ашық сабақ Электр өрісі. Электр өрісінің кернеулігі. Кулон заңы тақырыптарына есептер 10 сынып
Автор: Хайнешова Зауре Халеловна
Бағыты: Физика Бөлімі: Ашық сабақ Сыныбы: 10 сынып
Жарияланған уақыты: 2019-01-14
Материал туралы қысқаша түсінік
физика пәнінің мұғалімдеріне
БҚО, Казталов ауданыХайнешова Зауре Халеловна физика пәні мұғалімі
Сыныбы: 10-сынып.
Сабақтың тақырыбы: Электр өрісі. Электр өрісінің кернеулігі. Кулон заңы тақырыптарына есептер шығаруСабақтың мақсаты: Білімділік: Электр өрісі, электр өрісінің кернеулігі, Кулон заңы тақырыптарына есептер шығару. Тәрбиелік: Оқушылардың топтық жұмыс түрінде түрлі деңгейдегі есептер шешуде есептеу, формула қорыту икемділігі мен дағдыларын қалыптастыру. Дамытушылық: Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту.Күтілетін нәтиже:
Қолданылатын модульдер: Сыни ойлауды дамыту, оқыту мен оқудағы жаңа әдіс- тәсілдер, көшбасшылық, оқу және оқыту үшін бағалау, АКТҚолданылатын әдіс-тәсілдер: «Мозайка» әдісі, «1 сөйлем» стратег., көрсетілім, критериалды бағалау, «Шығу картасы», деңгейлік есептер, тренинг «Сағат бой.достар», «Маршруттық карта» қорғау. Әдебиеттер: Физика. Әдістемелік журнал 2006; Оқулық, Физика есептер жинағы.Көрнекіліктері: бағалау парағы, сағат суреттері бар стикерлер, флипчарт. Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс – әрекеті |
|||
Уақыты | Сабақтың кезеңдері | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті |
10 мин | І. Кіріспе.Ұйымдастыру.Психологиялық ахуал орнату. | — Оқушыларды жылы жүзбен қарсы алу, амандасу.— «Сағат бойынша достар» тренинг | Сәлемдеседі жылы қабақты сезеді.Тренингке қатысады. |
12 мин | Үй тапсырмасын сұрау. Топқа бөлу. | Үйге берілген тапсырма бойынша «электр өрісі» тақырыбына «менталды карта» құру. «Мозайка» әдісімен топқа бөліну | Өткен тақырыптар бойынша әр топ менталды картасын құрып, оны қорғайды, үй жұмысының есептерін топта өзара тексереді, қатесін жөндейді. |
2 мин | ІІ. Тұсау кесерҚызығушылықты ояту. | Бейнеролик. «Топтық жұмыстың күші» | Оқушылардың ойланады, өз пікірлерін ортаға салады. |
15 мин | ІІІ. Негізгі бөлім. | — Деңгейлік есептер шығару.А, Б, С тобындағы есептер— Маршруттық карта бойынша есептер | Топтарға берілген есептерді шығарады. Әр топтан 1 оқушыға маршруттық карта арқылы есеп шығарады. |
2 мин | IV. Қорытынды.Рефлексия. | «Шығу картасы» | Оқушылар сабақ процесінде өзінің қалай жұмыс істегені туралы ойын түйеді, таратылған парақшаларға жазады. |
3 мин | V. Бағалау. | Бағалау парағындағы критерийлер бойынша жиынтық бағалау жасайды. | Топ басшылары бағалау парағындағы критерийлер бойынша топ мүшелеріне ұпайын қояды, жұмысына баға береді. |
1 мин | VІ. Үйге тапсырма. | 3.61; 3.62 | Формулаларды қайталайды, есептерді шығарады. |
Қосымша: Деңгейлік тапсырма. Электр өрісі. Электр өрісінің кернеулігі, Кулон заңы тақырыптары бойыншаА тобы (2 ұпай)
- Өрістің қандай да бір нүктесінде 2 нКл зарядқа 0,4 мкН күш әсер етеді. Өрістің осы нүктесіндегі кернеулікті табыңдар.
- Электр өрісінің кернеулігі 2 кВ/м-ге тең нүктесінде орналасқан 12 нКл зарядқа қандай күш әсер етеді?
Б тобы (3 ұпай)
- 2*10-8 Кл зарядтан 2*10-2 м қашықтықтағы өрістің кернеулігі қандай?
- Кернеулігі 3,7*106 Н/Кл өрісте 8,6 мкКл зарядтың осы өрістен қашықтығы қандай?
С тобы (4 ұпай)
- Нүктелік заряд электр өрісін туғызады. Осы зарядтан 12 см қашықтықтағы өрістің кернеулігі 345 кН/Кл болса, ол зарядтан 3 см қашықтықтағы өріс кернеулігі қандай?
- Кернеулігі 4*105 В/м болатын біртекті электр өрісіндегі электронның үдеуін және оған әрекет ететін күшті табыңдар.
Рефлексия. «Шығу картасы»
- Маған оңай болды __________________________________________________________
Мен өзімді _________________________________________________ мақтай аламын.
- Мен топтағы кластастарымды ____________________________________________________________мақтай аламын.
- Меніңойымша _________________________________________орындай алмадым,
- Себебі ___________________________________________________________.
- Келесіде_______________________________________________________ескеремін.
Материалды сайттан тегін жүктеу
Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.