Ақшаның металл және номиналистік теориясы — Ақша, кредит және банктер — Рефераты на казахском языке — Библиотека

0

 

Ақшаның металл теориясы ХУ-ХУІІ ғғ. ерте кезеңдерінде, яғни капиталдың алғашқы қорлану дәуірінде қалыптасқан. Оның аса танымал өкілдері Англияда — У. Стэнфорд, Т. Мэн, Д. Норе, Францияда — А. Монкретьен болды. Олар ақшаны қоғам байлығымен, яғни асыл тастар — алтын және күміспен теңестіріп, олардың бүлінуіне қарсы шықты. Сонымен қатар, олар нағыз байлық — табиғатынан шын мәнісінде ақша болып табылатын тек алтын мен күміс деп есептеді. Бұл ақша теориясы фетишизмге (киелі затқа табынуға) жатады, себебі ақшаны алтын мен күміске теңеп, тауар шаруашылығындағы ақшада адамдардың өндірістік қатынастарын назардан тыс қалдырады.

Аталған теорияны ұстанушылар қоғам байлығының қайнар көзі сыртқы сауда болып табылады — дейді және белсенді сальдо мемлекетке алтын мен күмістің келуін қамтамасыз етеді — деп пайымдайды. Қазіргі авторлар ерте металлизм теориясының қателігі — біріншіден, байлықтың көзі ретінде қоғамда еңбек етудің нәтижесінде өндірілген материалдық құндылықтардың жиынтығы емес, асыл металдар болса; екіншіден, металл ақшалардың айналымында олардың (металл ақша) орнын басатын, яғни қағаз ақшаларға ауысудың мақсатқа лайықтылығы мен қажеттілігі теріске шығарылып келуінде деп есептейді.

Германияда XIX г. екінші жартысында алтын монетарлық стандарттың енгізілуімен металл ақшаның теориясы дүниеге келді. Бұл оның бірінші метаморфозасы болды, неміс экономистері (К. Книс және т.б.) ақша деп тек асыл металдарды емес, металға ауыстырылатын банкноттарды да санады.

Екінші метаморфоза бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін болды, оның өкілдері алтын монетарлық стандартты қалпына келтірудің мүмкін еместігін мойындап, алтын монометаллизмнің жаңа кесілген формаларын: алтын құйма және алтын — дивиздік стандарттарды енгізуге, теорияларын әдістеуге тырысты.

 

Скачать реферат/Рефератты жүктеу