ашық сабақ

0









ашық сабақ

Автор: Бекишова Ақмарал Абиевна

Бағыты: Бастауыш сынып Бөлімі: Ашық сабақ Сыныбы: 4 сынып

Жарияланған уақыты: 2019-02-04


Материал туралы қысқаша түсінік

ашық сабақ




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ«СОЗАҚ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ«ШОЛАҚҚОРҒАН» ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕБІ»КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Инклюзивті білім беруде ақпараттық технологияларды қолданудың тиімділігі

Секциясы: бастауыш сынып

Бекишова Ақмарал АбиқызыБАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМІ

Шолаққорған-2019

Аннотация

«Инклюзивті білім беруде ақпараттық технологиялық қолданудың тиімділігі»тақырыбындағы бастауыш сынып мұғалімі Бекишова Ақмаралдың баяндамасында ерекше сұраныста қажет ететін мүмкіндігі шектеулі оқушыларға білім беруде,әлеуметтендіруге қолайлы орта туғызуда ақпараттық-технологияны қолданудың артықшылығы туралы мәселе қозғалған.Ақпатарттық технологияларды көмегімен келешекте шектеулі балаларға білім беру жүйесінде түрлі кедергілерді жеңуге болатындығы айтылаған.

Жоспар

1.КіріспеАқпараттық технология-бүгінгі күн талабы 2 Негізгі бөліма) Инклюзивті білім берудің ерешеліктері ә)Оқу үрдесіндегі компьютерді қолдану міндеттеріб) Түзете дамыта оқыту сыныптарындағы АКТ-ны қолданудың артықшылықтары.3. Қорытынды

Шығармашылықтың тақырыбы

жылдамдығы

«Әлем өзгергендіктен сіз де өзгересіз жәнеқазіргі сәтте өзгеріссіз қалу өте қауіпті екенінбілесіз.Сіз өзгерсіз,себебі сіз білім алғанды,білімбергенді жақсы көресіз,тез өзгеретін әлемдебалаға бағыт беріп  отыратын,білім беретінсіз қажетсіз.Сондықтан сізде,балада өзгеруіқажет »С.Бич.Инклюзивті білім берудегі мақсаты: Даму мүмкіндігі шектеулі балалардің қалыпты балалармен бірге білім беруге .Яғни адам жынысына,дініне шығу тегіне қарамастан тең құқылы.жеке тұлға ретінде білім беру жүйесі болып табылады.Инклюзивті білім берудің бір формасы бұл арнаулы білім беру жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан және даму үрдесіндегі формаларды ығыстырмайды.Жалпы білім беретін мектепте мүмкіндігі шектеулі оқушыларды бірлесіп (интерграциялы түрде) оқуын ұйымдастыру болып табылады.Әр оқушының білім алуда өз ерекшеліктері бар .Мәселе әр оқушының эмоциялық және психалық таным процесінің даму деңгейі әртүрлі десекте қазіргі таңда әр оқушыға жеке тұлға ретінде қарап ,саналы тәрбие сапалы білім беру керек ол өмір талабы болып табылады.Міндетті Ақпараттық технологиялар күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігіне айналып, уақыт өткен сайын адам іс-әрекетінің барлық салаларына еніп келеді. Ақпараттық технологияларды қолдану сандық формаларда көрсетілген түрлі ақпаратпен жұмыс істеу үдерісін тездетеді және жеңілдетеді. Мүмкіндігі шектеулі оқушылардың ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілігін қалыптастыру бірқатар елдің білім беру жүйесіндегі басым бағыттардың бірі болып табылады. Түзете дамыту сыныптарындағы оқушыларды айтылған құзыреттіліктерді меңгеруі – уақыт талабы, ал бұл талап ақпараттық технологиялардың әр түрлі білім беру салаларын кіріктіруге арналған ресурстар мен техникалық құралдар ұсынып, өзге оқу пәндерін оқытудағы жаңа аспапқа айналуынан туындап отыр. «АКТ» пәніне оқытудың мақсаты оқушыларды, оқуда және күнделікті өмірде тиімді қолдану үшін, қазіргі ақпараттық технологияларының негізгі білімімен, жұмыс жасау дағдылары және қабылеттерімен қамтамасыз ету болып табылады. Күтілген нәтежесі: Оқу процесін зерттеу мен оның бастауыш сатыдағы даму ерекшеліктеріне байланысты түзете дамыту сыныптарындағы балаларға ақпараттық технологияларды толық өздері қолдана алатындай болды.

КіріспеБәскекге қабілетті білім кеңестігін құруға бағытталған қазақстандық білім беру реформасының басты мақсаттарының бірі-инновациялық технологияларға сүйене отырып,баланың бойында шығармашылық ойлауды дамытуға мүмкіндік жасау болып отыр.Мұндай күрделі міндеттерді шешуде мүмкіндігі шектеулі балалардың алатын орны ерекше.Оқушылардың білім берудің кейінгі сатыларында нәтежелі дамуын Анықтайтын негізгі –түзете дамыту сыныптарында қаланатындығы баршамызға мәлім.Қазіргі кезеңде еліміздің білім беру ұйымдарында оқыту процесін ізгілендіру мақсатында көптеген жұмыстар жасалуда .Инновациялық білім беру құралдарына:аудио-видео құралдары ,компьютер ,интерактивті тақта,интернет, компьютер-мультемедиялық құрал,электрондық оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешен , инновациялық ақпараттық банк, инновациялық сайт және тағы басқалар жаттады .Сондықтан да қазіргі таңда көптеген интерактивтік бағдарламалық бөлімдер ,қозғалмалы обьктілер құруға мүмкіндік беретін векториялық және графикалық жабдықтар көптеп шығып қолданыс табуда Тақырыптың өзектілігі :Жыл санап мүмкіншілігі шектеулі балаларға деген қоғамның көзқарасы өзгеріп келеді. Бұрынғыдай оларды бақытсыз адам ретінде қарамай, қоғамның белсенді мүшесі және өз тағдырына батыл сеніммен қарайтын адам ретінде қабылдауда. Осы орайда әлеуметтік қызметкерлердің міндеті – қоғамдағы мүмкіндігі шектеулі балалардың жанайқайын, яғни ауруының себеп – салдарын анықтап, оның бала ағзасының дамуына қандай бөгеттер жасап отырғандығын анықтау, мүмкіндігі шектеулі балалармен олардың отбасындағы қарым – қатынасын дамытып, дені сау балалармен аралас –құралас өсуіне жағдай туғызу, қоғам мен жеке адамдардың түсінігіне жарымжан балаларға әкез жәрдем беруге әзірлігін қамтамасыз етуге үйрету. Есту қабілеті бұзылған баланың өмірге келуі шын мәнінде отбасында психологиялық өзерістерге алып келеді. Мүмкіндігі шектеулі баланың тәрбиесі – дефектологияның негізгі ұғымдарының бірі. Бұл процестің мақсаты мен міндеті – жалпы педагогикалық принциптерімен анықталған, яғни,оларды қоғамдық пайдалы өмірге бейімдеу, азаматтық қасиеттерін қалыптастыру, бұлардың бәрі дефектіге сәйкес деңгейде, соған тән әдістемелермен жеткізілуі тиіс. Тәрбиенің бұл түрі қана педагогтармен ғана емес, арнайы мамандардың көмегімен жүзеге асқаны орынды.Және бұл қарым – қатынас қалыпты жағдайда өзара түсіністік, бір – біріне көмек беру жағдайында өткені дұрыс. Жас ерекшеліктерін ескере отырып, шешім қабылдай алуға, өзін — өзі қамтамасыз етуге, еңбекке, тәртіп мәдениетіне, ұжымда еңбек ете алатындай деңгейге бейімдеу қажет. Мұндай балардың тәрбиесі өзара жақсы, түсіністікті қажет етеді және оларды оптимистік рухта, өз- өзіне сенімді тәрбиелеудің мәні зор.Бұл балаларға белсенді жағдайдан баяулыққа, жұмыскерлік көңіл-күйден жұмыссыздық жағдайына жиі өтіп тұру тән. Бұл баланың жүйкелік-психикалық жағдайымен байланысты. Сонымен бірге кейбір сыртқы  жағдйлар баланы бір қалыптан шығарып, күйгелектікке, уайымшылдыққа алып келеді.Мұндай балалар өз жұмыстарының нәтижесіне көп көңіл бөледі: мұғалімнен өзінің дұрыстығын талап етеді, жақсы бағаны ұнатады, бірақ жолы болмаушылыққа қатты күйінеді. Балалар қандай да болсын тапсырманы орындауда ересектердің көмегін нәтижелі түрде қолданады.Оқу әрекетін қалыптастырудағы түзету жұмысы сабақ уақытында қалаған оқу пәні кезінде жүзеге асырылады, әсіресе еңбек сабағында баланың көптеген қасиеттерін (батылсыздық, енжарлық, баяулық, т.б.) дамытуға болады.Баланы айналадағы ересектермен, құрдастарымен араласуға, өзіні-өзі қызмет етуге үйрете білу қажет. Баланы қоршаған ортамен таныстыра отырып, оны саяхаттарға, серуендерге шақыру қажет. Мұның барлығы оның дүниетанымын кеңейтеді, сөздік қорын дамытады.        Осы мақсатты орындауда әлеуметтік тәрбие мәселелерін көре білу, сезіну және шешу жолдарын қарастыру, мүмкіндігі шектеулі баланы әлеуметтендіруге қолайлы шарт жасау, кедергілерді мүмкіндігінше жоя білу, орнын толтыру. Мүмкіндігі шектеулі баланы қатарға қосу, әлеуметтендіру үрдісін дұрыс ұйымдастырып, түрлі әлеуметтік кедергіге қарсы тұра алатын тұлғаны қалыптастыруда барлық мүмкіндікті пайдаланамыз. Соның ең басты жолы – ақпараттық-технологияық құралдарды қолдану.Түзете дамыта оқыту сыныптары жеке компьютерлермен жабдықталған. Қосымша сабақтарды АКТ-ны кеңінен пайдалана отырып жүргізу оқушының да жан-жақты дамуына ықпал ететіні сөзсіз. Ақпараттық технологияларды пайдаланбайынша қазіргі өмірде бағдар табудың өзі қиын болатын жағдай туындауда. Сондықтан біздің басты міндетіміз – дамуында кедергісі бар оқушыларды әлеуметтік ортаға бейімдеп, өмірден өз бағдарын табуға ықпал ету. Осы орайда АКТ-ның алар орны ерекше болмақ.Біздің мектепте жаңа үлгіге сай компьютерлер, проектор, теледидар, интерактивті тақталар бар. Мультимедиа кабинеті жұмыс жасап тұр. Жекелеген пәндерді оқытуда электрондық оқулықтар қолданылады. Интерактивті құралдардың көмегімен мұғалімнің, оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашылып отыр. Арнайы мамандардың қосымша жеке, топтық жұмыстарында интерактивті тақта, теледидар, проектор, музыкалық орталықтарды қолдану жолға қойылған. Түзете дамыта оқыту сыныптарынан өзге жеке үйден оқытылатын оқушылар бар Олар компьютермен қамтылған. Осылайша арнайы білім беруді қажет ететін балаларға ерекше жағдай жасалған. Оқу үрдісіндегі компьютерді қолдану міндеттері:• Оқу үрдісіндегі кейінгі байланысты қамтамасыз ету;• Оқу үрдісін көрнекіліктермен қамтамасыз ету,• Кең таралаған білім көздерінен ақпаратты іздестіру,• Оқу үрдістерін немесе құбылыстарын құру;• Ұжымдық және топтық жұмыстарды ұйымдастыру;Компьютер білім беру саласында түрлі қызметтер атқарады:1. Оқыту пәні ретінде;2. Педагогикалық меңгеру жүйесінің компоненті (сыңары) ретінде;3. Білім беру мекемелерін басқару сыңары ретінде;4. Ғылыми –педагогикалық қызмет ретінде;Түзете дамыта оқытуда компьютерлік технологияның артықшылығы неде?• Ұсақ қол моторикасын дамытудың бір әдісі;• Көзбен тікелей көру арқылы тақырыпты тез түсінуге мүмкіндік алады;• Өзіндік ізденіс, өзіндік ойлау жүйесінің дамуына әсері мол;• Оқу материалын жеңіл меңгертуге оң ықпал етеді;• Фонематикалық қабылдауының дамуына көмектеседі; Оқуға деген қызығушылығын арттырады; Сонымен қатар, оқыту құралдары ретінде компьютермен жұмыс істеу тәсілдері әртүрлі: топпен, жеке, сыныппен. Бұл әдіс -әсіресе, түзете дамыта оқытылатын балалар үшін өте тиімді әдістердің бірі. Ақпараттық технологиялар әрбір оқушының білім беру үрдісіне шығармашылық қабілетін дамытуға айқын мүмкіндіктер береді.Сондай-ақ ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз өзіне сын көзбен қарауына және жеткен жетістігінен ләззат алуға мүмкіндік береді.Ол үшін мұғалім өткізетін сабағының түрін дұрыс таңдай білуі қажет.Сабақты дұрыс жоспарлап, мақсатын нақты белгілеп, сабақтың мазмұнын, құрылысын, дәлдігін, жұмыс жүргізу тәсілін мұқият ойластыруы қажет.Арнайы мамандарың, түзете дамыта оқыту сынып жетекшілерінің АКТ –ны үнемі сабақтарында қолданып отыруының нәтижесінде оқушылардың жыл сайын жалпы сыныптарға ауыстырып, әлеуметтендірудің жағдайы жақсы жолға қойылып келеді. Оқушыларды шығармашылыққа, өз бетімен іс-әрекет етуге, өз пікірін айта алатын, оны дәлелдей білетін, өмірге деген өзіндік көзқарасы қалыптасқан, үнемі ізденіс үстінде болатын, қоғам дамуына үлес қоса алатын, жан-жақты жетілген жас ұрпақ өкілдерін дайындай аламыз. Демек, кез-келген оқыту, тек білім беруден басқа түзете-дамыту жұмыстары болатын көрнекті-тәжірибелік сиқырлы іс-әрекет, ол виртуалдық іс-әрекет деңгейіндегі компьютермен жұмыс істеу. Жоғарыда атап өткендей мүмкіндігі шектеулі балаларды түзете-дамыта оқытудың негізігі жүйесі инклюзивті білім берудің практикалық адымы неғұрлым ерте ғылыми теориямен өзіндік үндестігін тапса, онда еліміздегі мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға деген оң көзқарас оңалар еді. Сондай-ақ инклюзивті білім берудің инновациялық жолдарын оның ішінде компьютерлік технология, интерактивті тақта сияқты білім беруге қажетті жаңа ақпараттық технологиямен қаматамсыз етілсе, келешекте мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беру жүйесінде ешқандай кедергілер болмақ емес.бүгінгі менің баяндамамда Қазіргі ақпараттық қоғамда өндірістің дамуының негізгі құралы болып ақпараттық ресурстардың қажеттілігі көрінеді. Сондықтан білім беру саласы да өзінің дамуы үшін жаңа қадамдарға баруда. Осыған байланысты адамға ақпараттар кеңістігінде дұрыс бағытты таңдауға мүмкіндік жасай алатын оқытудың жаңа технологиялары пайда болуда.Жаңа ақпараттық технологиямен орындалатын қызмет өзінің кез келген нақты формасында тиімдірек орындалады, адам өркениетті бола бастайды.Ұрпақ үшін кітаптың маңызы қандай болса, компьютер де оқушы үшін қоршаған əлемді танудың табиғи құралы болып табылады. Олай болса, барлық сабақтарды компьютерлердің қуаттануымен жүргізуді үйрену — бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мəселелерінің бірі.Соңғы жылдары білім беру аясы жүйесінде компьютерлік техниканы пайдалану белсенді түрде жүзеге асырылуда. Білім беру жүйесіндегі жаңа ақпараттық технология дегеніміз — оқу жəне оқу- əдістемелік материалдар жинағы, оқу қызметіндегі есептеуіш техниканың техникалық құралдары, олардың ролі мен орны туралы ғылыми білімнің жүйесін жəне оқытушылар еңбектерін жүзеге асыру үшін оларды қолдану формалары мен əдістері деген анықтама беруге болады. Яғни, ақпараттық технология — білім беру мекемесі мамандарының жұмысын жүзеге асырушы əдістер мен формалар жəне балаларға білім беруші құрал деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың бір сөзінде мүмкіндігі шектеулі баларды оқытқан кезде оларға тек оқуды ғана үйрету емес жаңа технологияларды пайдалануды да өздері қолдана алатындай мүмкіндік жасау керек деген. Сол себептен мен өз сыныбыма АКТ мен компьютермен жұмыс жасауды үйретім маған ең тиімді жол жаңа технологияларды пайдалану .Жаңа технологияларды пайдалана отырып. Осы орайда әдебиеттік оқу пәнінен сабағы,Абай Құнанбаевтың «Қыс » туралы өлеңін ұсынғым келеді.

Пәні: әдебиеттік оқу Сыныбы: 4
Сабақтың тақырыбы «Қыс» А.Құнанбаев
Мақсаты Оқушыларды қазақ халқының ұлы ақыны Абай шығармаларын оқып үйренуге баулу. Бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырып, кеңейтуге көмектесу. Оқушыларға бағыт- бағдар бере отырып, өздіктерінен жұмыс істеу, іздену, білім, іскерлік дағдыларын қалыптастыру, ой-өрісін, сөздік қорын, тіл байлығын дамыту.Туған жер табиғатын сүюге және қорғауға, ұқыптылыққа, тапқырлық пен ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Оқу нәтижесі өз бетімен талдайды, саралайды, ой түйеді;— шығармашылық арқылы мәтіннің мазмұнын түсінеді;— өз ойын еркін жеткізіп, пікірін қорғай алады.
Сабақта қолданылатын материалдар Кеспе қағаз, стикер, маркер Абай суреті.Қыс суреті, ребус, сабаққа қатысты сызба, оқулық
Оқыту әдістері Диалогтік оқыту
Дереккөздер Оқулық, суреттер
Тапсырмалар Топтық, жұптық, жеке
Көрнекілік АКТ видеоролик,слайдь
Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті
Сабақ барысы Мұғалімнің іс- әрекеті Оқушының іс-әрекеті Уақыты
Қызығушылықты ояту кезеңі
Оқушыыға психологиялық ахуал туғызу кезеңі Отан – жерім, Отан — суым,Отан қуат, нәр береді..Отан — ұран, Отан — туым,Отан мәңгі гүлденедіЖақсы тілек тілеу арқылы жайлы орта қалыптастыру. Сыныпты топтарға бөлу: Топтар бір – біріне сәттілік тілейдіСұрақтарға жауап бере отырып, өз топтарның аталуына мән ббереді, топ атауын қорғайды 3 мин
Үй тапсырмасын сұрау Өтілген тақырып бойынша үй тапсырмасын сұрайдыа) Сұрақ – жауап арқылы пысықтауә) Іштей оқытуб) Рөлге бөліп сахналаув) Үй тапсырмасын бекіту. «Су мен балық» мәтінін әңгімелеп, қосымша білген мәліметтерімен бөліседі 10 мин
Мағынаны ажырату кезеңі
Жаңа тақырып Балалар, бүгін қазақтың жазба әдебиетінің негізін салушы, дана, кемеңгер, ұлық ақынымыз Абай Құнанбаевтың табиғат жайында жазған «қыс» атты өлеңімен танысамыз.V. Мен сендерге үй тапсырмасы ретінде Абай туралы ізденіп, мәлімет жинап келуді тапсырған едім.І топ. Ақынның өмірбаяныІІ топ. Ақынның өлеңдері, шығармалары.ІІІтоп. Абайдың сазгерлігі.ІV топ. Абайдың қара сөздері.Әр топтан бір–бір топтан тұрып, өз жазғандарын оқиды. Оқушылар білетін мақал-мәтелдерін айтып жарысады, жауаптарымен диалог арқылы талқылайдыМәтінді бөлік бойынша бөліп оқып, түсінгендерін топта талқылайды 10 мин
Түсінік тексеру Олай болса, балалар, біз Абай атамыз туралы білетінімізді байқадық.. Абай атамызды бүкіл әлем таныды дедік, енді Абай атамызды бүкіл әлемге танытқан жазушы туралы кім біледі? Абай атамызды танытқан жазушы Мұхтар Әуезов. Қандай шығармасы арқылы? «Абай жолы» романы арқылы. Сұрақтар төңірегінде ой бөліседі 5 мин
Жаттығу жұмыстары 1.Автор қысты кімге теңеп тұр? (Қысты адамға,кәрі шалға)2.Шалдың киімдері қандай? (ақ киімді, үстін ақ қырау басқан)3.Киім деп отырғаны не? (Ол жауған қар,қатқан мұз)4.Автор суреттеп отырған шалды кімге ұқсатуға болады? (Аяз атаға)5.Өлеңдегі шалдың мінезі қандай? (Ол қатал, соқырылқау адам сияқты)6.Соқыр мылқау дейтін себебі не ? (Ол ештеңені көрмейді,аямайдыәрін тоңдырады)7.Түрі, түсі қандай? (Түсі ақ қырау сияқты, түсі суық болады)8.Түсі суық дегенді қалай түсінесіңдер ? (Қатал, ашулы адамның түсі суық болады).Ақын қысты жанды адам бейнесіндей с уреттеген. Бұл Абайдың жаңалығы, себебі Абайға дейін ешбір ақын табиғатты жанды нәрсеге теңемегенбай атамыз қыстың қатты болатынын, үскірік аязды қорқыныш әкелген қатал бейнеде көрсеткен.Мал баққан қазақ даласының тіршілігі мен бейнесін суреттеген. Әр топ тапсырманы талқылай отырып орындайды 1-топ. «Қыс қызығы» тақырыбына эссе жазу

2- топ. Қыс мезгіліне байланысты мақал- мәтелдер, таным- сенімдер айту.

3- топ. Өлеңді аяқтап жазу.………………………….даламыз………………………….баламыз…………………………..шанамыз……………………………боламыз.

4- топ. «Қыс келбеті» сурет салу.

8 мин
Үйге тапсырма Өлеңді жаттау. Күнделікке жазып алады 1мин
Бағалау Топтық, өзін-өзі бағалауы өзін-өзі бағалау жасайды 1мин

Қортындылай келе 4 «Д» түзете дамыту сыныбымда білім беру процесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияны тиімді пайлану әрбір сабақтарда пайдаланып отыру керек сондайақ мен бүгінгі баяндамамда әдебиеттік оқу сабағында оқушылардың дұрыс,шапшаң, мәнерлі оқуына аса көңіл бөліп отырамын сондайақ апта сайын оқу жылдамдығының көрсеткішін балаларға мониторник арқылы көрсетіп отырамын .

4 «Д» сынып оқушыларының әдебиеттік оқу пәнінен оқу жылдамдығының көрсеткіші

қ/с Оқушының аты-жөні 10.01.19 17.01.19 24.01.19 12.02.19 14.03.19 3.04.1
1 Аманғали Бижігіт 20 25 30 40 43 47
2 Әбдікәрім Гүлсім 20 20 30 35 36 42
3 Әлжанқызы Мерей 50 60 70 78 83 86
4 Қошқар Нұртүлеу 35 40 50 55 62 69
5 Құстаубай Бекнұр 30 35 40 43 47 52
6 Мәдібай Нұрдаулет 20 25 30 35 38 43
7 Өскенбай Диас 60 60 70 78 80 85
8 Рахымжанұлы Азат 50 40 60 65 68 73
9 Сексенбай Пернекүл 30 35 36 36 38 40
10 Тұрсын Аян 60 70 76 80 85 90

Пікір

Бекишова Ақмарал Әбиқызы «Білім беру процесінде ақпараттық –комуникациялық технологияны пайдалану» тақырыбында жазған баяндамасында, баланы алғашқы сабақтардан бастап әр түрлі әдіс тәсілдер арқылы тез оқу әдісіне машықтандырып келеді .Cабақтарды түрлі жаңа технология элементерін пайдаланып оларды дұрыс,шапшаң,мәңерлі оқуға төселдіре білген. Оқушылары сабақта топта,жұпта кез келген тапсырманы ұйымшылдықпен талқылай отырып орындап үйренген.Баяндамасында оқушылардың оқуға деген қызғушылығын ой –өрісін,дүниетанымын кеңейтуге әсері туралы жүйелі айтылған.А.Бекишова баяндамасы аудандық тамыз педагогикалық оқуларына ұсынылады.

1. «Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылға арналған Мемлекеттік бағдарламасы» Астана, 2010 ж2. Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық педагогикалық түзету арқылы қолдау туралы. ҚР 2002ж №343 заңы3. Дефектологиялық сөздік .4 отбасы және балабақша журналы 2010 ж







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.




Тегтер:Ашықсабақ