Асан қайғы слайд,презентация — Әдебиет
Асан қайғы слайд,презентация
Міндеттері:
1. Жыраудың өмірі, шығармашылығынан жалпы мәлімет алады, толғаудың тақырыбы мен идеясын, көркемдігін ашып, толғау туралы түсініктерін кеңейтеді.
2. Шығармашылық ізденіс, сөз өнерін арттырады,поэзияны түсініп, сырына үңіледі.
3.Оқушылар бірін-бірі сыйлайды, тыңдайды.
Жайық атауы шығармаларда өте жиі қолданылады. Тура мағынасында, Жайық – арнасы еш уақытта төмен түспейтін су молшылығының образы. Ал қосымша мағынасында, Жайық – ғашықтар елі, Қыз Жібектің елі секілді мағыналарға ие болатын атау. Асан қайғы толғауында Жайық төмендегі тұжырымға ие болады: Еділ бол да,
Жайық бол, Ешкімменен ұрыспа . (кеңпейілділік)
Толғаудағы жалқы есімдер: Еділ, Жайық.
Сөз тіркестері: ердің құны, мінезі жаман адам, тәуір көрер кісі, өлетұғын тай, көшетұғын сай.
Болымсыз етістіктер: ұрыспа, тұрыспа, қуыспа, жуыспа, суыспа,.
Фразеологизм: желке терісі құрысу – араздасу.
Көркем тіл түрлері: ашу – дұшпан (метафора)
Адамдықты толғап өткен бұрыннан,
Жырау деген – қасиетті … .
Жерұйықты іздеп, дүниені шарлаған,
Асан қайғы – неткен ғажап … .