. Постермен жұмыс. Әр топқа тақырыпқа сай мазмұнды суреттер үлестіріледі. Суреттерді орналастыру арқылы әр топ мәтін құрып шығуы қажет.1-Топ «мектеп» тақырыбына суреттер беріледі.

    2-Топ «отбасы» тақырыбында суреттер беріледі.

    1-топ оқушылары мектеп тақырыбында берілген суреттерді мағыналары жағынан байланыстыра отырып, мәтін құрастыруы қажет.

    2-топ оқушылары отбасы тақырыбындағы суреттерді ретімен байланыстыра орналастыру арқылы мәтін құрады.

    БағалауПікірмен таныстыру, дәлелдеу, критерий бойынша идеяларды негіздеу, жұмыс сапасын бағалау.

    Көше тәртібі тақырыбында мына тірек-сөздерді пайдалана отырып, мәтін құра. Тірек сөздер: көше қиылысы, көлік, бағдаршам, оң жақ, сол жақ, жаяу жүретін жол.

    Топ мүшелері берілген тірек сөздерді өмірмен байланыстыра пайдалана отырып, мәтін құрайды.Әр топ өз пікірінің дұрыстығын дәлелдейді. Ой толғаныс Қорытынды Жеке оқушымен жұмыс (тест тапсырмасы)1.Мәтін дегеніміз не?А) Екі не,одан да көп өзара байланысқан сөйлемдер тобы.Ә) Ұзақ бір сөйлем.Б) Бір сөйлемге жинақталған сөз тізбегі.2. Мәтін неше топқа бөлінеді?А) 4Ә) 6Б) 33. Берілген үзінді қай мәтіннің түрі?Біздің оқитын сыныбымыз кең, жарық. Төбесі биік, қабырғалары аппақ.А/ әңгімелеуӘ/ сипаттауБ/ пайымдау4. Мәтін бөліктерін тап:А/ басы, негізгі бөлімі, соңыӘ/ пайымдау, сипаттау, әңгімелеуБ/ басы, сипаттау, әңгімелеу5. Мысалды оқып, негізгі ойды анықта:Бір күні балық әбден мақтанды. Ол теңізді жамандады. Сусыз өмір сүре алатынын айтты. Теңіз ашуланып, өркөкірек балықты құрлыққа шығарып тастады. Балық сусыз шыдай алмай шөлдеді, қиналды, мақтанғанына өкінді.А/ балықтың құрлыққа тап болуыӘ/ балықтың өркөкіректігі, такаппарлығыБ/ өкініш Сергіту сәті Үн таспадағы қимыл-қозғалыс жаттығулары көрсетіледі. Оқушылар үн таспадағы қимыл-қозғалысты салып орындайды. Рефлексия Әр оқушыға мазмұнды смайликтер беріледі. Оқушылар берілген смайликтер арқылы бүгінгі сабақтан алған әсерлерін көрсетеді. Үйге тапсырма 55 бет 143-жаттығу