Ақшаның теориясы | Скачать Реферат

0
177

Тақырыбы

Жоспар
Кіріспе
1. Ақшаның теориясы
2. АҚШ монеталары және ақша жүйесі
3. Франция елі корольдерінің атынан шыққан монеталар
4. Германия елінің монеталары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Ақша, өзінің дамуы барысында екі түрге бөлінеді: толық құнды ақшалар және толық құнсыз ақшалар.
Толық құнды ақшалар — номиналдық құны оны дайындауға кеткен нақты құнымен сәйкес келетін ақшалар.
Мұндай ақшаларға металл ақшалар, соның ішінде: мыстан, күмістен және алтыннан жасалғандары жатады. Металл ақшалар әр түрлі нысанда болған. Монета түріндегі нысаны — бұл олардың соңғы нысаны. Монетаның бет жағы — аверс, артқы жағы — реверс және жаны — гурт деп аталады.
Монета сөзінің шығуын римдіктердің жүрегі саналатын шіркеу құдайы Юнона-Монета есімімен байланыстырады, яғни сол шіркеуден берілген ақшалай қаражаттың көмегімен римдердің эпир ханы Пиррмен соғыста (б.э.д. 275 ж.) жеңіске жеткендігі туралы аңыз бар. Монета сөзі латынша moneo — кеңес беремін, көңіліңнен шығамын дегенді білдіреді.
Алғашқы монеталар VII ғ. б.з.б Ертедегі Қытайда және Ертедегі Лидия мемлекетінде пайда болды. Киев Русінде алғашқы монеталардың пайда болуы IX — X ғғ. жатады. Бастапқы кездері айналыста алтын монеталарымен қатар, күміс монеталар да қоса жүреді. Алтын айналысына бірқатар елдер де XIX ғ. екінші жартысында өтті. Бұл елдердің ішінде алтын өндіру жағынан бірінші орынды, өзінің отарларымен бірге ағылшын елі алған.
Алтын айналысы тұсында құнның қағаздай белгілерінің пайда болуының мынадай объективті қажеттіліктері болған:
* алтын өндірісі тауар өндірісінің артынан ілесе алмай, нәтижесінде айналыстағы ақшаға деген қажеттілікті толық өтей алмады.
* жоғары құнды алтын ақшалар ұсақ құнды айналымға қызмет көрсете алмады.
* алтын стандарты, жалпы алғанда өндірісті және тауар айналымын ынталандырмады.
Алтын айналысы не бары бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін болды және соғысушы елдер өздерінің шығыстарын жабу мақсатында құнның қағаздай белгілерін шығаруды ұлғайтты. Соның нәтижесінде, біртіндеп алтын айналыстан шыға бастайды.
Тақырыптың мақсат-міндеттері. Англия, Франция, Германия, елдерінің ақша реформасы туралы жалпы сипаттама, шығу тарихы. Алғашқы қағаз ақшалар б.з. XII ғ. Қытайда, 1690 жылы Ұлыбритания отары болған Солтүстік Америкада, 1762 жылы Австрияда және 1769 жылы Ресейде пайда болды. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдары қағаз ақшалар барлық елдерде шығарылды. Қазіргі кезде қағаз ақшалар қазыналық билеттер түрінде он елде (АҚШ, Италия, Индия, Индонезия және т.б.) ғана сақталған. Кешегі КСРО-да 1961 жыпы болған ақша реформасы негізінде қағаз ақшалар, яғни 1,3,5 рубльдік қазыналық билет нысанында соңғы рет айналымға шығарылып, кейіннен Ресейдегі 1991-1992 жылдары және Қазақстандағы 1993 жылғы ақша реформасы нәтижесінде айналымнан алынды.
Жұмыстың құрылымы: кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Ақшаның теориясы
Ақшаның теориялары мынадай оның бағыттарын бөліп қарастырады: Ақшаның металдық теориясы; Ақшаның номиналистік теориясы; Ақшаның сандық теориясы.
Ақшаның металдық теориясы ақша қызметін бағалы металдардың атқару барысында XV — XII ғғ. қалыптасты. Бұл теорияның өкілдеріне Англияда У .Стэффорд, Т.Мэн, Д.Норс жатса, Францияда А.Монкретьен жатты. Олар монетадан жасалған ақшалардың бұзылуына қарсы болды.
Ақшаның металдық теориялары сауда буржуазиясының мүддесін қорғай отырып, олардың саяси экономиядағы бағыты — меркантилизмді көрсетті. Осы теорияға сәйкес байлықтың көзіне сыртқы сауданы жатқызды. Төлем балансының активті қалдығы ғана елге бағалы металдардың келуін қамтамасыз етеді деген.
Ертедегі метализм теориясының қателігі, біріншіден, байлықтың көзіне адам еңбегімен жасалатын материалдық игіліктер емес алтын мен күмістің жатқызылуы, екіншіден, айналыстағы қағаз ақшаларды металл ақшаларға алмастыру қажеттігін жоққа шығарғандығымен сипатталады.
Капиталдың бастапқы қорлануы аяқталуымен байланысты олардың көзқарастары өзгеріп, яғни байлықтың көзіне сыртқы сауда мен бағалы металдар емес, мануфактура мен ауыл шаруашылығы жататындығына көздері жетті. Соған сәйкес ішкі нарыққа көңіл аударылып, металл ақшалардың ұлтқа қымбатқа түсетінін түсінді.
XIX ғ. екінші жартысындағы ақшаның металдық теориясының қайта тууы 1871 — 1873 жылдардағы Германияда алтын монета стандартының енгізілуімен байланысты болды. Бұл — ақшаның металдық теориясының бірінші метаморфозасы. Неміс экономистері (К.Книс және т.б.) ақшаға бағалы металдармен қатар, орталық банктің банкноталарын да жатқызды. Сол уақыттары ақшаның металдықтеориясы инфляцияға қарсы бағытталған ақшалай реформаларды негіздеу үшін пайдаланылды.

2. Әлем елдерінің ақша бірліктерінің атаулары
Ақша түрлеріне — бұл заңды төлем құралы болып табылатын: несиелік және қағаз ақшалар (қазыналық билеттер) жатады. Мысалға, АҚШ-та айналыста: 100, 50, 20, 10, 5, 2 және 1 долларлық банк билеттері; 100 долларлық қазыналық билеттер; 1 долларлық, 50, 20, 10, 1 центтік күміс-мыс, және мыс-никелдік монеталар жүреді. Ұлыбританияда айналыста: 50, 20, 10, 5 және 1 фунтстерлинг банкноттар, 1 фунт стерлинг, 50, 10, 5, 2 пенсалық монеталар, 1 және 12 пенилер, сондай-ақжаңа 10 және 5 пенсалардың құнына тең келетін 2 және 1 шиллингтер де бар.
ТМД және кейбір елдердің ақша бірліктері
Елдің атаулары Акша бірлігі
Қазақстан 1 теңге = 100 тиын
АҚШ 1 доллар = 100 цент
Ресей 1 рубль = 100 копеек
Англия 1 фунт стерлинг = 100 пенса
Украина 1 гривня = 100 копийка
Израйль 1 шекель стерлинг = 100 агора
Беларусь 1 рубль = 100 копеек
Жапония 1 иен = 100 сена
Өзбекстан 1 сум = 100 тийн
Сауд Арабиясы 1 риал = 100 халал
Қырғызстан 1 сом = 100 тыйн
Түркия 1 лир = 100 куруш
Тәжікстан 1 сомони = 100 дирам
Кувейт 1 динар =100 дирхам = 1000 филса
Әзірбайжан 1 манат = 100 гепик
Қытай 1 юань = 10 цзяо = 100 финям
Армения 1 драм =100 люма
Йемен 1 риал = 100 филса
Молдова 1 лей =100 бань
Кипр 1 фунт =100 миллима
Біріккен Араб Әмірлігі 1 динар = 100 филса
Үндістан 1 рупия 100 пайса
Ауғаныстан 1 ауған = 100 пул
Марокко 1 дирхам = 100 сантима
Египет 1 фунт = 100 пиастра
Монголия 1 тугурик =100 мунгу
Австралия 1 австралия доллары = 100 цент
Тайланд 1 бат = 100 сатанга
Ирландия 1 ирландия фунты = 20 шиллинг =240 пенса
Бразилия 1 крузейро = 100 сентаво

3. АҚШ монеталары және ақша жүйесі
1792 жылғы монета акті АҚШ-та ақша жасау туралы заң негізінде биметалдық айналымның ақша жүйесіне енген. Заң 1-дің 15-ке сияқты алтын бағасының күміске арақатынасын бекіткен. Кез келген адам Теңге сарайына кесек алтын немесе кесек күміс алып келіп, жеткенше монета соқтыра алған.
Биметаллизм нарықтық айырбас талаптарына сай бола алмады. Мемлекеттің бекіткен алтын және күміс бағаларының қатаң арақатынасы әрқашан қызмет барысында сәйкесе бермейтін. Алтынның күміске шаққандағы бағасының ауытқуы ақша айналымының тұрақсыздығын тудырған. Ең нашар ақша ең мықты айналымнан ығыстырылып шығарылады деген Грешем заңы жарамсыз болып қалады. Осылайша алғыр, пысық адамдар айналымнан алтын монеталарды шығара бастайды. Кейін оларды балқытып, күміс кесектерге ауыстырып алады. Сонан соң тағы да күміс монеталар санына сәйкес көрсетілген баға бойынша алтынға айырбастайды. Күміске баға артқан кезде күнделікті қолданыстан күміс монеталар ығыстырылады.
Алтынның күміске шаққан бағасы кезеңімен қайта қарастырылады. 1834 жылғы монеталық актіге сәйкес алтынның күміске шаққан бағасы 1-ден 16 деңгейіне тұрақталды. 1853 жылы 1-ден 15,5 деңгейін құраған. Курстың ауытқуы жаңа түрдегі монеталардың пайда болуына әкелді. Дизайндегі өзгерісі көптеген монеталардың әрбір өзгерісінде болып отырған.
1873 жылы қабылданған монета акті тарихқа 1873 жылдың қылмысы (ағылш. The Crime of 1873) деген атпен енген болатын. Де-факто АҚШ-тағы биметаллизмнің тоқтауына нүкте қойған. 1792 жылдан бастап қолданылып келген ақша жүйесі алтын монеталы стандартпен алмастырылды. Өткен ақша жүйесінен бас тарту бойынша күміс тауардың өз маңызына айналады. Доллар алтынның 90 пайызы болатын 1,67 грамына жеңіл әрі еркін айырбасталатын. Жаңа ақша жүйесіне ауысу кезеңі ауыртпалықсыз болмады. Алтынның күміске шаққандағы бағаның өсуі макроэкономикалық процестер қатары – дефляцияны, жұмыссыздар санының артуын (1894 жылы 18 пайызға дейін) тудырған болатын. Биметаллизмге қайта оралуы Уильям Брайанның 1896 жылы өткен сайлау алдындағы бағдарламасының … жалғасы

Дереккөз: https://stud.kz