Ақша жүйесінің түрлері — Ақша, кредит және банктер — Рефераты на казахском языке — Библиотека

0

Ақша жүйесінің түрлері

 

Ақша жүйесі ұдайы даму үстінде болатындықтан ақша жүйесінің түрлері өзгеріп отырады. Ақша жүйесінің түрлері ақшалардың қандай формада қызмет атқаратынына қарай қалыптасады: тауар ретінде немесе құн белгісі ретінде ме? Ақша жүйесін құру формаларындағы принциптік айырмашылықтардың түп-төркіні металдық айналым жүйесінде және кредит пен қағаз ақшаларының айналым жүйесінде жатыр.

Металдық айналымға ақша жүйесінің биметаллизм және монометаллизм деп аталатын екі түрлері тән.

Биметаллизм — баламаның жалпыға бірдей құнының рөлі айналымда болатын екі металл — алтын мен күміске заңмен бекітілген ақша жүйесі.

Биметаллизмнің үш түрі болған:

  • қосарлы валюталар жүйесі. Мұнда алтын мен күміс монеталардың арасындағы арақатынас металдың нарықтық құнына сәйкес нарықта берекесіздік (стихиялы) түрде белгіленеді;
  • егер мұндай арақатынасты мемлекет анықтайтын болса, онда ол — екі жақты валюта жүйесі;
  • «ақсақ» валюта жүйесі. Онда алтын мен күміс бірдей негізде заңды төлем құралдары болып табылады.

Нәтижесінде күміс монеталар алтын белгілеріне айналады.

Биметаллизм ХУІ-ХҮІІ ғасырда кеңінен тараған, ал Батыс Еуропа елдеріне XIX ғасырда пайда болады.

            Алайда, биметаллизм дамыған тауар өндірісінің экономикалық қатынасқа қоятын талаптарына сәйкес келмейді, өйткені екі металдың бір мезгілде құн өлшемдері ретінде пайдаланылуы осы ақша қызметінің табиғатына қайшы келді. Құнның жалпыға бірдей өлшеміне тек бір тауар ғана қызмет ете алады. Оның үстіне, мемлекет белгіленген алтын мен күміс арасындағы нақты құндық арақатынас олардың нарықтық құнына сәйкеспейді. XIX ғасырдың соңында күміс өндірісінің артуы мен олардың құнсыздануы нәтижесінде алтын монеталар айналымынан қазынаға кете бастады.

 

Скачать реферат/Рефератты жүктеу