«Аққала біздің досымыз» балабақшадағы мерекелік іс-шаралар

0

«Аққала біздің досымыз»

 

Мақсаты:
•    Балалардың қыс мезгілі туралы түсінігін кеңейтіп, сөздік қорын байытумен бірге, есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру. Қыс мезгілінің ерекшелігін ажырата біліп, көргендері мен байқағандарын дұрыс баяндауға, не?,қандай? деген сұрақтарға нақты жауап беруге, сурет мазмұнына сай әңгіме құрап айтуға үйрету.
•    Балаларға қыс мезгілінің еркешеліктері туралы кеңінен таныстыру. Қыс мезгіліндегі табиғат құбылыстары жайында қыс мезгілінің тосын мінездерін ұғындыру.
•    Ақ қағаз бетіндегі кеңістікті дұрыс бағдарлай білуге, жоғары-төмен, шеңберді сыза білуге, бояу әдістерін үйрете отырып саусақ икемдерін шыңдау.
•    Есте сақтау қабілетін дамыта отырып, тазалыққа, ұқыпты бояуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Слайд арқылы көрсету, қыс мезгілінің және аққала суреттері.
Оқу іс-әрекет түрі: Ашық оқу іс-әрекеті.
Оқу іс-әрекетінің әдіс-тәсілі: Амандасу, сұрақ-жауап, әңгімелеу, тапсырма орындау, жаңа ОІӘ түсіндіру, сурет салу, бояу жұмысы, сергіту, жұмбақ, топпен жұмыс, қорыту, қоштасу. 
Жаңа сөздер: Қар, аяз, боран, аққала, мұз.
Белингвальды сыңары: Қыс-зима, қар-снег, аққала-снеговик.
ОІӘ байланысы: Жапсыру, тіл дамыту.

Әрекет кезеңі    Мұғалімнің әрекеті
    Баланың әрекеті
Мотивациялық қозғаушы

Шаттық шеңбері

Сұрақ-жауап

Суретпен жұмыс
Жаңа ОІӘ

Әңгімелеу.

Тосын сәт

Өлең

Дәптермен жұмыс

Суретсалуды бастау

Баламен жеке жұмыс

Сергіту жаттығуы

Белингвальды сыңары

Рефлексивті түзету.

Қоштасу.    •    Саламатсыңдар ма,балалар!
•    Көңіл-күйіміз қалай?

Кәне балалар ендеше  қолымызды біріктіріп бір-бірімізге жылу сыйлайық.

Біз тағы да біргеміз
Сөгілмейді іргеміз. 
Таңмен бірге оянып, 
Шаттанамыз бәріміз.

•    Балалар кәзір жылдың қай мезгілі?
•    Бүгінгі ауа-райы қандай?
•    Қыс мезгілінің ерекшеліктері қандай?
•    Маған қарды сипаттап беріңдерші.
•    Қардың түсі қандай?

-Кәне балалар мына суреттен не көріп тұрсыңдар?
-Дала қандай түске боялған?
-Балалар не істеп жатыр?
-Аққала неден жасалады?
-Пішіні қандай?
-Аққала неше бөліктен тұрады?
   
Әрине балалар жылдың төрт мезгілінің өзінше еркешеліктері бар екен. Неліктен аққаланы тек қыс мезгілінде жасаймыз? Әрине оны тек қардан ғана жасайды екен.Қар қыс мезгілінен басқа кезде далада жата алмайды екен, себебі ол күн жылығанда еріп суға айналады.
•    Бізге басқа ауылдағы балабақшадан хат келіпті,не туралы екенін білгілерің келе ме? (Үшінен жалғыз аққала суреті шығады.)
•    Мұнда балалар сендерден мына аққаланың достары жоқ екенін айтыпты,оған дос тауып бергілерің келе ме?
•    Аққала сендердің достарың болғанын қалайсыңдар ма?

Бір топ бала далада
Қардан соқты аққала
Мұрын сәбіз үп — үшкір
Көзі көмір қап – қара.

— Бұл өлеңде кім туралы айтылып тұр?

Ендеше балалар,біз ақ қағаз бетіндегі кеңістікті дұрыс пайдалана отырып аққаланың суретін салып берейік.

—    Кәне балалар алдымен дөңгелек пішінді ауада салып алайық.
                                 
(Балаларға қағаз қаламдарын үлестіру,сурет салуды бастайды.)
•    Аққала салу үшін қандай пішін саламыз?
•    Неше шеңбер саламыз?
•    Орналастыру тәртібі қандай?

     (Мұғалім тақтаға аққаланың суретін салу арқылы пішіндердің орналасуын көрсетеді.)

                                         
                  
(Балалардың салып жатқан суреттеріне назар аудару,үлгерімі төмен балаларға көмек көрсету)

Ауаға салып шеңберді,
Аққала біз жасаймыз.
Қол ұстасып секіріп,
Дос боламыз олармен.

Қыс-
Қар-
Аққала-
                 

«Бұзылған аққала»

Мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін дамыту. Ретімен қоюға тәрбиелеу.

      Міне балалар,мен сендердің салған суреттеріңді осы хат арқылы балаларға қайта жіберейік. Балалардың салған суреттерін қарап,ауызша мақтап-мадақтау. Өткен ОІӘ туралы сұрақтар қойып қорыту.

Сау,болыңдар!    Амандасады
Жақсы

Мұғаліммен бірге қосылып қайталайды.

Жауап береді.
Суық.
Қар,суық, боран.

Суық,ериді,жабысады 
Ақ 

Қыс мезгілі,балалар ойнап жүр.
Аппақ
Аққала
Қардан
Дөңгелек
Үш бөліктен тұрады.

Тыңдайды.

Әрине

Әрине.
Иә

Аққала туралы.

Қолдарын жоғары көтеріп ауада шеңбер сызады.

Дөңгелек

Үшеу
Жауап береді

Ауада шеңбер сызады.

Мұғаліммен бірге қимыл-қозғалыс жасайды.

Зима
Снег
Снеговик 

Мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап береді.
Балалар аққала туралы ойларын айтады.

Балалар шашылған аққаланы құрайды. 

Қоштасады.

    Біледі: Жылдың төрт мезгілін,оның ішінде қыс мезгілін,оның ерекшеліктерін, қарды сипаттай біледі.
    Меңгерді: Аққаланың қандай пішінде болатынын және орналасу тәртібін,неден жасалатынын меңгерді.
Жасай алады: Ақ қағаз бетіндегі кеңістікті пайдалана отырып дұрыс суреттейді және бояйды.

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!


Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!