Ақтамберді жырау ашық сабақ — Ашық сабақтар — Қазақша рефераттар — Қазақша тесттер мен шпорлар

0

Жансыбаева Фариза Каирбековна
Шығыс Қазақстан облысы
Катонқарағай ауданы
Аршаты    ауыл ы
«Аршаты орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі 
Күні:    12.12.2013                     Пәні: қазақ әдебиеті                           Сыныбы: 9 
Сабақтың  тақырыбы :       Ақтамберді жырау  
Сабақтың мақсаты : а)    Ақтамберді    жыраудың –өмір   жолы мен  еңбектеріне 
                                              тоқтала отырып,    шығармаларының  идеялық 
                                               мазмұнынын ашу, талдау, «Күлдір, күлдіркісінетіп 
                                               өлеңінің мазмұнын ашу    талдау, Ақтамберді ақын 
                                               туралы білімдерін толықтыру
                                          ә) білімділік танымын,шығармашылық қабілетін,тілдік 
                                               қорын,ізденістерін арттыру;
                                           б) Отансүйгіштікке, шыншылдыққа, батырлық пен елін 
                                               қадірлеуге баулу.                                   
Сабақтың түрі :                                Жаңа  сабақ
Сабақтың әдісі :                               сұрақ-жауап, интерактивті, шығармашылық 
                                                             Іздену, әңгіме, көрнекілік
Сабақтың көрнекілігі :                   оқулық ,тірек сызбалар, интерактивті тақта 
Пәнаралық байланыс :                   тарих
Сабақтың барысы :  
                                    а)  Ұйымдастыру кезеңі :
      Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Сабақ тақырыбы мен мақсатын хабарлау
                                б)  Жаңа сабақты түсіндіру.
    Ақтамберді жырау басынан талай қилы-қилы кезеңдерді кешіреді. Қолына желекті найза ұстап жаулармен шайқастарға, қатынасады, ерлік көрсетеді. Сол шайқастардың біріңде жау қолында қалып, өлім аузынан қайтады. Ақтамберді Сарыұлы 1675 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Қаратау баурайында  дүниеге келіп, 1768 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы Жүрекадыр деген жерде күмбез қойылған Ұлы жүздің Ошақты руынан шыққан 
Ойраттармен арадағы соғыста өзінің асқан ерлігімен де, жалынды жырымен де көзге түседі, қазақ жерін жаудан аман алып қалуда ерен қызмет көрсетеді. Ақтамберді өз басынан кешірген сол қиын сәттерді жыр-толғауларында өрнектеген.
Жапанға біткен терекпін,                         
Еңсемнен жел соқса да теңселмен,          
Қарағайға қарсы біткен бұтақпын,          
Балталасаң да айырылман, 
Сыртым — құрыш, жүзім — болат 
Тасқа да салсаң, майырылман! —          
деген жолдардан оның ерлік, батырлық қасиетін әрі қайсар мінезін қапысыз танимыз. Ақын өзінің бар өмірін елі, халқына, оның елдігін, бүтіндігін сақтап қалу жолына арнаған. Жыраудың «ел-жұртты қорғайлап, өлімге жүрміз бас байлап» деген жолдарынан мұны айқын аңғарамыз.
Ақтамберді өз толғауларыңда ерлікті, батырлықты жырлаған. Өйткені, елдің ерлігін сақтар, оны сыртқы жаудан қорғар — батыр ұлы. Ақынның әйгілі Бөгембай батырға жыр арнауы да осыған байланысты. Ол жігіттің жігіттігі де қанды шайқаста сыналады деп біледі. Ақтамберді Сарыұлы 1675 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Қаратау баурайында  дүниеге келіп, 1768 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы Жүрекадыр деген жерде күмбез қойылған
Ұлы жүздің Ошақты руынан шыққан    Толғаулары:
“Күлдір-күлдір кісінетіп», «Түйе мойнына тұз кесер», «Жылқыдан асқан мал бар ма?», «Балпаң-балпаң кім баспас?”, “Жауға шаптым”, “От басар орны отаудай”,   
“Уа, қарт Бөгенбай!”, “Күмбір-күмбір кісінетіп”, “Сылпаң да, сылпаң жортармын”, “Көк көгершін,көгершін

Білімді бекіту Ақтамберді өмірі мен шығармашылығын жинақтап, Топтастыру стратегиясы
Ақтамберді.

Кітаппен жұмыс: Кітаптан « Күлдір, күлдір кісінетіп»  өлеңін мәнерлеп, нақышына келтіре оқиды.
Талдау
    теңеу     эпитет     қайталау     метонимия     метафора
“Күмбір-күмбір кісінетіп”                    

Қорытынды: 
Ақтамберді  кім?    Туған жері    Қай ғасырда өмір сүрген?    Толғаулары оның тақырыптары    «Күмбір күмбір кісінетіп» толғауының тақырыбы, идеясы    Тілі, көркемдік өрнектер
                    

 Білімді бағалау:   Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма:
Ақтамберді туралы кімдер жазды? 
Кімдердің шығармашылығында бар?
«Күлдір-күлдір кісінетіп» өлеңін жаттау 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!