Ақтөбеде аяғы ауыр мұғалім ескерткіш алдында көз жұмды
Ақтөбеде 30 жастағы мұғалім жедел жәрдем көлігінде көз жұмды. Әйелді тұрғындар далада жатқан жерінен тапты.
11 қазан күні жеке мектептің 30 жастағы мұғалімі мерт болды.
Облыстық ІІД Stan.kz агенттігіне қайғылы оқиғаға қатысты пікір білдірді.
“11 қазан күні Ақтөбе облысында жедел жәрдем көлігімен ессіз күйдегі әйел жеткізліді. Әйел сол күні көз жұмды. Полицейлер тергеу жүргізіп, сараптама тағайындады. Өлімнің себебі анықталуда. Оқиғаға қатысты басқа ақпарат жарияланбайды”, – делінген хабарламада.
Әйелді жаяу жүргіншілер ескерткіш жанында құлап жатқан жерінен тауып алды. Жүкті әйел Әлия Молдағұлова ескерткішінің маңында сәкіде жатқан. Бұл Ахмет Жұбанов атындағы университет маңы, деп жазады Актобе Таймс.
Дәрігерлер әйелдің жүктілігіне 36 апта болғанын хабарлады. Іші жарақаттанып, көкбауыры жарылған. Жүкті әйелдің өзі құлағаны, әлде әлдекімнің шабуылдағаны анықталады.