Артезиан сулары
Жер асты қабаттарынан ағатын су артезиан сулары деген атауға ие. Бұндай сулар әдетте 100-300 метрлік терендіктегі жер асты қабаттарынан алынады.
Артезиан суларын алу үшін төменге құбырды орнатады да осы су құбыр арқылы жоғары көтеріледі (бұл су суретте қызыл бағдарлармен көрсетілген):
Артезиандық сулардың өзге жер асты сулардан ерекшеліктері
Біріншіден бұндай сулар өте терен жатқан жер асты қабаттарында орналасады. Өзге жер асты сулары бірнеше метр терендіктен алынуы мүмкін.
Екіншіден артезиан сулары жер астынан өз бетімен ағады, себебі бұндай сулар жер асты қабаттарында жоғары қысыммен орналасады. Бұндай сулар екі су өткізбейтің қабаттың арасында орналасады, суретке қараңыз.
Үшіншіден артезиандық атауға ие сулардың құрамында зиянды бактериялар немесе микрожәндіктер болмайды, бұндай су таза болады. Себебі бұл су өте терен жер асты қабаттарында орналасқан.
Пән: География