Аққала сабақ жоспары балабақшадағы ашық сабақтар

0

 

Балалар көңіл-күйлеріңіз қандай?

Олай болса  «тамаша» ойынын ойнап жіберейік.

Ойнның шарты:Мен сендерге жақсы сөз айтсам,сендер тамаша деп жұдырықты түйіп,бас бармақтарынды көтересіңдер.

1 «Қарлығаш»балабақшасы қандай?

2 «Жұлдызай тобының балалары қандай?»

3 «Қыс»мезгілі қандай?

4 «Қар»жауған қандай?

5Ақжүністің күлкісі қандай?

6 Менің айтып тұрған сөздерім қандай?

7Бүгін келген қонақтар қандай?

Жақсы балалар бүгінгі күнімізде осындай тамаша өтсің.

Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Қыста күн қандай болады?

Ендеше боран соққанды қимылмен қалай көрсетеміз.

-Жақсы балалар бүгін мен сендерді екі топқа бөліп,білімдеріңді тексеремін.Әр дұрыс сұраққа бір жұлдызшадан беріп отырамын,қай топ көп жинаса,сол топ жеңімпаз болады.

1Жыл мезгілдерін атаңдар?

2Қыс мезгілдерінің айларың атаңдар?

3Қазір қай айы?

Ой,балалар,мынау қыс ханшайымы емес пе?Өзі ашулы ғой.

Қыс ханшайымы:Менің аязды,суық күндерімді елең қылмай не думан өткізіп жатырсыңдар,көрсетем мен сендерге.(сиқырлы тяғымен)тәрбиешіні қатырып тастайды.Балаларды қатырғысы келеді,балалар қатпайды.Түсінбей тұрмын,мына балалар неге қатпайды а?

Тәрбиеші көмекшісі:Біздің балаларды қатыра алмайсыз.

Қыс ханшайымы:неге?

Тәрбиеші көмекшісі:Оны балалардың өздерінен сұраңыз.

Қыс ханшайымы:Балалар мұз қылып қатырсам не істер едіңдер?

Қарға айналдырсам не істер едіңдер?

Боранға айналдырсам ше?

Тәрбиеші көмекшісі:Балалар Гүлнара апайларыңды жақсы көресіңдерме?

-Ендеше бәріңіз апайды құшақтап,жылытыңдар,мүмкін апайларыңның  сиқыры кетіп өз қалпына келер.

Қыс ханшайымы:Қой мен де ерімей тұрғанда кетейін мына жер тым ысқық екен.

Тәрбиеші:Рахмет балалар,менің боймды жылыттыңдар,қыс деген осындай қатал болады,далада жалғыз жүруге болмайды,аязға тонып қаласыңдар.

Ақ қала:Сәлеметсіңдерме балалар?

Балалар бүгін менің туған күнім .

Тәрбиеші:Ой,балалар ақ қаланың туған күніне қандай сыйлық берсек болады екен.

Аққала:Балалар маған сендердің көмектерін керек болып,егер де сендер кқмектессендер,сол маған үлкен сыйлық болады.

Тәрбиеші:Ол,қандай көмек.

Ақ қала:Балалар мен ақ қалалар орталығынан келіп тұрмын,менің бір досымды қар ханшаймы сыйқырлап тастады,біз өзіміз сыйқырдан құтқарайын десек,ол тапсырмаларды орындай алмаймыз.

Тәрбиеші:Балалар аққаланың тапсырмаларын орындайық

Бірінші ең үлкен астыңғы дөңгелегінің тапсырмасы:

1Қыс мезгілі туралы мақал-мәтел

Ортаңғы дөңгелектің тапсырмасы

2Қыс мезгіліне байланысты жұмбақтар

Басының тапсырмасы

3 логикалық есеп

Қалпағының тапсырмасы

4оң қолының тапсырмасы

Қыстап қалатын құстар

5 Сол қолының тапсырмасы

Қар түрлерін атаңдар.

Міне балалар біз ақ қаланы құрастырдық,енді біздер ақ қалаға сыйлыққа екі топ екі аққалаларды жапсырып берейік.(Ұжымдық жұмыс)

Қар ханшайымы жолай алмайтын болсын.

Енді балалар сендердің жинаған жұлдызшаларыңды санайық.

Балалар ақ қаланың қарны ашып қалған шығар,оны тамақтандырайық,оған не берсек екен,ыстық шәй берсек,ол еріп кетеді,бәліш берсек еріп кетеді,енді не берсек екен,мен таптым ақ қалаға мұздан жасалған кәмпиттерді берейік.

:Алақай достарыма беретін болдым,рахмет сендерге,бірақ сендерге оларды жеуге болмайды,сендердің тамақтарын ауырып қалады.

Балалар,ақ қала көздерінді жұмындар мен сендерге бір сиқыр көрсетейін

Теледидардан:Балалар сендерге рахмет,ақ қала досым мен сені ақ қалалар қалашығында күтемін.

Аққала:Алақай,рахмет сендерге

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!