Әріп — Қазақ тілі
Әріп—дыбыстың графикалық таңбасы. Әріп дыбысты белгілегенімен, әріп пен дыбыстың арасында табиғи байланыс жоқ. Әріп — шартты таңба. Әліпбиде қанша әріп болуы тілдегі дыбыстың санына байланысты. Бірақ дыбыс пен әріп саны бірдей бола бермейді. Е, ю, я әріптері екі дыбысты, ал ъ — қатаңдықты, ь — жіңішкелікті белгілейді. Қазіргіқазақ тілінде 37 дыбыс, 42 әріп бар. Бұл 1940 жылы кирилл графикасына көшуге орай қазақ әліпбиінің негізінде бекітілді. Әріптің баспахана ісіне бейімделген баспа түрі және қолмен жазуға бейімделген жазба түрі болады. Әріп қағаз не жазуға келетін затқа жазу құралымен түсірілетін таңба болғандықтан, оны көзбен көруге болады. Әріпте құбылмалық қасиет жоқ, ол тұрақты, бірақ ғалымдардың өзара келісімімен оны өзгертуге болады. Қазақ жазуының тарихында мұндай өзгертулер болған