Ас қорыту жүйесінің аурулары бар науқастардан шағымдарын сұрастыру слайд,презентация

0

Ас қорыту жүйесінің аурулары бар науқастардан шағымдарын сұрастыру слайд,презентация

 

Ас қорыту жүйесінің аурулары

 

Негізгі шағымдары    
жұтынудың бұзылуы – дисфагия
ауырсыну
лоқсу 
құсу
Кекіру
қыжыл
тәбеттің бұзылуы: жоғарылауы, төмендеуі, болмауы
ауызда жағымсыз дәм сезіну, сілекей бөлінуінің көбеюі
қан құсу 
қан кету 
метеоризм, іштің шұрылдап-құрылдауы
іш өту 
іш қату
тері қышуы
сарғаю 
Іштің ұлғаюы (асцит)
    Жұтынудың бұзылуы – дисфагия
    Басты себебі: өңештің тарылуы, ол органикалық тарылу және функциональды тарылу түрінде болады. 
Дисфагия сипатының ерекшеліктері: 
Органикалық тарылуда әуелі құғақ немесе қою тағамның өтуі қиындайды, кейін сұйық тағам өтуі қиындайды (тұрақты).  
Функциональды тарылуда керісінше, сұйық (әсіресе салқын) тағамның өтуі қиын, ал қою тағамның өтуі жеңіл болады (тұрақсыз).
     Ауырсыну
Орны: ауырсынған жері;
Таралуы: берілетін аймағы;
Сипаты: кесіп, күйдіріп, сыздап, түйіліп, бүріп немесе толғақ қысқандай және т.б.;
 Пайда болуы: кенеттен, біртіндеп, алғаш рет немесе бұрын болғандығы;
Тұрақтылығы: тұрақты немесе ұстамалы; 
Ұзақтығы: неше уақытқа созылады;
Тамақ қабылдаумен байланысы: тамақ қабылдағаннан кейін неше уақыттан соң п/б;
Жеңілдік әкелетін немесе керісінше күшейтетін факторлар  
                                 Лоқсу
    Лоқсу – (жүрек айну, жүрек көтерілуі) құсқысы келгендей сезім. Лоқсыған кезде науқастың беті бозарып, басы айналып, сілекейі көбейіп, өзі әлсірейді. Лоқсу тек ас қорыту жүйесі ауруларына ғана тән шағым емес, ол қан қысымы көтерілгенде де, жүйке күйзелісінде де, т.б. көптеген жағдайларда да байқалады.

 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!