Ашық сабақ «Асыл сөз» Абдрахман Асылбек 3 сынып Әдебиеттік оқу
Ашық сабақ «Асыл сөз» Абдрахман Асылбек 3 сынып Әдебиеттік оқу
Автор: Кабышева Мадина Маликовна
Бағыты: Бастауыш сынып Бөлімі: Ашық сабақ Сыныбы: 3 сынып
Жарияланған уақыты: 2019-02-02
Материал туралы қысқаша түсінік
3 сыныптардағы әдебиеттік пәнінен сабақтарға көмек ретінде қолдануға болады. Бұл ашық сабақты өткіздім. Сабақ мақсатына жетті. Балалар тақырыпты меңгерді.
Пән: Әдебиеттік оқу | Мектеп:Лебяжі жалпы орта білім беретін мектеп | |
Күні: 21.01.2019 ж. | Мұғалімнің аты-жөні:Кабышева Мадина Маликовна | |
Сынып: 3 «Б» | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: |
Бөлім | Өнер | |
53-сабақтың тақырыбы | Асыл сөз | |
Оқу бағдарламасына сілтеме | 1.5 Тыңдалған шығарма бойынша пікір білдіру. | |
Оқу мақсаттары | 3.1.5.1 – нақыл сөздерді табу және қолдану. | |
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: нақыл сөздерді табады. Көптеген оқушылар: нақыл сөздерді табады және мағынасын түсінеді.Кейбір оқушылар: нақыл сөздерді өз сөздерінде қолданады. | |
Бағалау критерийлері | Өлеңнен нақыл сөздерді табады Қажетті ақпаратты суретпен байланыстырады Ойын нақыл сөзбен көркемдейді | |
Құндылықтарды дарыту | «Азаматтық жауапкершілік», «құрмет», «еңбек пен шығармашылық» сияқты құндылықтарын бойына сіңіру, адамгершілік құндылықтарды сақтау. | |
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану. Қазақ тілі | |
АКТ-ны қолдану дағдылары | Моноблок | |
Алдыңғы білім | Әнет баба өсиеті | |
Жоспар | ||
Уақыт | Жоспарланған жұмыс түрлері | Ресурстар |
Сабақтың басы | Қызығушылықты ояту. А. АмандасуӘ.ҰйымдастырушылықкезеңіПсихологиялық дайындық.Қол алысып, кәне, біз,Достасайық бәріміз.Айтарым бар сендерге,Тез тұрыңдар шеңберге.Қандай жақсы бір тұру,Достарменен бір жүру!Қандай жақсы дос болу! Жұппен шеңберге тұру.Оң құлақпен, сол құлақпен ,Оң иықпен, сол иықпенОң қолмен, сол қолмен амандасуОң жақ тіземен, сол жақ тіземен амандасу.Арқаларымызды түйістіріп амандасамыз.3 топқа бөлініп отыр.Кәне, балалар, топ ережелерін есімізге түсірейік. 1.Бір- бірімізді тыңдаймыз. 2.Бір-біріміздің сөзін бөлмейміз. 3.Сабақта белсенділік танытамыз. 4.Бірігіп жұмыс істейміз.5.Бірігіп жұмыс жасаймыз6.Бір-бірімізге көмектесеміз 7.Топтық шешім қабылдаймыз. | Үлестірмелі қима-қағаздар |
Сабақтың ортасы |
Үй тапсырмасын сұрау.«Сок түтікшелері» әдісі арқылы өткен сабаққа әр топтан бір оқушыдан сұраққа жауап береді. Айтылым.3 топқа 1 топ. Неше би бар? Оларды ата.( Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би)2 топ.Төле би ел билігіне неше жастан араласты?3 топ.Әнет бабаның өсиетін Қазыбек би қалай түсінді?Ой қозғау.Балалар, алдарында жатқан қима-қағаздарды біріктіріп, бір сөз шығарыңдар.Оларды қалай түсінеміз? 1 топ. Амандасу ; 2 топ. Кішіпейіл. 3 топ. Әділетті.Оқушылар осы 3 сөзді біріктіріп, бір сөзбен қалай айтуға болады? Жарайсыңдар, енді бүгінгі өтетін тақырыбымыздың аты «Асыл сөз». Себебі, осы сөзді естігенде адамдар көңілденеді, шабыттанады, қуанады. 13 бетті ашамыз.Бүгінгі сабақтың мақсаты: Нақыл сөздерді табу және қолдану.Оқулықпен жұмыс. Оқылым.
1.Бала кіммен қонаққа барады? (Әжесімен)2.Бала әжесіне қандай сұрақ қояды? (Әже маған неге құлақ ұстата береді? )3.Әжесі сұраққа қалай жауап берді ? ( Жақсы сөздерді тыңдау, жақсы сөздерді тыңдап өссін деген мағына береді) Қорытынды: Сонымен, балалар, мәтіннің негізгі идеясы қандай? ( жамандықтан аулақ болу, жақсылыққа ұмтылу )2. Түсінгенін пайдаланып, Сырым шешеннің сөзіне талдау жасайды: Оқушы нақыл сөзді оқиды. Су анасы – бұлақ, Сөз анасы – құлақ, Жол анасы – тұяқ. Сырым шешен дегеніміз кім? Білесіңдер ме? Сырым Датұлы 1712-1802 жылдары өмір сүрген қазақтың батыры, әрі шешен, биі. Шыққан тегі, кіші жүздің байбақты руы. Сырым шешен Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Сарыой ауылында дүниеген келген.Сергіту сәті. (АКТ)3.Тыңдалым. Абдрахман Асылбек – 1 мамыр 1938 жыл Жамбыл облысы Талас ауданы Үшарал ауылында дүниеге келген. Ол ақын. «Асыл сөз» өлеңін тізбектеп оқыту. Енді балалар өлеңнен түсінгендеріңді топтық тапсырма арқылы орындап, оны қорғайсыңдар.А. Асылбектің өлеңі тыңдалады. Жазылым. Айтылым.Әр топ тапсырманы орындайды, топпен тақтаға шығып қорғайды. 1 топ: «Асыл сөз» сөзіне А 3 қағазға ассоциация құрасыңдар. 2 топ: « Веер» әдісі арқылы 3 сұрақ құрастырады. 3 топ: «Пирамида» әдісі А 3 қағазға өлеңнен 5 негізгі сөз тіркесін теріп жазасыңдар. Мақсат, күтілетін нәтиже.Шешендердің, ақындардың көркем ойын өз тілдерінде қолданады. |
Үлестірмелі қима- қағаздарА 3 қағаздары Сергітуде АКТмоноблок |
Материалды сайттан тегін жүктеу
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.