Ашық сабақ 11-ден 20-ға дейінгі сандарды салыстыру 1 сынып

0

САБАҚ: Математика Мектеп Күні: Мұғалімнің аты-жөні: СЫНЫП: 1 сынып Қатысқандар: Қатыспағандар: Оқумақсаттары 1.1.1.2** бір таңбалы сандарды/ 11-ден 20-ға дейінгі сандарды салыстыру1.5.2.2 ** «+», «-», «=», «≠», «>», «1.2.1.6 екі амалды жақшалы және жақшасыз өрнектере арифметикалық амалдардың орындалу тәртібін анықтау, олардың мәнін табу Бағалау критерийлері:

  • Оқушыларға берілген үш санды қосу және азайту үшін амалдардың орындалу реті туралы ұғымды қалыптастыру­ (жақшасыз).
  • Екі амалды жақшалы және жақшасыз өрнектере арифметикалық амалдардың орындалу тәртібін анықтап, олардың мәнін табу керектігін түсіну
  • Екі амалды өрнектерді күнделікті өмірде кездескенде қолдану
  • Ойлау деңгейлері:БілуТүсінуҚолдану Тілдікмақсат:Оқушыларға өз әрекеттерін түсіндіруде, есептеу нәтижесін хабарлауда математикалық тер­ миндерді дұрыс қолдануға көмектесіңіз. Амалдың­ орындалу ретіне берілген тапсырманы орындаған­ кезде оқушыларды тірек сөздерді дұрыс айтуға жаттықтырыңыз.

    Түйінді сөздерді үш тілде айта алу.

    Түйінді сөздер мен сөз тіркестері:Екі-два-two, сан-цифр-number Талқылауғаарналғансұрақтар:Не себепті ….. деп ойлайсың?— Қай сан 5-тен 2-ге артық?— Қай сан 15-тен 3-ке кем?— Қай сан 10-нан артық, бірақ 12-ден кем?— Барлық екі таңбалы сандардың ең кішісі қандай сан?— Қай сан барлық бір таңбалы сандардан үлкен?— Қолыңда бар сандардың ішіндегі ең аз сан қайсы? Ал ең үлкен сан қайсы? ишара: Алдыңғы оқу: Алдыңғы сабақ Сандарға амалдар қолдану20-ға дейінгі сандарды салыстыру Жоспар Жоспарланғануақытесебі Жоспарланғанжаттығутүрлері (төмендегіжазбалардыөзіңізжоспарлағанжаттығутүрлеріменауыстырыңыз) Ресурстар (Көрнекілік) Дереккөздер Басы Шаттық шеңбері– Балалар, мен сендерді – қыздар мен ұлдарды көргеніме өте қуаныштымын. Сендерді шын көңілмен шаттық шеңберіне шақырамын. Барлығымыз, қыздар мен ұлдар араласып тұрайық та, бір-бірімізбен амандасайық:

    Жарқырап күнде ашылды,Айналаға гүл шашылдыҚайырлы күн!Біз нәзік қыздармыз!Қайырлы күн!Біз ержүрек ұлдармыз!

    Ортасы Тапсырмалар: Әртүрлі арифметикалық амалмен берілген өрнек­ тің мәнін есептеу үшін амалдың ретін сақтау қажет, яғни солдан оңға қарай бірізділікпен орындау­ керек. Бірінші амалда бірінші мен екінші санның­ айырмасы мен қосындысын табамыз. Екінші амалда­ үшінші сан мен бірінші амал нәтижесін қосып орындаймыз.Кіріспе тапсырма. Сабақтың басында оқушыларға тапсырманы 4 адамнан тұратын топта орын­ дауды ұсыныңыз. Әр топ алғашқы ондық сандар жазылған 3 парақша және 1 бос парақша алады.1. Оқушылар орындарында кез келген рет­ пен бір қатарға тұрады және “Сандарды қос” дегенде қолындағы ақпаратты бір-біріне беретінін түсіндіріңіз. Бірінші оқушы солдан оңға қарай екіншіге, екінші — үшіншіге, үшінші — төртіншіге береді. Оқушылардың тізбегін аяқтайтын төртінші оқушы үш санның қосындысын тауып, жауабын өз парақшасына жазу керек. Оқушылардың өзінің әрекетін­ мынадай сөйлемдермен түсіндіріп отыруын қадағала­ңыз:­ “Біз алғашқы екі санды қостық…”, “біз оның нәтижесін алдық…”, “содан соң біз келесі санды қостық…”, “нәтижесін алдық…”, “Бұл мысалдың нәтижесі…+…+…” Бірнеше амалдан тұратын мысалды шешкен кезде амалдарды бірінен­ соң бірінАвтобус жолаушылары. Осы тапсырманы жалпы­ сыныппен өткізіңіз. Оқушыларға мына сұрақтарды қойып әңгімеге тартыңыз:— Қоғамдық көлікке мініп көрдің бе?— Автобус қайда тоқтады?— Аялдамада не болады?— Автобустағы жолаушылардың саны аялдамаға келгенде өзгере ме? Неге?Тапсырма мәтінін оқыңыз және оқушылардан сұрақтарға жауап беруді сұраңыз. Оқушылардың ұсыныстарын тыңдап алыңыз және аялдамадағы жолаушылардың ауысымынан кейін автобустағы жолаушылардың санын көрсететін өрнекті құруды ұсыныңыз. Оқушылар жауаптарын тез айтуы мүмкін. Тапсырманың орындалуының дұрыстығын тексеруді ұсыныңыз және мына сұрақтарды қойыңыз:— Осы өрнек неше амалдан тұрады?— Қандай амалды бірінші орындадыңдар?— Қайсысын екінші орындадыңдар?Қосуға берілген екі амалды өрнектегі амал реті бірізділікпен солдан оңға қарай орындалуы тиіс деген қорытынды жасатыңыз. Алынған нәтижені салыстырыңыз.Жауабы:16 жолаушы. Әр оқушыға арналған:ламинатталған қағаз;маркер.4 оқушыдан тұратын әр топ үшін:бір таңбалы сандар жазылған әртүрлі 3 парақша Бағалау критерийлері

  • Оқушыларға берілген үш санды қосу және азайту үшін амалдардың орындалу реті туралы ұғымды қалыптастыру­ (жақшасыз).
  • Дескриптор:

  • Екі амалды өнектерді ажырата алады.
  • Берілген тапсырмалады орындай алады.
  • Түйінді сөздерді үш тілде айта алады.
  • Тапсырмалар: Сиқырлы қар қиыршығы. Оқушыларға ойынды жұптасып ойнауды ұсыныңыз. Олар нүктелі текшені­ кезекпен лақтырады. Текшенің жоғарғы жағына түскен нүктелер санын қар қиыршығына жазып, шыққан мысалды жазуды ұсыныңыз­. Текшені лақтыра отырып оқушылар мысалдар­ жазып, мынадай қорытындыға келеді: алған мысалдарының алтыдан артық болмайтынын, себебі текшенің барлығында алты жағы барын және қар қиыршықтарының­ орнында 1 , 2, 3, 4, 5 немесе 6 тұруы тиістігін айтады.Жауабы:20 – 1 – 3 = 1620 – 2 – 3 = 1520 – 3 – 3 = 1420 – 4 – 3 = 1320 – 5 – 3 = 1220 – 6 – 3 = 11Шығарып көр. Оқушылар мысалдарды шешіп, жауаптарын өсу ретімен қойып, сәйкес келетін әріптерден сөздер құрастыру керек. Оларға берілген тапсырманы жұппен орындауды ұсыныңыз. Олар рөлдерін өз бетінше бөледі. Біреуі барлық мысалдарды шешеді, екіншісі тексереді немесе біреуі мысалдардың бір бөлігін, ал екіншісі қалған бөлігін шығарады. Оқушыларға барлық мысалдардың жауаптарын ламинатталған беттерге жазу және барлық жауапты сәйкес реттілікпен орналастырып, нәтижесінде алынған сөзді көрсету қажеттігін түсіндіріңіз. Оларға өз жауаптары жазылған беттерді тақтаға жабыстырып, өзара тексеру жұмысын жүргізуді сұраңыз.Жауабы:9, 11, 13, 16, 19, 20. ҚаңтарОрындап көр. Оқушыларға зерттеу жүргізуді ұсыныңыз. Зерттеу нәтижесінде олар екі амалмен берілген­ санды өрнектегі қосудың мәні амалдарды орындау­ ретіне байланысты еместігін түсінеді. Ал егер екі амалдың ең болмағанда біреуі азайту ама­ лы болса, онда амалдардың орындалу реті маңызды­ болып саналады. Бұл айдарда берілген тапсырма­ ны орындау үшін топпен жұмыс ұйымдастырыңыз. Себебі мұндай қорытындыға келу үшін талдау жасап, өз болжамын айтуы және оның ақиқат екенін тексеруі қажет. Топ пікірін ортаға салу үшін әр топтың бір мүшесі шығып, топтың пікірін айтуды ұсыныңыз. Бағалау критерийлері:

  • Екі амалды жақшалы және жақшасыз өрнектере арифметикалық амалдардың орындалу тәртібін анықтап, олардың мәнін табу керектігін түсіну
  • Дескриптор:

  • Екі амалды жақшалы және жақшасыз өрнектере арифметикалық амалдардың орындалу тәртібін анықтап жаза алады
  • Мысалдар келтіріп, тапсырмаларды орындай алады
  • Түйінді сөздерді үш тілде айта алады
  • Сергіту сәті: Оқушылар көздерін жұмып, әуенді тыңдау арқылы табиғатқа серуен жасайды. Тыныштық сәті«Орманға саяхат» Тапсырмалар. Жұмыс дәптермен жұмысБос шаршыларды толтыр. Тапсырмада екі амалды жақшасыз өрнектегі арифметикалық амалды орындап,­ торкөздерге аралық және жалпы нәтижені жазу талап етіледі. Тапсырмадағы сандар оқушылардың сандар кестесі мен сандық сәулені қолданып қосуға жаттығуы үшін таңдалып алынған.Жауабы:а) 5+1+4=10ә) 9-3+2=81+1+4=64-3+2=34+1+4=910-3+2=92+1+4=78-3+2=7Дельфиндер. Бұл тапсырма алдыңғы тапсырма сияқты орындалады.Жауабы:70;20.Шаңғышыға көмектес. Оқушылар қосуға беріл­ ген тапсырмаларды тізбектеп орындауы­ керек. Есептеу нәтижесін жалаушаларға­ жазады. Соны­ мен қатар қосындыда 20 саны шығу үшін ең соңғы қосылғыштың қаншаға тең болу керегін табады. Егер берілген тапсырма сыныпта орында­лса,­ жұмыстың жалғасы ретінде тез санауға арналған жұптық жарыс ұйымдастыруға болады.Жауабы:cоңғы қосылғыш — 5. Бағалау критерийлері:

  • Екі амалды өрнектерді күнделікті өмірде кездескенде қолдану
  • Дескриптор:

  • Берілген тапсырмадағы Дельфиндер мен шаңғыға көмектесе алады
  • Тапсырмаларды күнделікті өмірмен байланыстырып, орындай алады
  • Түйінді сөздерді үш тілде айта алады
  • Соңы Бағалау

  • «Бағдаршам» әдісі
  • Мадақтау сөздер арқылы «Жарайсың, жақсы, әттеген-ай»
  • Кері байланыс«Тілек шамы» Әр оқушы бір-біріне «Тілек шамын» беру арқылы өз отбасына тілектерін айтады. Қосымшамəліметтероқулықтан тыс Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

    — 7 + 4 + 10 мысалын шығару үшін неше амал орындау керек?— Мысалдағы амалдардың орындалу ретін нөмірле: 7 + 4 + 10.— Бірінші амалдың нәтижесін ата.— Екінші амалдың нәтижесін ата.— Үш қосылғышпен берілген мысалда қосу амалы қандай ретпен орындалады?— Сен қалай ойлайсың, “–” таңбасы бар өрнектерде амалдарды орындау реті маңыздыма? Неге?

    Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

    Геометриялық фигуралар арқылы бағалау

    Пəнаралық байланыс – Өзін-өзі тану, әдебиеттік оқу, жаратылыстану, орыс тілі, ағылшын тілі.Денсаулық жəне қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс.

    Құндылықтарменбайланыс(тəрбиеэлементі).

    РефлексияСабақтың мақсатымен оқу міндеттеріорындалды ма?Бүгін оқушыларне үйренді?Сабақ қалай өтті,қандай деңгейдеөтті?Жоспарланғансаралаужақсыіскеастыма?(тапсырмаларсəйкесболдыма?)Уақыттықалайпайдаландым?Жоспарымақандайөзгерістеренгіздімжəненеге? Өзсабағыңыздыталдауүшін осы босорындыпайдаланыңыз. Солжақтаберілгенсұрақтарғажауапберіңіз. Сабақтың мақсатымен оқу міндеттері орындалды.Бүгін оқушылар Екі амалды өрнектер туралы толық мағлұмат алды.Сабақ оқушыларға қызықты, жақсы деңгейде өтті.Жоспарланғансаралаужақсыіскеасты. Тапсырмалар сәйкес болды.Уақытты тиімді пайдаландым.

    Қорытынды бағалауЕң жақсы өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз;