Пәні : |
Дүние тану |
Сабақ тақырыбы : |
Менің отбасым |
Күні : |
Мұғалімнің аты-жөні: Қонықаева Қаламқас |
Сынып: 1 кл |
|
Ортақ тақырып |
Өзім туралы |
Бөлімше |
Мен және менің отбасым |
Сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары : |
1.1.1.1.Түрлі дереккөздерді зерттейді, зерттей отырып, «отбасы» ұғымын түсінеді және мәнін түсіндіреді. |
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар орындай алады: «Отбасы» ұғымын түсінеді. Суреттерден коллаж жасайды. |
|
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:«Отбасы» ұғымының мәнін түсінеді.Жасаған каллаж бойынша әңгімелейді |
|
Кейбір оқушылар орындай алады:«Шежіре» ағашын жасайды . |
Бағалау критерийі |
«Отбасы» ұғымының мәнін түсінді
Түрлі дереккөздерді пайдаланады
Дереккөздерді зерттей отырып, ағашқа өз «шежіресін» жазады..
Өз отбасының коллажын құрастырады;
Туыстарына арнап ашықхат жасайды.
|
Тілдік мақсаттар |
Отбасы,шежіре |
Құндылықтарды дарыту |
Отбасы мүшелерін сыйлауға, бір-біріне деген құрмет көрсетуге тәрбиелеу |
Пәнаралық байланыс |
Бейнелеу,еңбекке баулу |
АКТ қолдану дағдылары |
Бейне ролик,суреттер |
Жоспар |
Жоспарланған уақыт есебі: |
Сабақтың жоспарланған іс-әрекеті |
Ресурстар: |
Басы3 минут |
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.Қол ұстасын , қане бізДостасайық бәріміз.Айтарым бар сендергеТез тұрыңдар шеңберге.Қандай жақсы бір тұру,Қандай жақсы бір болу .Топқа бөлу Әке,ана,бала сөздері арқылы топқа бөлу. |
|
Ортасы 7 минут |
Т.Ж.«Кел, талқылайық» әдісі. Отбасы суретін мұқият қарап, жұпта талқылайды. Өз ойын айтады. Суреттегі адамдарды не байланыстырып тұрғанын және отбасындағы қарым – қатынас туралы айтады. М.Т. Отбасы шағын мемлекет .Шағын мемлекетті құраушы отбасы мүшелері. Әр отбасында ата, әже, әке, апа, аға, іні, сіңлі сияқты отбасы мүшелері болады. Отбасы – ең жақын туыс адамдар.Отбасындағы қарым – қатынас жақсы болуы өте маңызды. Отбасы мүшелерін отбасылық мерекелер біріктіреді. Әр әулеттің өз тарихы бар. Сенің әулетіңнің тарихы – ата – бабаңның өмірі. Отбасының мұндай тарихын – шежіре дейді. Дескриптор: -Отбасы мүшелерін атайды.-Отбасы мүшелерінің орнын анықтайды .Тапсырмаларды орындаған оқушыларды «Күнім» деген сөздермен марапаттап отырамын . |
|
8 минут
7 минут
|
Ж. Ж «Ізден –ойлан» әдісі арқылы «Отбасылық коллаж» жасау Тасырманы бермес бұрын оқушылардан отбасы мүшелерінің суретін әкелуді талап етемін. Дескриптор: -фотосуреттерге мұқият қарайды.-суреттерді ретімен орналастырады.-коллаж жасайды әңгімелейді .Оқушыларға жасаған жұмыстарын өзара топтырында «Кімнің жұмысы әдемі көрінеде ? деген сұрақтар қою арқылы жақсы жұмыстарды таңдап алып көрме ұйымдастырамын .Оқушылар жұмысын ескеріп «Құлыным» сөзімен мадақтап отырамын .
«Зерттеу»әдісі ағашы арқылы ӨЖ. «Шежіре ағашы»Мәуелі ағаштың тамыры, діңі, бұтақтары мен жапырақтарына өз отбасыңның «шежіресін» орналастыру.Оқушылар ойлана отырып ,зерттеу жүргізе отырып ағаштың тамырына , бұтақтарына ,жапырақтарына өз шежірелерін орналастырады .Дескриптор:-Мәуелі ағашқа өз отбасының шежіресін жазады.-жеті атасын ретімен орналастырады.Оқушылар жұмысын тексере отырып белсенді оқушыларды «Алтыным»сөзімен мадақтаймын .
|
|
Соңы 5 минут
5 минут
|
ҚБ. «Саусақтарды қозғайық»әдісі арқылы ,қажетті ресурстарды пайдалана отырып туыстарына арнап ашықхат дайындау. Ашықхатқа жылы сөздер жазу
Дескриптор:-Ашық хатты жасайды.— Қажетті ресурстарды тиімді пайдаланады.-Жасаған жұмысын өмірмен байланыстырып әңгімелейді.Оқушылар жұмысын тексере отырып белсенді оқушыларды «Ботам»сөзімен мадақтаймын.Рефлексия. Кері байланыс. Ағаш суретін беремін Оның жапырағын боя. Егер қиындық туындаса ,сары түске боя.Тапсырмаларды сәтті орындаған болсаң , жасыл түске боя.Егер тапсырмалар орындау кезінде қиындық кездессе.қызыл түске боя ,
|
|
СаралауҚабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?«Кел талқылайық» әдісі.Төмен деңгей.Отбасы мүшелерін таниды.Орта деңгей.Отбасындағы қарым-қатынас жөнінде көбірек айтады.Жоғары деңгей.Өз отбасы мүшелерінің орнын анықтайды. |
Бағалау «Кел талқылайық» әдісі арқылы жаңа сабақты ашуда белсенділік көрсетті. |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
«Ізден — ойлан» әдісіТөмен деңгей.Суреттерді қарайды, ретімен орналастырады.Орта деңгей.Суреттерді ретімен орналастырады, коллаж құрайды.Жоғары деңгей.Коллаж құрастырады, әңгімелейді. |
«Ізден — ойлан» әдісінде оқушылар жұптасып қызығушылықпен коллаж құрастырды. |
|
«Зерттеу» әдісі-жоғары деңгейдегі оқушы жеті атасын жазады -орта деңгейдегі бала жеті ата атауымен жазады-төмен деңгейдегі бала жеті ата атауларының орнын ауыстырады |
Зерттей отырып отбасы шежіресін жазды. |
|
«Саусақтарды қозғайық» әдісіТөмен деңгей.Оқушылар ресурстардан ашық хат дайындайды.Орта деңгей.Ашық хат жасайды, жылы сөздер жазады.Жоғары деңгей.Ресурстардан ашық хат жасайды, өмірмен байланыстырып әңгімелейді. |
«Саусақтарды қозғайық» әдісі арқылы Ресурстардан тиімді жұмыс жасау қабілеті артады. |
|
Сабақта саралау жұмысында кейбір оқушылар мәуелі ағашқа өз шежіресін орналастырды. |
Сабақ барысында отбасында айтылатын жылы сөздер арқылы бағаланады. Белсенді оқушыларға тапсырмалар кезінде «құлыным», «күнім», т.с.с. сөздер таратылып, ынталандырылып отырылады.Критерий:-жоғары деңгейдегі оқушы жеті атасын жазады -орта деңгейдегі бала жеті ата атауымен жазады-төмен деңгейдегі бала жеті ата атауларының орнын ауыстырады |
. |
Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз. |
Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма? |
Сабақтың мақсаты мен міндеттері толық орындалды деп есептеймін. |
Бүгін оқушылар не үйренді? |
Оқушылар отбасы ұғымын түсінеді, дерек көздерді зерттей отырып өз шежіресін жазады. |
Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті? |
Сабаққа оқушылар белсене қатысты. Тапсырмаларды қызыға орындады. Сабақ жоғары деңгейде өтті. |
Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма? ) |
Тапсырмалар сабақ мақсатына сәйкес таңдап алынды. Саралау тапсырмалары толықтай іске асты. |
Уақытты қалай пайдаландым? |
Уақытты тиімді пайдаланды. Жоспарланған жұмыс түрлерінің барлығы өтті. |
Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неге? |
Қабілетті балалардың қабілетін арттыра түсу мақсатында, күрделірек сұрақтар ұсындым. |