Ашық сабақ «Барлығы өзім туралы. Мен кіммін?» 1 сынып

0
Сабақ тақырыбы: Барлығы өзім туралы Мен кіммін? Мектеп: «Барқытбел орта мектеп-бақша» Күні : Мұғалімнің есімі: СЫНЫП: 1-сынып Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: Оқу мақсаты:
  • Барлық оқушылар: өзі туралы қарапайым сөзбен әңгімелеуге үйрену, бір-бірімен танысу;
  • Оқушылардың басым бөлігі:. адамдардың ұқсастығы мен жеке ерекшеліктері туралы білу;
  • Кейбір оқушылар: мектептегі іс-әрекеттерге, әдептер мен тәртіпке қатысты ережелерді сақтауды үйрену.
  • Тірек сөздер: есім (аты) – имя – name; адам – человек – human. Ресурстар: «Мен» сөзі жазылған шар, есімдері жазылған бейджиктер, барлық оқушылардың есімдері жазылған конверттегі хат, фотосуреттер, орам жіп. Сабақтың мақсаты: 1.1.2.6 өзін мектеп оқушысы және сынып ұжымының мүшесі ретінде сипаттау Сабаққа байланысты деректі материалдар

    Сабаққа қатысты ескертпелер

    Адамдар биологиялық түр ретінде құрылымы жағынан ұқсайды, бірақ сыртқы келбетімен, мінезімен, тәртібімен бір-бірінен ерекшеленеді. Әр адамның дара тұлға екеніне қарамастан, ол қоғамсыз өмір сүре алмайды. Адамдар арасындағы қарым-қатынас адамның дамуына көмектеседі. Ғалымдар адамға ортаның қажет екенін, оған өзін үлкен ұжымның бір бөлігі екенін сезіну, қоғам мүшесі болуы маңызды екенін дәлелдеді. Ол үшін адам істеген істерге, әдеттерге және қоғамда қабылданған тәртіптерге қатысты ережелерді сақтауы және білуі тиіс.Қай уақытта болмасын барлық өркениеттерде адамдардың өз есімдері болды. Ежелгі ата-бабаларымыз есім ретінде белгілі бір мағынаны білдіретін сөз тіркестерін қолданды. Мысалы, «Жарық жұлдыз», «Өткір көз» және т.б. Уақыт өткен сайын олар жеңілірек және жағымды естілетін түрге айналды.

    Психологтардың айтуынша, есімнің дыбысталуын музыкалық әуенмен салыстыруға болады. Айналадағы адамдарда адам есімінен туындаған сезім сол адамның өзіне автоматты түрде беріледі екен. Ерболат және Бибігүл есімдерінің қаншалықты әртүрлі айтылатынын байқап көріңіз. Алғашқы есімде жинақылық пен жігерлілік бар, ал екінші есімде нәзік жанға тән ерекшелікті байқауға болады. Есімнің сипаты адамның мінезіне ғана емес, сонымен қатар оның кейінгі өміріне де әсер етеді екен.

    Сондай-ақ адам өмірінде есімнің маңызы зор. Оның барлық іс-әрекеттері есімінің арқасында танымал болады. Осыған орай, «Оның есімі беделді», «Өз есіміңді ұятқа қалдырма» – деп айтып жатады.

    1-жұмыс парағы. Менің досым қандай?Досыңның суретін сал. Оның көңіл-күйін көрсетуге тырыс.

    Аты-жөні:

    Әр адамның есімі бар.«Әр есімнің өз мағынасы бар», – дейді менің атам.Атамның айтқаны дұрыс па? Тексеріп көрейік!

    Оқулық және жұмыс дәптерінің беттерінде кездесетін кейіпкер Ботамен таныстыру. Оларға «Дүниетану» сабағында немен айналысатыны туралы хабарлау.

    Сабақ тақырыбы бойынша жұмысты бастау үшін оқушыларды оқулықтың 1-бетіндегі суретке қарауын сұраймын.

    Сабаққа дейін қабырғаға «МЕН» сөзі жазылған шарды бекітемін. Бота шарын сабаққа алып келе жатқан кезде жоғалтып алғанын айтыңыз. Оқушыларға шарды табуға көмектесуге ұсыныс беріңіз. Шарда жазылған сөзді кімнің оқи алатынын сұраңыз. Олар бұл сөздің нені білдіретінін айтсын.Жауабы: «Мен» – бұл мен туралы айтылған сөз. Егер адам өзі туралы айтса, «мен» дейді.

    «Мен» сөзін хормен айтқызыңыз және сабақ тақырыбын хабарлаңыз.

    Салыстыр. Cуреттерге қара. Кімдерді көріп тұрсың?Суреттегі адамдарды салыстыр.Ұқсастығы мен айырмашылығын анықта.Мұғалімнің белгісі бойынша оқушылар тез арада мынадай ерекшеліктері бойынша топтарға жиналады:– көзі қара/мөлдір;– шашы ұзын/қысқа;– аяқкиімінің түсі қара;– есімдері бірдей және т.б.Біз қандаймыз? Бір-біріңе қара.Араларыңда бір-бірінен айнымайтын екі адам бар ма?Адамдардың ұқсастығы мен айырмашылығы туралы өз ойларыңды айтыңдар.Балалар мен үлкендер. Ер адамдар мен әйел адамдар. Барлығымыз адамбыз. Сен – адамсың. Бір адам басқа адамға ұқсамайды. Әрбір адам ерекше.Анықта. Кімнің зерттеуші болғысы келетінін сұраңыз. Зерттеу дегеніміз бір нәрсені толық анықтауға бағытталған бірқатар әрекеттерді орындау екенін түсіндіріңіз. Ботаның атынан барлық оқушылардың есімдері жазылған тапсырма-хатты көрсетіңіз. Бұл нені зерттеу керек екенін еске салады. Оқулықтағы 3-беттегі тапсырма мәтінін оқып беріңіз. Оқушылардан тапсырмада қандай нәтижеге тоқталу керек екенін түсіндіріңіз.Жауабы: Eсімнің нені білдіретінін айту.Өз есімінің мағынасын білетін оқушылардың пікірлерін сұраңыз. Көп ұлтты еліміздегі барлық халықтардың есімдері әдемі естілетінін айтып өтіңіз. Барлық оқушылар бір-бірін есімдерімен атайтынын түсіндіріңіз. Оқушыларға есімдері жазылған бейдждерді таратыңыз, оны сол аптада тағып жүрсін.Орындап көр. Бұл тапсырманың мақсатыбір-біріне жақсы көзқарас қалыптастыру үшін мектеп ұжымында іс-әрекетке, әдеттерге және тәртіпке қатысты ережелерді сақтауы тиіс екенін көрсету.Сынып оқушыларын жұптарға бөліңіз. Бірбіріне өзі туралы қызықты оқиғаларды айтып беруін сұраңыз. Сыныпты аралаңыз. Оқушылардың әңгімелерін тыңдаңыз. Әңгімелеген оқиғалары қызықты болған 1-2 жұпты тыңдаңыз. Олар өз оқиғаларын үнсіз қимыл арқылы сынып оқушыларына көрсетсін. Қалған оқушыларға бұл оқушы не туралы айтып жатқанын табуды ұсыныңыз. Барлық адамдарға жақсы болуы үшін сақталатын ережелердің атауын сұраңыз. 3-беттегі негізгі мәтінді оқып беріңіз.

    Сабақты қорытындылау

    Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру

    «Өрмек» жаттығуын қолданыңыз. Орам жіпті оқушыларға беріңіз. Орам жіпті алған оқушы есінде қалған оқушының есімін атайды, оған қысқаша тілек айтады. Жіптің ұшын өзі ұстап тұрып, орамды басқа оқушыға береді. Оқушылардың назарын танысуға арналған өрмек жіптің барлығын біріктіретініне назар аудартыңыз. Ботаның хатын оқығаннан кейін тірек сөздерді хормен айтқызыңыз. Бұл сөздерді алақандарын соғып отырып, айтсын. Қандай сөздің қысқа, ал қандай сөздің ұзақ айтылатынын сұраңыз. Оқи алатын оқушыларға оқытуға болады.

    Жауабы: Man (ағылш. тілі) – қысқа (1 шапалақ), адам (қаз.тілі) – (2 шапалақ), человек (орыс тілі) – ең ұзақ (3 шапалақ).

    Пәнаралық байланыс Қосымша тапсырмалар Жаратылыстану. Оқулықтың 6-бетіндегі «Салыстыр» тапсырмасы.Өнер. Дәптердің 3-бетіндегі «Менің досым қандайтапсырмасы. Отбасымен өзара байланыс жасау мақсатында оқушыларға «Анықта» тапсырмасын ұсыныңыз. Ата-аналарынан өзіне неліктен осындай есім бергенін біліп келуге тапсырма беріңіз. Бағалау

    Оқушылар– сыныптастар арасындағы ұқсастық пен айырмашылық туралы;– әр адамның ерекшелігі және бірегейлігі туралы;– өз есімінің, сыныптас оқушылардың есімдерінің мағынасы туралы;– іс-әрекетке, әдеттерге және тәртіпке қатысты ережелерді сақтау қажеттілігі туралы білді.Оқушылар– өзі туралы әңгімелеуге, сыныптастарын есімдерімен атауға;– сыныптастары арасындағы айырмашылық пен ұқсастықты табуға;

    – Қарым-қатынас және тәртіп ережелерін сақтауға үйренді.

    Қорытынды бағамдау Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.2: Рефлексия.Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?