Ашық сабақ. Аппликация.Тақырыбы : Піскен алмалар.

0
971









Ашық сабақ. Аппликация.Тақырыбы : Піскен алмалар.

Автор: Мусралинова Гульзада Кабдулмэликовна

Бағыты: Балабақша Бөлімі: Ашық сабақ Сыныбы: Мектепке дейінгі балалар

Жарияланған уақыты: 2019-01-29


Материал туралы қысқаша түсінік

Балабақша. Ашық сабақ. Аппликация.Тақырыбы : Піскен алмалар.




Екібастұз қаласы әкімдігі білім Коммунальное государственное бөлімінің №2 «Балдырган» казенное предприятие ясли-сад № 2бөбектер бақшасы коммуналдық «Балдырган» отдела образования мемлекеттік қазыналық кәсіпорны. акимата города Экибастуза.

Ашық сабақ.Білім беру салысы: Шығармашылық.Бөлімі: Аппликация.Тақырыбы: «Піскен алмалар»

Тәрбиеші: Мусралинова Г.К.

2018 ж.Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті картасы

ТәрбиешініңТАӘ:_______________ Тобы: IІ«Ә»-сәбилер. қатысқаны___қатыспағаны___Өтпелі тақырып: Сау боліп өсеміз.Білім беру салысы: Шығармашылық.Бөлімі: Аппликация. Тақырыбы: «Піскен алмалар»Мақсаты: Желіммен жұмыс істеген кезде тиянақты болуға үйрету, тілдерін дамыту. Міндеттері: 1.Білімділік: Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру.2.Дамытушылық: Шығармашылдық ойын дамыту.3.Тәрбиелік: Табиғатты аялауға тәрбиелеу.Билингвальді компонент: күз-осень, алма-яблоко.Сөздік жұмыс: жемістер, күз. Құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: алма бағының суреті, себет, қуыршақ.

Тәрбиешінің әрекетіБалалар қызметі
КіріспебөлімҒажайып сәт:-Балалар,бізге қонақ келді.Оның кім екенін білу үшін жұмбақ шешйік.ЖұмбақЖапырақты бояды,Атырапты бояды.Бояп-бояп барлығынСап-сары ғып қояды.

Жұмбақ шешеді.Жауабы: күз.

НегізгібөлімТәрбиеші. Балалар,кәнекей,алма бағын жасап,күзге сыйлайық.Үлестірмелі материалға назарларын аударады.Жұмыстың орындалу ретін түсіндіреді.Алдымен жырту тәсілімен ағаштың діңін жасап,желімдейміз.Көп емес,азғана жыртып,жапырақтарды жабыстырамыз.

Соңында піскен алмаларды жабыстырамыз.-Жапырақтардың түсі қандай?-Алмалардың түсі қандай?

Сергіту сәті:Жалғыз саусақ тіпті деҰстай алмас жіпті деЕкі саусақ бірікті,Ине қолға ілікті.Үш саусағым орамды,Жүгіртеді қаламды.Өнерлі екен он саусақ:Қала салсақ, жол салсақ.

Билингвальді компонент: күз-осень, алма-яблоко.Сөздік жұмыс: жемістер, күз.

Жұмысқа кірісуді ұсынады.Балалармен жеке жұмыс жүргізеді.

Тәрбиешіні тыңдайды, жауап береді.Үлестірмелі материалдағы үлгіні қарастырады, жұмыстың орындалу ретімен танысады.

-Жапырақтар жасыл.-Алмалар қызыл.

Мәтінге орай қозғалыстарды келтіреді.

Қайталайды: күз-осень, алма-яблоко.Қайталайды: жемістер, күз.

Жұмысқа кіріседі.

ҚорытындыбөлімТәрбиеші.-Күз, қарашы, барлық ағаштарды қосып, қандай алмалы бақ жасадық!

Күз:-Рақмет, балалар, еңбектерің үшін менен күздің жемісін-қып-қызыл тәтті алмаларды алыңдар. Балалармен қоштасады.

Балалар жасаған жұмыстарын талдайды.Қуаныштарын білдіреді.Күзбен қоштасады.

Күтілетін нәтиже:Жаңғыртады: дәстүрден тыс жапсыру-жырту тәсілін.Түсінеді: күздің белгілерін және жемістердің-алмалардың қайда өсетіні туралы.Қолданады: жапсырмаларды тиянақты жапсырады.







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.