Ашық сабақ Африка халқы 11 сынып

0








Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады




Ашық сабақ Африка халқы 11 сынып

Автор: Кубегенова Дина Уразовна

Бағыты: География Бөлімі: Ашық сабақ Сыныбы: 11 сынып

Жарияланған уақыты: 2019-02-12


Материал туралы қысқаша түсінік

— Африка халықтары туралы жалпы түсінік беру;
— Африка халықтарының ұлттық, тілдін, діндік ерекшеліктері туралы мағлұмат бере отырып меңгерту;
— Сабақта сұрақ – жауап, тапсырмаларарқылы Африка халқымен таныстыра алатындай етіп терең ойлауға, еркін сөйлеуге тапсырмалар беріп оқушылардың өз – өзіне сенім арттыру




Сабақтың тақырыбы: Мектеп:
Күні: Мұғалімдер:
Сынып: Қатысқандар саны: ……. Қатыспаған саны: ………
Сабаққа негізделген оқу мақсатты / мақсаттары
  • Африка халықтары туралы жалпы түсінік беру;
  • Африка халықтарының ұлттық, тілдін, діндік ерекшеліктері туралы мағлұмат бере отырып меңгерту;
  • Сабақта сұрақ – жауап, тапсырмаларарқылы Африка халқымен таныстыра алатындай етіп терең ойлауға, еркін сөйлеуге тапсырмалар беріп оқушылардың өз – өзіне сенім арттыру
  • Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар:

  • Африка материгінің саяси жағдайларын, тарихи қалыптасу кезеңдерін айта алады;
  • Оқушылардың басым бөлігі:

  • Климатын, табиғат ресурстарының таралуы туралы айта алады;
  • Кейбір оқушылар:

  • Халықтың тілдік, ұлттық, діндік құрамы туралы және урбандалу деңгейі туралы айта алады;
  • Сабақта қолданылатын әдіс тәсілдер: «Африка туралы не білеміз?», «Сәйкестендіру кестесі», «Қалған ойды толықтыр», «Домино», «Географиялық есеп», «Сұраққа жауап», «Сөз тапқанға», «роунд Робин».
    Алдыңғы оқу §48 Африканың дамушы елдері. Құрамы, геосаяси жағдайы, саяси картаның қалыптасу кезеңдері, мемлекеттік құрылымы.
    Ресурстар: Оқулық, маркер, түрлі – түсті пламастерлер, А4 – қағаздары, стикер, желім. Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы,интербелсенді тақта.
    Жоспар
    Жоспарлаған уақыт Жоспарлаған әрекеттер Бағалау критерийлері
    Басталуы.10 минутҰйымдастыру кезеңі2 минутҚызығушылықты ояту3 минут
  • Оқушылармен сәлемдесу.
  • Сыныпты түгендеу.
  • Психологиялық ахуал қалыптастыру.
  • Тапсырма орындату арқылы топқа бөлу.
  • Бағалау парақшаларын тарату.
  • Үй тапсырмасын сұрау.
  • І. «Африка туралы не білеміз?» топтарға тапсырмалар таратып беріп, содан соң жауаптарын бір – біріне алмасып дұрыстығын тексереді.

    Сұрақ – жауап топтық бағалау.

    Миға шабуыл.5 минут ІІ. «Миға шабуыл». 4 түрлі – түсті қағаздардың қиындылары үстел үстінде жайып тасталынады. Оқушылар қолына ілінген қағаз қиындысының түстерімен топқа бөлінеді. Топ мүшелері қолдарындағы қиындыларды құрастырып, сұраққа жауап береді.Жауаптар бойынша топтар:І – топ. «Ніл».ІІ – топ. «Мысыр».ІІІ – топ. «ОАР».IV – топ. Олдувай шатқалы» болып бөлінеді.
    Ортасы.

    Бейнеролик – 2-3 минут

    Түсіну5 минут

    Қолдану6 минут

    Сергіту минуты2 минут

    Талдау10 минут

    Жинақтау

    Жаңа сабақ. Мұғалімнің кіріспесі.§49 Халқы. Африка халқы туралы жалпы түсінік.

    Бейнеролик«Қалған ойды толықтыр» тапсырмасын оқулықты пайдалана отырып орындайды.

    «Сұраққа – жауап». Оқушыларға сұрағы бөлек, жауабы бөлек парақшалар таратылып беріледі. Сұрағы бар оқушы сұрағын оқиды. Жауабы бар оқушы жауабын оқиды.

    «Сергіту сәті», «Сөз тапқанға». Оқушыларға әріптер таратылып беріледі. Сонан соң сұрақтар қойылады. Сұраққа жауапты қолындағы әріпке байланысты жауап береді.І – топ. «Географиялық есеп». Африканың бір халқының орташа орналасу тығыздығын табу.ІІ – топ. «Домино». Оқушыларға қима қағаздар таратылып беріледі. Онда бір сөйлем жазылған. Олар сөйлемді дұрыс құрастырып шығады.ІІІ – топ. «Сәйкестендіру кестесі». Оқушылар кестені орындайды.IV – топ. «Постер қорғау». «Африка дағы арабтар» тақырыбында қорғайды.

    Аяқталуы6 минут

    Бағалау.2 минут

    Үйге тапсырма1 минут

    «Роунд – Робин» әдісі. Оқушылар бүгінгі тақырып бойынша әрқайсысы бір сөйлемнен айтып шығады.Бағалау, формативті бағалау, жиынтық бағалау. Кері байланыс үшін стикерлер таратылады. Үйге тапсырма §49 Халқы. Африка халқы туралы эссе жазу.

    INSERT кестесі

    INSERT – кестесіОқушы аты – жөні__________________________________

    Білемін

    Білдім

    Білгім келеді

    Сұрағым бар

    INSERT – кестесіОқушы аты – жөні__________________________________

    Білемін

    Білдім

    Білгім келеді

    Сұрағым бар

    INSERT – кестесіОқушы аты – жөні__________________________________

    Білемін

    Білдім

    Білгім келеді

    Сұрағым бар

    Әлемнің бірінші керемет – ХЕОПС пирамидасы мысырдың астанасы Каирдің Оңтүстігінде орналасқан
    Египеттіктер б.з.д. IV – ІІІ мың жылдықта қамыстан жасалған папирусқа иероглифпен жазды.
    Ең жоғары дәрежеде дамыған ғылым – геометрия болып, түрлі фигуралардың аудандарын есептегі білген
    Египеттіктер аспан әлемі жөніндегі білімдері негізінде тұңғыш рет күнтізбе жасаған
    ІХ – ХІІ ғ.ғ. Египттегі философиялық, тарих ғылымдары зор табыстарға жеткен.
    Египеттіктер 1 жылды немесе 365 күнге бөлді.
    Ежелгі Египетте «Өмір үйі — деп медицина мектебін атады. Ота жасай білді.
    VІІ ғ. Ортасына қарай Египет халқы ислам дінін қабылдап, араб тіліне көше бастады.
    Б.з.д. ХV ғ. Аменхотеп перғауын дәни реформа жүргізді.
    Мазары тоналмаған перғауын Тутанхамонның қабірін археолог Т. Картер 1922ж. ашты.
    Аксум (қазіргі Эфиопия) мемлекеті ІV ғасырда христиан дінін қабылдады.
    ХІ ғ. 70 – ші жылдары Каирде инб – Тулун мешіті салынды.
    Африкадағы ең бай елдерінің бірі — Нигерияда 100 млн халық тұрады.
    Орта ғасырлардағы Сонгай мемлекетінің астанасы Гао қаласында 75 мың халық болды.
    Дүниежүзілік «туу чемпионы» атанған ел – Кения
    1004 ж. Каир қаласында обсерватория салынды.
    Ислам мәдениеті дамыған елдер – Тунис, Алжир, Марокко.
    Қазіргі таңда Африка отарлық жүйеден толық құтылып, 52 мемлекет өмір сүруде.







    Материалды сайттан тегін жүктеу

    Жүктеу

    Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


    Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.