Ақтөбе облысының экологиялық проблемасы слайд,презентация — География

0

Ақтөбе облысының экологиялық проблемасы слайд,презентация

 

 

         Ақтөбе облысы қазіргі уақыттағы шекарасы бойынша 1932 жылдың 10 наурызында құрылған. Ақтөбе облысының аумағы 300,6 мың км2 құрайды (Қазақтан Республикасы аумағының 11%, аумағы бойынша Қарағанды облысынан кейінгі екінші орында). Аймақ Қазақстан Республикасының солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан:
батысында – Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарымен;
шығысында – Қостанай,Қарағанды, Қызылорда облыстарымен;
солтүстігінде – Ресей Федерациясының Орынбор облысымен;
оңтүстігінде – Өзбекстан Республикасының Қарақалпақстан автономиясымен шекараласады.
       Облыс орталығы – Ақтөбе қ. Қала 1869 жылы Қарғалы және Елек өзендері салаларының қосылған жерінде төбе баурайында орналасқан («ақ төбе» деген атауы да осыдан). 2010 жылдың 1 қаңтарындағы деректері бойынша Ақтөбе облысының халық саны 719,5 мың адамды құрайды. 

Орналасқан жердің рельефі – жазықтық, аумақтың көп бөлігі қыратты-ойлы жазықтық болып келеді. Солтүстігінде Орал тауларының жалғасы орналасқан. Ортасында Мұғалжар таулары (657 м) созылып жатыр. Батыс жағында  солтүстік-батыстағы Каспий маңы ойпатына өтетін Орал тауасты үстірті  орналасқан. Оңтүстік-шығысында – дөңесті құм алаптары: Арал маңының Қарақұмы, Үлкен Борсық  пен Кіші Борсық. Солтүстік-шығысында – Торғай үстірті. 
Облыста жапырақты және қайың тоғайлары, бұталар мен сексеуілді өсімдік толы орман жазықтықтары, солтүстікте кең ақселеу және жусанды дала кеңістіктері, оңтүстігінде шөлейтті және шөл далалары бар. 

        Глобалды мәселелердің бірі – ауаның ластануы. Ол дегеніміз – әр түрлі газдардың, қатты және сұйық заттардың немесе табиғи булар мен қалдықтардың ұсақ түйіршіктерінің ауаға қосылуы. Олар жер бетіндегі жан-жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне және адамдардың өмір сүруіне зиянды ықпалын тигізеді. Әсіресе біздің Ақтөбе қаламызда оның деңгейі жоғары. 
Табиғи — өрттер, шаңдар, вулкандардың атқылауы
Транспортты – автомобильдер, ауа, кеме транспорттарының газдары
Өндірістік – технологиялық процестерден пайда болатын қалдықтар (металлургия, мұнай-газ, химия және т.б өнеркәсіптер)
Тұрмыстық – тұрмыстық жағдайдағы қалдықтар бөлігі 

    

 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!