Ақша жүйесінің ұғымы және оның элементтері – Ақша, кредит және банктер – Рефераты на казахском языке – Библиотека

0

 

Ақша жүйесі – қандай да бір елде ақша айналымын ұйымдастырудың тарихи қалыптасып, заңмен бекітілген формасы. Әлемдік өркениеттегі ақша жүйелерінің жекелеген элементтері ежелден белгілі әрі олар құнның ақшалай формасы – ақшаның пайда болуымен байланысты. Ұлттық ақша жүйесі ХУ-ХУІІ ғасырлардан қалыптаса бастады.

Ақша жүйесі өз эволюциясында ақша – тауар қатынасының даму деңгейіне тікелей тәуелді болғандықтан көптеген өзгерістерге ұшырады. Әрбір мемлекеттің өз ақша жүйесі бар. Ол мынадай элементтерді қамтиды:

  • ақша жүйесін ұйымдастырудың принципі;
  • ақша бірліктерінің атауы;
  • ақша белгілерінің түрлері, оларды шығарудың тәртібі және қамтамасыз ету сипаты;
  • ақша айналымын ақша-кредит тұрғысынан реттеудің тетігі;
  • ұлттық валюта бағамы, оны шетелдік валютаға айырбастаудың тәртібі.

Ақша жүйесін ұйымдастырудың принциптері мыналар:

  • ақша жүйесінің орталықтандырылған басқару принципі. Ол көбінесе шаруашылық жүргізуші субъектілердің уәждемесіне (мотивация) негізделген экономикалық әдістерге жүгінеді;
  • тиісті болжауларды жасау негізінде ақша айналымын жоспарлау принципі;
  • ақша айналымының тұрақтылығы және икемділік принциптері, ақша айналымы экономиканы ақшалай қаражатпен қамтамасыз ету керек, алайда инфляцияның дамуына жол бермеуі қажет;
  • ақша эмиссиясының кредиттік сипатының принципі. Бұл ақша эмиссиясының кредит операциялары негізінде жүзеге асырылатынын білдіреді;
  • эмиссияланған ақшаның қамтамасыз етілу принципі;
  • Орталық банк тәуелсіздігінің принципі.

 

 

Скачать реферат/Рефератты жүктеу

 

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз