Ашық сабақ Д Досжан «Жібек жолы»

0
602


Бағыты: Қазақ тілі Бөлімі: Ашық сабақ Сыныбы: 6 сынып

Мұғалімнің аты-жөні: Тлемисова Р.К.
Күні: 01.02.2019ж.
Сынып: 6 Б Қатысқандар: Қатыспағандар:
Сабақ 97-98

Сабақ тақырыбы
Д.Досжан Жібек жолы (үзінді)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
6.О.3. Орта көлемді шығармаларды түсіну, тақырыбы мен негізгі ойды анықтау.
6.Ж.4. Мәліметтерді жинақтай отырып, тақырып бойынша постер, сызба-кестелер жасау.

Сабақ мақсаты
Жібек жолы романының үзіндісін оқу, шығармада көтерген мәселені анықтау, постерге түсіру.

Тірек сөздер негізінде тақырыпқа сай сөйлем құрастыру.

Бағалау критерийі
көркем шығарманың үзіндісін оқып, тақырыпты анықтайды, негізгі ойды постерге түсіреді;
мәтіннің мазмұндағы қажетті сөздерді тіркестіріп, тақырыпқа сай сөйлем құрастырады;

Тілдік мақсаттар
Оқушылар орындай алады: Жібек жолы романың үзіндісін оқиды, мазмұнын түсінеді, постер қорғайды

Пәнге қатысты сөздік қор мен сөз тіркестері: құдірет, ежелгі, таусылмас, көріпкел, сәуегей, салтанатқа бөлеу, байлыққа бөлшеден бату, дамылдау, қорған,соқпақ

Талқылауға арналған сұрақтар:
Ұлы Жібек жолы қай ғасырда пайда болған?

Не себепті… деп ойлайсыз?
Не себепті Ұлы Жібек жолы деп аталады?

Ишара: қолпаштау ишарасы, қолдау

Құндылықтарға баулу
ұлтаралық ынтымақтастыққа шақыру, салт-дәстүрді сақтау
өз еліңнің тарихын білу, құрметтеу
өз мәдениеті мен тіліне, өнеріне деген сүйіспеншілігін ояту

Пәнаралық байланыс
Қазақстан тарихы, дүниежүзілік тарихы, география,

Алдыңғы білім
Түркістан – тарихи қала
Оқушыларда Түркістан қаласының тарихи орны туралы мәлімет- түсініктері бар.
Етістіктің шақтары туралы біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері
Ресурстар

Сабақтың басы – 5 минут

Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйлерін сұрау
Психологиялық ахуал Жылы лебіз әдісі
Сыныпта жақсы психологиялық ахуал болу үшін оқушылар шаттық шеңберін құрып, бір-біріне жақсы лебіздер білдіреді.
Осы күнге сәттілік тілейді.
Топтастыру Пазл әдісі
Мақсаты: Бір-біріне қолдау көрсету, жұптық, топтық жұмыстар жасау үшін сынып оқушыларын топқа бөлу
Күтілетін нәтиже:
1. Кесілген суреттерді пазл ретінде сәйкестендіріп топ құрады
2. Пазл артына жазылатын 5 ұстанымға топппен жұмыс барысында бағынады.
ҚБ. Ауызшы мадақтау– Жарайсың! Тамаша!

Сабақтың ортасы – 30 минут

3.Үй тапсырмасын тексеру Түркістан туралы ауызшы сұрақтар қою

4. Оқылым алды тапсырмасы Миға шабуыл

Ж. Тапсырма – Ұлы Жібек жолы бейнежазбаны көреді.
– Қалай ойлайсындар, бейнежазба барысында нені байқадыңыздар?
Демек, бүгінгі сабақтың тақырыбы не туралы болады?
Дескриптор:
бейнебаянда берілген материалдың не туралы екенін түсінеді.

5. Cөздік жұмыс

6. Мәтінмен жұмыс. Джигсо әдісі арқылы оқып, бір – біріне топта түсіндіреді және тапсырмалар орындайды.

7. Топтық жұмыс
1-топ – Фишбоун
2-топ – Интеллект карта
ҚБ. Топтар өзара бір біріне 2 жұлдыз 1 тілек арқылы кері байланыс береді
8. 4- тапсырма Сәйкесін тап
Дескриптор:
мәтін мазмұны бойынша керекті сөздерді тіркестіріп жаза алады;
сөз тіркестерінен сөйлемдер құра алады
9. Қорытынды:

Интербелсенді тақта, видеоролик
Ұлы Жібек жолы деректі фильм

28бет, 1-тапсырма

28бет, 2-тапсырма

28 бет, 3 – тапсырма.

Сабақтың соңы – 5 минут

10.Рефлексия Жетістік баспалдағы
қызыл баспалдақ – сабақты түсінбедім
Жасыл баспалдақ – сұрағым бар
Көк баспалдық -барлығы түсінікті, қызықты болды
Оқушылар стикерлерді өз қалауларынша түсті баспалдаққа жапсырады.
11.Бағалау: Мұғалім бүгінгі сабақтың сәтті және сәтсіз тұстарын анықтап, бағалау критерийіне сәйкес, дескрипторға сүйеніп бағалайды.
Дескриптор:
көркем шығарманың үзіндісін оқыды, тақырыпты анықтады, негізгі ойды постерге түсірді;
мәтіннің мазмұндағы қажетті сөздер тіркестерін тапты, тақырыпқа сай сөйлем құрастырды;

12.Үй жұмысы – мәтін бойынша диалог құрастыру

Қосымша ақпарат

Саралау: Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырма бересіз?
Пазл әдісі
Миға шабуыл
Фишбоун
Интеллект карта
Сәйкестендіру
Бағалау: Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?
Ауызша мадақтау
2 жұлдыз 1 тілек
Жетістік баспалдағы
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау
АКТ
видео

Сабақ бойынша рефлексия
Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланаңыз. Төменде өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз

Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да,, оқу туралы ойланыңыз?)
Оқушылар топқа бөлініп ынтымақтастықта жұмыс жасай білді.
Оқушылар өз білімін басқалармен салыстыра отырып, өзін және өзгені бағалауды білді.
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да,, оқу туралы ойланыңыз?)
1. Өз ойын еркін айтып, оны дәлелдей білді.
2. Сабаққа деген оқушылардың қызығушылығы жоғары .
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік, қиындықтары туралы нені білдім., келесі сабақтарда неге жетік болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?

Қарымды қаламгер Дүкенбай Досжан өзінің соңғы жылдары жазылған Жазмыштың жазуы атты хикаясында өмірбаянына былайша тоқталып кетеді: Әкем – Сарыұлы Досжан көне Қаратау ішінде 1894 жылы туып, ғасыр басындағы дүрбелеңнің неше атасын басынан кешірген аса қажырлы кісі еді. Қажырлы дейтінім – 1932 жылғы қаратабан аштықта ел тамақ іздеп берісі Ташкент, әрісі Ауған жағына ауа көшкенде, бұл кісі екі білегіне сеніп, аң аулап, жер ойып, жүгері егіп, 20 – дай отбасыны бір өзі асырап көшпей қалыпты. Соғыстың алдында, соғыстан кейін Ақүйік өзені бойындағы Ынтымақ колхозының төрағасы болған. Жасыңыз үлкейіп қалды, екі тау арасының мал- жанына ие болыңыз деп әскерге алмаған, бронмен қалдырған. Мен дүниеге келгенде әкем 48 жаста екен.
Шешем – Жанұзаққызы, Сарыкеліні Жәмила көне Қаратаудың теріскей бетін жайлаған, Шу бойы, Қарағұр жағының қызы болатын. Жанұзақ елге есімі жайылған әрі ақын, әрі көріпкел, би кісі болыпты. Анам: Сыр, Қаратау бойы – өз жұртым деп отырушы еді. Нағашыларым, төркін жұртым арғынның атығайы деп айтқаны есімде қалыпты. Ликбезді бітірген, сауаты шамалы, әйтсе де қиын шаруадан бойын тартпайтын қарулы, тілді кісі болатын. әкем – аз сөйлейтін, томаға – тұйық, өз ішіне өзі үңілгіш ойдың адамы болса, шешем – сөзшең, айтқыш, жйын – тойды жылдам басқарып жүре беретін адуын мінез иесі еді. Келе – келе ел анасы аталды. Қайнылары, ел басқарған кісілер, әкімдер ел ішіндегі қиын шаруаның түйінін шеше алмаса: Жәмила ападан жөнін сұраңдаршы! – деп шешеме сілтейді екен.
Жазушы бала кезінен кітапты көп оқиды. Сол заманда Пушкиннің, Абайдың, өзге де классиктердің аса қалың (көзімізге солай көрінген) бір томдық шығармалары қазақша басылып шыққан. Соларды басымызға жастанып жатып оқушы едік, – дейді өз естеліктенірде. 7-сыныпты бітірген жылы, жазда Гогольдің Өлі жандарына еліктеп оқушының тор көз дәптерін толтырып пьеса жазады. Пушкиннің Руслан және Людмила поэмасының сарынымен дастан жаза бастайды. Бала қиялы – қанатты. Әй, мына жазушылар қалың – қалың кітап жазып есімін дүниеге әйгілеп үлгеріпті, екі тау арасында тай мініп тепектеп жүргеніме жөн болсын, мені неге бір жан білмейді, ауызға ілмейді, ешкім ескермейді? – деп, жақсы мағынасындағы өзімшілдік ауруына ұшырап, ал, дәптер толтырып өлең жазайын! Ал, шималайын!
Апта сайын бір өлең жазып берісі аудандық, әрісі республикалық газеттерге жөнелтіп жатады. Ол кезде редакцияға түскен тілдей хатқа болсын – жауап жазу керек деген тәртіп бар. Айына бір астанадағы Лениншіл жас (қазіргі Жас алаш), облыстағы Ленин жолы (қазіргі Сыр елі) газетінен материалыңыз жарамады деген хат алады. Пионер газетіне Ақ ешкі мен сары ешкі деген аңызға құрылған алақандай мақаласы, облыстық газетке Ленин томы деген бір өлеңі жарық көреді. Облыстық газеттен келген бес сом қаламақыны жаратпай, лимонад ішпей, тығып жүріп, ол кезде аудан орталығындағы интернатта оқиды, көктем уағында таудағы шешесіне бір кілә құмшекер сатып алып, төкпей-шашпай апарып бергенін есіне алады. Анамды қуантқым келді. Алғаш тапқан қаламақым, сіз шай імсін деп әкелдім құмшекерді! – дегенде, қайран анам: Таудай бол! қаламыңның сиясы таусылмасын! – деп батасын беріп, жаулығының ұшымен көз жасын сығып алды.
Алпысыншы жылдары 4 – 5 кітабы шығып, жастармен үзеңгі қағасып ат тізгінін босатқанда бақталас тақталас көре алмаушы арандатушы кісілердің кесірінен жазушының үстінен 1967 жылы қатты сын ұйымдастырылады, сонда Қалихан Ысқақов ағамыз араға түсіп: Әй, ағайындар, Досжанов әдебиеттің нағыз жауынгері, оны бірер сын мақаламен құрта алмайсың, қолындағы автоматын алсаң – мылтығы бар, мылтығын алсаң – тапаншасы бар, тапаншасын алсаң – пышағы бар, оны құртам деп жүріп өзің құрып кетуің мүмкін, – деген сөзін айтып еді.
Жалпы, жазушыны қатары өсіреді деген рас сөз екен. Айтты-айтпады қатарлары ылғи сен тұр, мен айтайын дейтін ығай мен сығайлар болған соң күшігінен таланып осы күнге үлкен жазушы ретінде жетеді.
Жазушы Лениншіл жас газетінің бас редакторы Шерхан Мұртазаның алдына келіп жұмыс жайын сұрайды. Сонда газеттің жұмысшы жастар бөліміне әкеп: Мына жігітке тапсырма беріп көріңдерші! – деп тапсырма береді. Бөлім меңгерушісі Дүкенбайды Алматы ГрЭС – 2 салынып жатыр, соған барып хабар жазып кел, – деп жұсайды. Жазушы осы жайды естелігінде былай суреттейді: қалай жол тауып барамын, кіммен сөйлескенім жөн, жазатын нәрсемде қай мәселенің басын ашуым керек, әлгі қара – бір ауыз сөзбен түсіндірмепті; өз басым ежіктеп сұрамаппын. Мақұл деп жүре беріппін. Түтіні, шаңы бұрқырап жатқан жылу электр стансасына таң әлетінен шығып, түс ауа әзер жеттім. Жұмысшылары, басшылары кілең орыс. Бір қазақ баласын таппаймын. Өз әлімше салынып жатқан алып құрылысты аралап шықтым. Пластмасса қалпақ киген бірер инженермен шүйіркелестім. Дәптеріме әлденені түртіп алдым. Сіріңке қорабы секілді автобуспен селкілдеп іңір үйіріле қалаға қайтып оралдым. Пәтеріме жеттім. Өкпе-бауыр, колбасасын нанға қосып соғып алып, шәйнектегі суып қалған шаймен итергілеп, жетім үстелге шөмейемін. Күндізгі көрген – білгенімді түгел баяндап жазайын. Түн ортасы ауып, кірпігіме ұйқы тірелгенде майда жазумен 10 бет қағаз толтырдым. Ертесіне әлгі қиқымдай етіп кестелеген он беттік қолжазбаны редакцияға, буылтық бөлмедегі жылтыр қараға әкеліп бердім. Әлгі жігіт қолжазбамды көре сала қазір, қазір! деп бас редакторға жүгіріп алып кеткен. Содан ұшты-күйлі. Ертесіне редакцияға аяңдап келемін, алып бара жатқан гу-гу сөз әншейін.
Несін айтасың, Досжановқа үш сөйлемдік хабар жазып кел деп тапсырма берсе – сықасқан 10 беттік повесть жазып келіпті. Сөйлемді сұмдық ұзын, диалогі, сөз саптасы нақа бір тіл безескен билердің аузынан шыққандай!
Оның 10 беттік хабарын газет он нөмірге басып тауыса алмас, сірә!
Сонымен менің бір түн, бір күнгі бейнетім бейпіл ауыз журналистердің мысқыл, күлкісіне азық болып, біраз даңғазаға ұласты. Жылдар өте әлгі журналист ағайындар: Досжановтың хабарының өзі – повестке бергісіз! – деп аңыз етіп жүруші еді.
Алғашқы еңбек жолын облыстық Жетісу газетінің ең кішкентай – әдеби қызметкер жұмысынан бастайды. Жетісу газетіне 1963 жылдың желтоқсан айының басында келіп, 1966 жылдың тамыз айына дейін істейді. Осы үш жылға жуық уақытта үлкен өмір мектебінен өтеді.
Жетісу газеті мен үшін жөні бөлек, алғашқы еңбекке араласқан алтын босағам. Ол ұжымда жүріп, ең жас, әрі ең кіші қызметкері болсам да Алатаудай биік арманның баспалдағын құрастырдым. Ең ғанибеті – үлкен кісілердің алдынан өтіп, қолын алдым. Осы кезге дейін желеп-жебеп келе жатқан, бәлкім, сол кісілердің: бар бол, балам, бар бол! деген ағынан жарылып берген батасы болар.
Жазушының өмірі жазған кітаптарымен өлшенеді.
Алғашқы әңгімесі 15 жасында жарық көрген автордың бұл күнде кітаптары әлемнің 20 тілінде аударылып, 3,7 миллион таралыммен басылып шыққан.
Кітап палатасының есебі бойынша Қазақстандағы ең көп оқылатын жазушы.
Әр жаңа кітабы оқырманын елең еткізетін тақырыпты қозғайды.
Қазақ әдебиетінде таза тарихи тақырыпқа тұңғыш қалам тартқан (1965 – 66 жыл) автор саналады.
Күн сайын қаламға жүгіну мінезіне, сөзбен сурет салу кәсіби шеберлігіне айналған қаламгер 11 роман, 22 хикаят, 100 – дің үстінде әңгіме жазды.
Дүкенбай Досжан Қызылорда облысының түстік шығысында көлбей жатқан Қаратау ішінде, Ақүйік өзенінің бойында, Құланшы деген жерде 1942 жылы 9 қыркүйекте шаруа отбасында дүниеге келген. Әкесі Сарыұлы Досжан (1894 – 1974) күнгей еліне әйгілі атбегі, соғыс жылдары Ынтымақ колхозының төрағасы, жылқышысы, соңына жақсы сөз қалдырған, қолы қарап отырмайтын аса еңбекқор, еңсесі биік сыпа кісі деседі. Ақүйік бойындағы осы күнгі Досжан бауы, Досжан бұлағы деген жерлер сол кісінің кейінгіге қалдырған ізі. Мінезге бай, сөзі аз, біртоға әке бейнесі кейінше жазушының көп кітабына ой азығы болады. Шешесі Сарыкеліні Жанұзаққызы Жәмила (1903 – 2004 ж.ж.) аса қажырлы, көп жыл сауыншы болған, кейінше ел анасы аталған, ажарына ақылы сай, орнықты, отбасының ырзық – несібесі болған жан. Жәмила апаның айтқан сөзі, көрсеткен тәлімі деген әңгіме ел ішінде қазір де айтылады. Бір қауым елдің ұйытқысы бола білген, суырып салма – ақынжанды, айиқыш кейуана ұлына жіліктің майындай – дәмді тәрбие береді.
Д.Досжанның сәбилік шағы соғыс жылдарына тап келеді. Бала көбіне өз қиялын серік қып өскен. Қаратау ішінде, тоқал тамның үстінде, шыжыған күн астында сағаттар бойына жалаңбас ойға шомып отырады екен. Мектепті 1959 жылы алтын медальмен бітіреді. Әл-Фараби атындағы Қазақтың Мемлекеттік ұлттық университетінің филология факультетін 1964 жылы үздік тамамдады.
Университетте М.Әуезов, Есмағамбет Ысмайлов, Бейсенбай Кенжебаев, Мәулен Балақаев, Ханғали Сүйіншәлиев, Асқар Тоқпанов, Ісмет Кеңесбаев, Мұхаметжан Қаратаев, Зейнолла Қабдолов секілді ғұлама абыз ағалардың дәрісін тыңдап, тәлім алады. өз сөзімен айтқанда: Сәбит Мұқанов, Ғабиден Мұстафин, Әбілда Тәжібаев ағаларының қолына су құйып, батасын алған.
60 – шы жылдардың басында Мәскеуде қызмет істейтін Тәкен Әлімқұлов пен Қызылордадан кіндігі үзілмеген сардар ақын Асқар Тоқмағанбетов ағаларымен жазысқан хаттары әлі күнге отбасылық мұрағатында сары майдай сақтаулы. Әуелі облыстық Жетісу газетінде, кейінше баспа, Баспа комитетінде, Жазушылар одағында қызмет істейді.
Бұл күнде Астанадағы Президенттік мәдениет орталығында Қазақстан музейлері – музеи Казахстана журналының Бас редакторы.
Күн сайын қалам мен қағазға жүгінеді.
Дүкенбай Досжан ел тарихының аса күрделі кезеңінде ешқандай да әдеби топқа яки партияға қосылмай, бүгінгі зиялы қауым ішіндегі рушылдық, жікшілдік, өзімшілдік, топшылдық індеттің өркендеп тұрғанын мазмұндаған көркем дүниелер жазып, аз да болса өртке қарсы қарлығаштың қанатымен су сепкендей тәуелсіздігімізге жан-тәнімен қызмет етіп келеді. Сол қызметінің бір куәсі – Нұрсұлтан Назарбаев басқарып отырған заманды көркем кестелеп Ақ Орда романын жазды. Әрдайым қарақан басының қамы емес, мәртебелі биік сөзді әдебиетке адал қызмет етіп, аса төзімді, аса бейнетқор, ала көңіл ақжарқын, ашық пейіл, кеңқолтық кейіпкерлер галереясын жасады. Өмір сүру – өнер, әр тағдырдың өз шындығы бар, ақын – жаратқан иенің жердегі көзі, жікшіл адам жартыкеш секілді көптеген ой оралымдарын туғызды. Жазушы шығармаларынан екі кандидаттық, бір докторлық ғылыми атақ қорғалды.
Дүние жүзі жазушыларымен хат алысып тұрады. Жүздің үстінде мінездер картотекасы, көне қолжазбалар сақталған, сирек аллегорияға жиі жүгінеді, күйіп тұрған тақырыптарды тамыршыдай тап басып тауып жазады. өткен ғасырдың 60-шы жылдары Отырар, Фараби хикаяттарын жазуы, 70 – 80 жылдары алаш азаматтарының басына іс түскен қиын тағдырын арқау етуі, 90 – шы жылдары мінез экологиясын тұңғыш тілге тиек етіп Таразы, Алаң, Дала гладиаторлары романдары мен эссе кітаптарын жазуы – осы сөзіміздің дәлелі.
Махатма Ганди айтқандай: үнемі іздену, бір басқан ізін екінші қайталамау, үзбей жетілу сүйексіңді мінезіне айналған.
Көркем сөз кестелеуді тағдырына темірқазық етіп ұстаған, жазушылықты кәсіби мамандығына айналдырған.
Д.Досжан Отырар, Фараби, Жібек жолы шығармалары арқылы тарихи тақырыптың пионері аталды. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің алпыс жылдай жабулы архивіне алғаш енген Дүкенбай Досжан сот құжаттары желісімен Абақты (1993) романын жазды.
Зерттеушілер Д.Досжан шығармашылығын үш салаға бөліп жүр. Бірінші: көне ғасыр қойнауынан ер түрік аруағын көтерген 60 – шы жылдар басындағы тарихи кітаптары. Бұған Жібек жолы, Отырар, Фараби шығармалары жатады. Екінші: бодандық бұғау мен шенеуніктер езгісі зардабынан мінез экологиясына ұшыраған өмірі зая ұрпқтар образдарының галереясы – Зауал, Дария, Табалдырығыңа табын, Жолбарыстың сүрлеуі, Кісі ақысы кітабынан табылады. Үшіншісі: ғажайып адамдар ғұмырын көркем тілмен сөйлеткен сериялар тобына Мұхтар жолы (1998) атты кітаптары енеді.
Дүкенбай Досжан дүниені суретпен, ешкімге ұқсамас өзіндік бояу-белгімен көреді. Сөзбен сурет салады. Оқиғаға ой ағыны, мистика сарынын арқау етіп, кейіпкерді оның жан-толғанысы, сезім шырғалаңы арқылы суреттеуге машық.
Д.Досжан 1974 жылы Трудный шаг кітабы үшін Молодая гвардия баспасының Қазіргі заманғы жақсы роман сыйлығын иеленді. 1988 жылы Украинаның Днепро баспасының Жібек жолы романы үшін Тарихи тақырыптағы жақсы кітап сыйлығын алды. Суреткердің есімі АҚШ-тың Әдебиет және өнер адамдары энциклопедиясының 2-томына, Ұлттық энциклопедияның 3-томына, Абай энциклопедиясына енген.
Д.Досжан аса бай архивтің иесі.
Абай, Әуезов, Есенберлин туралы ғұмырнамалық шығармалар жазған кезінде бұрын зерттеушілер назарына ілікпеген, баспа бетін көрмеген Омбы, Қазан, Ташкент архивтерінің қызықты, ауқымды деректерін тұңғыш пайдаланып, Абақты, Дала гладиаторлары кітаптарын жазды. Жазушы мұрағатында маңдайалды замандастарымыздың қаламгерге арнап жазған ондаған хаттары сақталған. Отбасылық кітапханасында бес жүзге жуық кейіпкерлердің мінез қыры, күрделі тағдыры түсірілген картотека жинақталуы. АҚШ – тың Герберт Гувер архив қоры, Ясная полянадағы Толстой мұрағаттар иесі, шетел баспагерлері, әдебиетшілері Д.Досжанмен әрдайым хат жазысып тұрады.
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жазушы Д.Досжанды 2000 жылы 16 ақпанда, 2001 жылы 18 сәуірде, 2002


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.