Арнайы қызмет атқаратын дәнекер тіндері слайд,презентация
Арнайы қызмет атқаратын дәнекер тіндері слайд,презентация
Жасушалы дифферондардан және көптеген жасушааралық заттан(талшықты құрылымда мен аморфты заттар)тұратын,ішкі ортаның гомеостазын сақтауға қатысатын және басқа тіндерге қарағанда аэробты тотығу процесін аз пайдаланатын;мезенхиманың туындылары.Адам денесі массасының 50%- астамы осы дәнекер тіндерінен тұрады.
Ретикулярлы тін(textus retikularis) құрамында ретикуялрлы жасушасымен аргирофильді(ретикулярлы) талшықтары болатын,тор тәрізді құрылылым.Ретикулярлы жасуша өсінділі,өзі аттас талшықтармен байланысып,қан жасушаларын түзетін мүшелердің стромасын қалыптастырып,оларға микро қоршау болып саналады.
Ретикулярлы жасушалары ретикулярлы талшықтарды синтездейді.Ретикулярлы талшықтар d=1,5-2мкм.Бұл талшықтарды күміс тұздармен импрегинациялағанда аргирофлиьді талшықтар деп аталады. Ретикулярлы тін қан мүшелерінің стромасын түзеді.Бұл тіндерде тармақталған жасушалары бір-бірімен байланысып,тор түріндегі құрылым түзеді. Май тіні(t.adiposus)-көптеген мүшелердің құрамындағы май жасушаларының жиынтығы.Май ақ және қара болып бөлінеді.Адам ағзасында ақ май қоңыр май тініне қарағанда көп кездеседі.Қоңыр май тіні көбіне жаңа туған нәретелердің ағзасында кездеседі.
Жалпы адамда ақ май тіні тері астында,құрсақта,ішек пердесінде,май жасушалары май бөліктерінің арасында орналасады.Май тіні қан мен лимфа тамырларының сыртын қоршайды.Майдың ыдырауынан көп мөлшерде су мен энергия бөлінеді.Сондықтан май тіні макроэнергия синтезіне қатысып,ағзада судың депосы болып табылады.
Ақ май тінінің құрамының цитоплазмасында шар тәрізді,бір ғана бейтарап май тамшысы бар адипоциттер көп кездеседі.Меншікті дәнекер ақ май тіндері гиподерманы түзеді.