Ашық сабақ: Біздің ыдыстар
Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады
Ашық сабақ: Біздің ыдыстар
Автор: Омрзакова Айым Дауренбековна
Бағыты: Балабақша Бөлімі: Ашық сабақ Сыныбы: Мектепке дейінгі балалар
Жарияланған уақыты: 2019-02-21
Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға ыдыстардың түсінігін қалыптастыру.
Іс-әрекет кезеңдері | Тәрбиеші іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Ынталандыру
Ұйымдастыру кезеңі Қорытындылау Рефлексия |
Тәрбиеші балаларға қарап: «Балалар, бүгін сабағымызға қонақтар келіпті, амандасайық»
Шаттық шеңбер ұйымдастыру.Балалар шеңберге тұрып бір-бірінің атын атап кезекпе-кезек (біріншісі-екіншісіне, екіншісі-үшіншісіне, солай жалғаса береді) тілек білдіреді. Балаларға жұмбақ жасыруКесе – шыны, пиала,Оларсыз шай құя ма?Қасықсыз тамақ жемейді,Бәрінің атын не дейді? Ендеше, біздің бүгінгі тақырыбымыз «Біздің ыдыстарымыз». Тәрбиеші сиқырлы сандықты ашады. Сиқырлы сандықтың ішінен ыдыс ойыншықтарды алып шығады, аттарын ататады, сипаттама бергізеді. Сергіту сәті Жеке жұмыстарды ұжымдық композицияға біріктіреді, бағалайды. Балалар, сендер бүгін не үйрендіңдер? |
Білгір қазақ анасыСәлем сөздің анасыАлдымен сіздерменСәлемдесіп алайықСәлеметсіңдер ме, апайлар.
Шешуін табады.Ыдыс-аяқ Кесе, тегеш, тәрелке, қазан. Балалар ыдыс түрлерін атайды. Сипаттама бергенде қатты, қақпағы, құлағы бар, үлкен, кіші деп жауап береді. Балалар қолдарына жаттығу жасайды. Кесе, қасық, тәрелке бір композиция. Мен – қазан,Мен – кесе,Мен – қасық,Мен тәрелке жасауды үйрендім. |
Күтілетін нәтиже: Білуі тиіс: Ермексаздан ыдыстарды бейнелей алу керек.
Оқыту білім саласы: «Таным»Оқыту түрі: МатематикаТақырыбы: Сиқырлы сандықМақсаты: Балаларды 1-ден 5-ке дейін ауызша санап есептей білуге, сандар қатарын, сандарды тура санауға, өз бетінше ойлауға, геометриялық пішіндер туралы білімдерін бекіте отырып, олардың ойлау қабілеттерін, білімдерін математикалық санамақтар, түрлі ойындар арқылы дамыту. Әдіс-тәсілдер: Жеке жұмыс, сұрақ-жауап әдісі, дидактикалық ойын, таңғажайып сәт, мадақтау.Көрнекі құралдар: пішіндер, сандар, асық, сиқырлы сандық.Көрнекілік: сандар, пішіндер.Сабақтың барысы:
Іс-әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың әрекеті |
Ынталандыру оятушы | Балалар, бүгін ерекше күн. Бізге қонақтар келіп отыр. Олай болса, қонақтармен сәлемдесейік. | Сәлем деймін достарға,Сәлем деймін құстарға,Сәлем деймін құрдасқа,Сәлем деймін ұстазға. |
Ұйымдастырушылық
Сұрақ-жауап әдісі Дидактикалық ойын Сергіту сәті Қорытынды |
Балалар, қолдарымыздан ұстап шеңбер құрамыз.
«Лото» ойыныАқ қағазға шеңбер түсіріп, оң жақ, сол жақ, жоғары және төменді ажырату, кеңістікті бағдарлау. Ал, балалар, демалып бойымызды сергітейік.Ал, балалар, тұрайық,Алақанды ұрайық.Бір отырып, бір тұрып, Біз демалып алайық. Оңға, оңға түзу тұр,Солға, солға түзу тұр.Алға қарай бір адым,Жоғары төмен қарайық,Орнымызды табайық.Артық, кем және тең таңбаларын көрсету. Геометриялық фигуралардан үй, машина құрастыру. (Неше ұшбұ- рыш, неше төртбұрыш қолданғандарын сұрау). Балалардың еңбегін қарап, мақтау. Осы кезде ханшайым келеді. Сандық ішінде сан жазылған асықтар болады. Бала көзін жұмып, асықты алады. Санды атайды. Сандарға байланысты кім санамақ айтса, сол балаға «Ғажайып сандық» сыйлық береді. |
-Сандар мен пішіндер әлеміне. Балалар қимылдарды қайталайды. Балалар тақтаға шығып, пішіндерден үй, машина құрастырады. Әди: Бір дегенім бала, Санды дұрыс сана.Сенің қанша атаң бар?Сенің қанша апаң бар?Шыңғысхан:Екі дегенім ешкі,Таудан келер кешке.Нұрғиса: Үш дегенім үйім,Үйде жақсы күйің. Мерей: Жылқы, сиыр, түйе, қой,Төрт түлігін біліп қой. Асанәлі: Бес дегенім бесік, Келеді сәби өсіп. |
Білім беру саласы ҚатынасБөлімі Тіл дамтыуТақырыбы: Ұлттық киімдерМақсаты: а) Балаларға қазақтың ұлттық киімдері туралы мағлұмат беру.ә) Балалардың сөздік қорын молайту, ұлттық сана-сезімін ояту, ойлау және есте сақтау қабілеттерін дамыту. б) Ұқыптылыққа, ептілікке тәрбиелеу.Әдәс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап Қажетті құралдар: шапан, қоржын, ұлттық киімдер үлгісі және суреттері, желім.Сабақ барысы
Іс-әрекет кезеңдері | Тәрбиеші іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Ұйымдастыру-оятушылық
Сергіту сәті Д/о Қорытынды |
Амандасу шеңберін ұйымдастырады.
Шолақ жеңді, ұзын жеңді шапан, ал қыс кезінде киетін қалыңдау түрін – шеппен деп атайды. Шапанның ұзын да, қысқа да түрлері болады. Дөңгеленіп тұрамыз,Керегені құрамыз.Уық болып иіліп, Шаңыраққа киіліп,Киіз үйді құрамыз. Балалар, біз ұлттық киіммен таныстық, оны аталарымыз киетінін білдік. Көбіңнің аталарың бар. Аталарымызды жақсы көреміз. Мен сендерге ақын Қадыр Мырза Әлі атамыз жазған «Менің атам» деген өлеңін оқып берейік. Мен алдымен өлеңді мәнерлеп оқимын. Ал сендер өлеңнің кімдер жайында айтылатынын естеріңе сақтап алыңдар. Менің атам Атам менің ауылда, Қой бағады ежелден.Қадірлі атам қауымға,Сый-құрметке бөленген. «Қуыршақты киіндіру» Ойын шарты: Қатты қағаздан жасалған ойыншық қуыршаққа балалардың ұлттық киім кигізуі. Сабаққа белсенді қатысқан балаларды мақтап мадақтайды. |
Шеңберге тұрады.
«Алақай» деп қолдарын шапалақтайды. Шеңбер жасап отырады. —Күніміз жарық болсын!—Аспанымыз ашық болсын!— Күніміз сәтті болсын!— Деніміз сау болсын! Ұлттық киім – шапан. Балалар сергіту жаттығуын қимылмен орындайды. Балалар жаттайды. Балалар қатты қағаздан жасалған қуыршақты ұлттық киіммен киіндіреді. Қағаздан қиылған дайын шапанды ақ қағазға желіммен жабыстырады. |
Материалды сайттан тегін жүктеу
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.