Ас қорыту жүйесі ауруларының негізгі синдромдары слайд,презентация

0

Ас қорыту жүйесі ауруларының негізгі синдромдары слайд,презентация

 

 

Дисфагия синдромы     
         Дисфагия – жұтынудың бұзылуы. Басты себебі: өңештің тарылуы, ол органикалық тарылу және функциональды тарылу түрінде болады. 
Органикалық тарылу себептері: 
ісік 
Жедел және созылмалы эзофагиттер
Өңештің күйгеннен тарылуы
дивертикулдар

Дисфагия сипатының ерекшеліктері: 
            Органикалық тарылуда әуелі құғақ немесе қою тағамның өтуі қиындайды, кейін сұйық тағам өтуі қиындайды (тұрақты). 
            Функциональды тарылуда керісінше, сұйық (әсіресе салқын) тағамның өтуі қиын, ал қою тағамның өтуі жеңіл болады (тұрақсыз).
Асқазанның моторлық функциясының бұзылу синдромы (асқазан дискинезиясы)     

        Екі түрі болады: 
Асқазан қозғалысының жоғарылауы; 
Асқазан қозғалысының төмендеуі.
         Асқазан қозғалысының жоғарылауы. Асқазанның органикалық ауруларында (жара гастрит және т.б.). Асқазан тонусы жоғарылайды, бұлшық еті кенеттен күшті жиырылады (спазмы). 
        Шағымдары: а) эпигастрийде толғақ қысқан тәрізді ауырсыну; б) тамақтан кейін эпигасрийде салмақ басып тұрғандай сезім, тез тойынумен жүреді; в) кекіру; г) құсу. 
        Қарау: эпигастрий аймағында асқазанның  перистальтикасы көрінеді.     
        Пальпация: эпигастрий аймағында ауырсыну.
Асқазан қозғалысының төмендеуі
    Астениялық конституциялы адамдарда, асқазан төмен түскенде, іш қуысы ағзаларына операциялардан кейін, асқазанның көптеген органикалық аурулары. Соңғылары (асқазанның көптеген органикалық аурулары) асқазан қозғалысының төмендеуі  түрінде де, жоғарылауы түрінде де болуы мүмкін. Шағымдары: 
а) эпигастрийде тамақтан кейін кернеу сезімі; 
б) лоқсу.

 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!