Ашық сабақ Аквариумдағы балықтар Ортаңғы топ

0
467









Ашық сабақ Аквариумдағы балықтар Ортаңғы топ

Автор: Нурова Булбул Бердихановна

Бағыты: Балабақша Бөлімі: Ашық сабақ Сыныбы: Мектепке дейінгі балалар

Жарияланған уақыты: 2019-01-29


Материал туралы қысқаша түсінік

4-5 жастағы балаларды балықтың құрлысымен және түрлерімен таныстыру.Олардың пайдасы мен зияны жайында мағлұмат беру.Аквариумдағы балықтарды қалай күтіп, баптауға үйрету.




Білім саласы: «Шығармашылық»Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: ЖапсыруТақырыбы: «Аквариумдағы балықтар»Мақсаты: Балаларға балықтардың түрлерін таныстыра отырып, тақырып бойынша білімдерін қалыптастыру. Тірі табиғатқа деген қызығушылықтарын, сүйіспеншіліктерін арттырып, оның әсемдігін сезіне білуге, оларға қамқор болуға баулу. Балықтардың дене мүшелері, тіршілігі және іс-әрекетімен таныстыру. Түрлі қию тәсілдерін қолданып, бірнеше бөліктен балықтың дене мүшелерін құрастырып жапсыру, іскерліктерін дамыту.Табиғатты аялауға тәрбиелеу.Көрнекіліктері: Балық түрлері,аквариумдағы балықтар, қайшы, желім.Сөздік жұмыс: Желбезек, жүзбе қанаттары, қабыршақ.Билингвальды компанент: балық-рыба, су-вода.

Іс-әрекет кезеңдеріПедагогтің іс-әрекетіБалалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушылықШаттық шеңбері:Қуан, шаттан балақайЖарқырайды аспандаКүн алақай!Атқан таңға, шыққан күнгеСәлем беріп,Тілейік бақыт, баршаңызға осындай.Қайырлы таң апайлар!Біз- ерекше боламыз,Біз еңбекқор боламыз!– Жарайсыңдар, балалар, орындарыңа отыра қойыңдар.– Балалар, қазір біз «Кім епті?» деген ойын ойнасақ, ойнағыларың келе ме?(Ойын шарты түсіндіріледі)– Балалар, менің қолымдағы не деп ойлайсыңдар?– Бұл – қармақ.– Қармақпен не істеуге болады?– Балық аулауға.– Жарайсыңдар! Балалар, бұл- жәй қармақ емес, сиқырлы қармақ. Осы қармақпен балық аулап көреміз бе?(Магнитті қармақпен балалар біртіндеп балықтарды аулайды. Аулаған балықтардың аттарын қайталап айтқызу.)-Бұлардың барлығы балықтар.– Балықтар қайда тіршілік етеді? (суда, теңізде, көлде, мұхит және де аквариум. Балықтардың түрі өте көп:тұқы, бақтақ, ақсерке, шортан, алабұға ,сазан, шабақ, жайын, ақ балық, тағы басқалары.Балықтарды зерттейтін ғылым- ихтиология деп аталады.Ал бізде тек қана тап қазір аквариумдағы балықтар бар. Аквариум (су қойма-су жануарлар мен өсімдік өсіруге және зерттеуге арналған шыны ыдыс.Аквариумдағы балықтардың тіршілігі көлдегі, теңіздегідегі балықтарға ұқсас, тек олар шыны аквариумда өмір сүреді, біз оларға күтім жасаймыз. Аквариумды жуып тазалаймыз, тамағын саламыз.Балалаған балықтарды басқа аквариумда ұстап,өскеннен кейін қосамыз.т.с.с.Күн сайын 15минут қарап отырсан жүйке жүйе жақсарып, көңіл-күй сергиді екен.

Балалар шеңбер жасап тұрып, өлең жолдарын қайталайды.

-Иә,алақай.

-Қармақ

Балық аулауға.

-суда, теңізде, көлде

Мұқият, тыңдайды.

Ұйымдастырушылық кезең

Балалардың назарын үлестірмелі материалдарға аударады.Жұмысты жасау реті түсіндіріледі, көрсетіледі.Денелердің пішінін анықтап, балаларға сопақ пішінді балықтың денесін, құйрығын, қанатын қалай қиып жапсыратындығы түсіндіріледі.Қауіпсіздік ережелері еске түсіріліді.

Балалармен жеке жұмыс жүргізіледі.Олай болса, жұмысқа кіріспес бұрын қолсаусақ жаттығуларын жасап алайық.Балық жүзеді,Балық қанаттарын желпиді.Балық тамақтанады,Балық дем алады.

– Өте жақсы дайын болған аквариумдарынды мына көрмеге орналастырайық.

Сергіту жаттығуы:Біз жүземіз оң жаққаБіз жүземіз сол жаққаШоршимыз көл астындаЫршимыз көл үстіндеТұңғиыққа батамызТәтті ұйқыға жатамыз.-Кане, балалар жұмбақ жаттап алайықшы.Суда өседі, өнедіСыртқа шықса өледі

Үлестірмелі материалдарды қарастырады.

Жұмысты жасау ретімен танысады.

Балалар қайшымен, желіммен жұмыс істеудегі қауіпсіздік ережелерін айтады.

Саусақ жаттығуын орындайды.

Жұмысқа кіріседі, тапсырманы орындайды.

Сергіту жаттығуларын орындайды.

Балалар жұмбақты қайталап, жаттап алады.

Рефлекциялық түзетушілік

-Балалар,сендерге достарыңның жұмысы ұнады ма? Сендерге қандай жұмыстар ұнады? -Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын.Жер бетіне бір шықпас,Су түбінде тұншықпас.Сөйлемейді, үндемейді,Пісірсе оны кім жемейді.Суда оның өмірі, суда оның қорегіБұл не?Қорытынды.Балық түрлері, тіршілігі , құрылысы және оларды күтіп баптау туралы еске түсіру.Балалардың жауаптары.

-балық

Балалар өз пікірлерін айтады.

Күтілетін нәтиже:Біледі: балық түрлері,олардың тіршілігі туралы,балықтың тек қана суда өмір сүретіндігін және аквариумда тіршілік ететін балықтарға жағдай жасау керектігін;Түсінеді: аквариумда балықтар, өсімдіктер болатынын;Қолданады: балық жасау үшін геометриялық пішіндерді пайдаланады.







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.