Ақпараттық жүйені және деректер қорын жобалау

0


Мaзмұны

Кipicпe … … … … … … … … … … … … … … … … ..6
… … … … … … … … .. … … … … .
1 Есептің қойылымы 9
… … … … … … … … .. … … … … … … … … … .
… … … … …
1.1 Зерттеу объектісін 9
талдау … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … …
1.2 Бағдарламаға қойылатын 10
талаптар … … … … … … .. … … … … … … … … … .
1.3 Өнімнің визуалдық 11
ортасы … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … ..
1.4 InterBase 13
сервері … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … … ..
2 Деректер қорын жобалау 15
проблемалары … … … … … .. … … … … … … … …
2.1 Ақпараттық жүйені және деректер қорын 15
жобалау … … … … … … … …
2.2 Жобалау 18
проблемалары … … … … … .. … … … … … … … … … .
… … … … … ..
2.3 Реляциялық деректер 20
қоры … … … … … … … .. … … … … … … … … … ..
… …
2.3.1 Деректер қоры 24
кестелері … … … … … … . … … … … … … … … … ..
… … … ..
2.3.2 Деректерді кестелік түрде көрсету. 25
Нормалдау … … … … … … . … … … ..
2.3.3 Кілттер мен 26
индекстер … … … … … … . … … … … … … … … … ..
… … … … ..
2.3.4 Деректерге қатынас құру әдістері мен 28
тәсілдері … … … … … … . … … …
2.4 Заттық аймақты 29
талдау … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … .
3 Бағдарламалық қамтаманы 31
ұйымдастыру … … … … … … … … … … … … .
3.1 Деректер қорын 31
құру … … … … … … … .. … … … … … … … … … ..
… … … … ..
3.1.1 ДҚ физикалық үлгісін (көрсетімін) 35
жобалау … … … … … … … … … … …
3.1.2 Деректер қорын 36
құру … … … … … … … .. … … … … … … … … … ..
… … … ..
3.1.3 Delphi ортасында деректер қорын 37
тіркеу … … … … … … … … … … … … .
3.1.4 Дерекқор кестелерін 40
құру … … … … … … … .. … … … … … … … … … ..
… …
3.1.5 Кестелерді 40
баптау … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … ..
3.2 ДҚБЖ 43
құру … … … … … … … .. … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … ..
3.2.1 ДҚБЖ құрамын 43
анықтау … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … …
3.2.2 ДҚБЖ компоненттерін құру жоспары және 45
жобасы … … … … … … … ..
3.2.3 Қолданбаның бас формаларын 46
құру … … … … … … … .. … … … … … … …
3.2.4 Тауарлар қоры, Тауарлар карточкасы формаларын 49
құру … … … …
3.2.5 Ұйымдар тізімі және Ұйым формаларын 51
құру … … … … … … … .. .
3.2.6 Жүйе пішім үйлесімі формасын 53
құру … … … … … … … .. … … … … … .
Есепшот тізімі, Есепшот формаларын 56
құру … … … … … … … .. … ..
3.3 Есеп 62
құру … … … … … … … .. … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … .. .
3.3.1 Есеп құруға арналған 62
компоненттер … … … … … .. … … … … … … … … .
3.3.2 Накладной бойынша отчет есеп 65
құру … … … … … … … .. … … … …
2.3.3 Салық счета-фактуры есебін 67
құру … … … … … … … .. … … … … … …
Қорытынды … … … … … … . … … … … … … … … … ..69
… … … … … … … … .. … .
Пайдаланылған әдебиеттер 70
тізімі … … … … … … … … … … … … … … … … ..
Қосымша А. Бағдарламаны қабылдау 71
актісі … … … … … … … … … … … … … .
Қосымша Б. Бағдарлама 72
листингісі … … … … … … … … … … … … … … … ..
… …

Кіріспе

Соңғы уақытта адамның қызметінің барлық орталарында ақпарат айналымы
мен көлемі өсті: экономикалық, қаржылық, саяси және де білімді қолдану,
өңдеу және жинау процесі үздіксіз жеделдетіліп отырады. Ғалымдардың
бекітуінше, әр он жыл сайын ақпарат көлемі 2 есе үлкейіп отырады. Осыған
байланысты автоматтандырылған құралдарды қолдану қажеттілігі туындайды,
автоматтандырылған құралдар жиналған деректерді өңдеуге, бөлуге және де
тиімді сақтауға мүмкіндік береді. Ірі кәсіпорынның қаржылық звеносының
жұмыс сапалығына қойылатын талаптарға сай оның жұмысының тиімділігі
компанияның автоматтандырылған қоймалық есебі компьютерлік жүйесі қорында
ақпараттық құралдармен жабдықталу деңгейіне байланысты болады.
Компьютерлік есептің өзіндік ерекшеліктері бар және де олардың
кәдімгіден радикалды айырмашылықтары бар. Сауда қызметін басқару үшін қажет
және оның жүрісін талқылау үшін жиналған деректерді жалпыландыру және
құжаттарды рәсімдеуге қажет болып табылатын уақытты үнемдейді, сонымен қоса
компьютер есеп жүргізуді жеңілдетеді. Компьютер арқылы алынатын сауда күйі
туралы есеп беруді онсыз да алуға болады – компьютер құрамында ешқандай
ерекше математика жоқ, бірақ есептерге кететін уақыт олардың қажет емес
болып қалуына әкеледі немесе олардың есептерінің нәтижесінде алынатын пайда
мен салыстырғанда олардың төлемақысына кететін шығын көп болатындай
есептеушілер санын алуға мәжбүр болады.
Деректер қорымен жұмыс істеуге арналған бағдарламалық қамту бұрыннан
дербес компьютерлерде қолданылады. Өкінішке орай, бұл бағдарламалар
деректерді сақтаудың элементарлы диспетчерлері ғана болды және оларда
қосымшаларды өндірілетін құралдар жоқ болды, немесе олардың күрделілігі өте
жоғары деңгейде, нәтижесінде қолданушыға бағытталған толық қосымшалар
болмайынша бұндай бағдарламалармен жұмыс істеуден компьютерді жақсы білетін
адамдардың өзі бас тартатын болған.
Бұл дипломдық жобаның басты мақсаты қоймадағы тауарлы-материалдық
қорлардың қозғалысы мен сақталуына жасалатын есептер бойынша қоймашының
жұмыс орнын автоматтандыру жүйесін өндіру болып табылады.
Қойма операцияларының есебін автоматтандыру үшін келесі мәселелерді
шешу керек:
а) қоймадағы тауарлы-материалдық қорлардың қозғалысы мен сақталуына
жасалатын есеп мақсатының негізін талқылау;
б) есептеу техникасын қолдануды негіздеу;
в) есеп берулерді формализациялау;
г) барлық қамтамасыз ету түрлері бойынша өндіруді негіздеу;
д) кіріс, тұрақты, аралық және нәтижелік ақпаратты сипаттау;
е) таңдалған жобаның нұсқасын жүзеге асыру.
Автоматизацияның негізгі артықшылығы сақталатын мәліметтердің
артықшылығын қысқарту, нәтижесінде қолданылатын жады көлемін үнемдеу, артық
көшірмелерді жаңартудың көп ретті операцияларына кететін шығындардың кемуі
және бір обьект туралы әр түрлі жерлерде мағлұматтарды сақтау салдарынан
қарама-қарсылықтардың пайда болу мүмкіндігін жояды, ақпараттың ақиқаттық
деңгейінің артуы және ақпаратты өңдеу жылдамдығының артуы, ішкі аралық
құжаттардың, түрлі журналдар, бумалар, сұраныстар және т.б артық саны, бір
ақпаратты түрлі аралық құжаттарға қайта енгізу. Сонымен қатар обьект
ізденісінің параметрлері берілетін арнайы экрандық формалардан ақпаратты
автоматты түрде іздеуді жүзеге асыру уақытты анағұрлым түрде үнемдейді.
Берілген жобаланатын жүйенің негізгі мақсаты қоймадағы тауарлы-
материалдық қозғалыстары мен сақталуына жасалатын есептеуге және шаруашылық
операцияларды жедел реттеу, сыртқы орта үшін стандартты құжаттарды
(карточкалар, кірістер мен шығындардың қаптамалары, есеп – фактуралары)
болып табылады. Жабдықтаушылардан тауарлы-материалдық қорлардың келіп түсуі
есеп фактуралармен, қаптамалармен, акттермен және басқа құжаттармен сәйкес
рәсімделуді талап етеді. Серік болу құжаттарының негізінде материалдардың
қоймадағы есеп жөнінде карточка жасалады, кейін мұнда материалдардың
қозғалысы көрініс табады. Қоймадағы өндіріс орындарына жіберілетін
материалдарға лимитті қоршалған карта рәсімделеді. Бұдан басқа тауарлы
материалды қорлар тағайындалуы мен оларды алушыға байланысты талаптар мен
шығыс қаптамалары рәсімделеді. Өндіріске жіберілген материалдар құнының
суммалары лимитті қоршалған карталар, талаптар, қаптамалар мен материалдар
есептеулерінің карточкаларындағы оларды алып тастау бөлімінде сәйкес келуі
керек. Шаруашылық процестерін жедел басқару бірден бастап бірнеше күнге
дейінгі уақытты құрайды және оқиғалардың тіркелуін жүзеге асырады, мысалы
тапсырмаларды орындау мониторингі және рәсімделуі, қоймадағы материалдық
құндылықтардың шығындары мен табыстары және т.б. Бұл тапсырмалардың
интерактивті, үздіксіз сипаты бар, шаруашылық процестердің тікелей
орындаушыларымен орындалады (жұмысшылармен, қоймашылармен, әкімшілікпен
және т.б.) және нақты анықталған алгоритмдерге сәйкес құжаттарды жіберу
және рәсімдеумен байланысты. Шаруашылық операцияларды орындау нәтижелері
сәйкес журналдарда тіркеледі. Бұл процестердің автоматизациясы ақпарат
қолайлы интерфейс арқылы енгізілетін бір қорда ақпаратты сақтауға мүмкіндік
береді.
Берілген ақпараттық жүйе тіркеуден шығару блогында бухгалтерия
бөлігінде жүзеге асырылатын болады. Бұл жүйенің қолданушысы қоймадағы
тауарды есептеумен, сонымен қатар шығын құжаттарын ағымдағы тіркеуден
алумен және жаңа келіп түскен тауарды қайта тіркеумен айналысатын адам
болады.
Ақпараттық жүйе шығын қаптамаларын жазып берудің күнделікті жұмысынан
қызметшілерді босатуға мүмкіндік береді. Бұрын қайталанатын реквезиттері
қолмен жазылатындықтан, сонымен номенклатураның үлкен тізімі – бұл көп
уақытты алар еді. Автоматизация уақытты анағұрлым көп қысқартуға мүмкіндік
береді. Қызметшіге тізімнен сәйкес келетін клиентті тек таңдау керек және
анықтамадан номенклатурасын көрсетіп, күнін таңдап, құжатты баспаға жіберу
керек. Баспа формасында автоматты түрде құжаттардың баспа формасында
орнатылуына сәйкес барлық қажет реквезиттер көрсетіледі.
Есеп беруді жасау үшін сәйкес құжаттарда іздеу жолымен қажет
мәліметтерді жинау керек, егер бұл жылдық есеп беру болса, онда бұл жыл
ішіндегі барлық құжаттарды қарастыру қажет болады, оған көп уақыт кетеді.
Есеп беру бойынша нәтижелерді шығарған кезде есептеулерде үлкен нақтылық
қажет, бұл өз ісінің маманының өзін де әр уақытта дұрыс бола бермейді. Осы
және басқа тапсырмаларды жобаланып жатқан ақпараттық жүйе шеше алады. Басқа
жақта өндірілген бағдарламалық өнімдер қолданылатын кәсіпорындар бойынша
талқылау автоматтандырылатын өндіріспен өндіруші әртүрлі қалаларда
орналасуына байланысты серік болуымен кейбір мәселелердің бар болуын
көрсетеді. Соған байланысты қандай да бір жетілдіру тапсырмасы мен нәтижесі
арасында бір айдан кем емес уақыт өтеді.
Қажет обьектті (сумманы, құжатты, санды) іздеу кезінде, егер оны
іздейтін құжат белгісіз болғанда құжаттардың барлық бумасын қарастырып
өтуге және әрбір позицияны қарастыруға тура келеді. Автоматизация осы
позиция бойынша таңдауды жасауға және анағұрлым түрде сәйкес келетін
құжаттардың көлемін қысқартуға мүмкіндік береді немесе жалғыз ізделінді
құжатқа әкеледі. Прайс-парақты құрастырған кезде де қиындықтар туындайды.
Егер қоймаға тауардың жаңа түрі әкелінсе немесе көне тауар өзгерсе,
бүкіл прайс-парақты қайта жасауға қажет болады. Автоматтандырылған жүйені
енгізу номенклатурасының жаңа позициясын қосқан кезде осы барлық
әрекеттерді автоматты түрде орындауға мүмкіндік береді.
Күнделікті ұзақ жұмыстарды орындауға кететін уақытты қысқарту арқылы
тек өзінің жұмысын ғана емес, енді бірқатар басқа қызметтерді міндеттерді
қолға алатын қызметінің еңбекке қабілетін жоғарылата алады. Жеке өзінің
автоматтандырылған жүйесін құру барлық ерекшеліктерді ескеруге мүмкіндік
береді, мұнда тек қалай және не керектері ғана өндіріледі, себебі тауарлы-
материалдық қор есебі өндірістік қаржылық қасиеттерінде негізгі орын алады.
Тауарлы-материалдар қорлары белсенділер құрамына кіреді және өндірісте
қолданылатын шикізат қорлары, материалдар сатып алынатын жартылай
фабрикаттар мен қосалқы бұйымдар, отын, көлемді ыдыстар қосалқы бөлшектер
мен басқа материалдар болып табылады.
Қазіргі уақыттағы жеке кәсіпкерлік жағдайында бақылау кәсіпкер
қызметінің бір бөлігіне айналды. Кез келген кәсіпкер үшін басты мақсаты
өндіріс тиімділігін қамту үшін мәліметтерді жедел түрде алу және табыстарды
алудағы тұрақтылық болып табылады, бұның өзі қоймадағы тауарлы-материалдық
құндылықтар есебінің автоматтандырылған жүйесін енгізу болып табылады.

1 Есептің қойылымы

1.1 Зерттеу объектісін талдау

Бұл дипломдық жұмыстың тақырыбы Қойманың жұмысын автоматтандыруға
арналған бағдарламалық қамтама құру болып табылады. Бұл бағдарламалық
қамтамада қоймадағы тауарлар, қабылданған тауарлар, жұмысшылар, шығындар,
табыстар және т.б. мәліметтер сақталуы тиіс. Қазіргі таңда кез-келген
мекеме өздеріне қажетті бағдарламалық қамтаманы бағдарламашыларға ұсыныс
беру арқылы өздеріне ыңғайлы бағдарламаны алып күнделікті жұмыс жасайды.
Сол сияқты бұл бағдарламада қойманы басқаруға ыңғайлы болуы қажет. Ең
алдымен бағдарламалық қамтаманың интерфейсі өте қолайлы және түсінікті болу
керек. Бірнеше қолданушыларға арналуы тиіс және сенімділік өте жоғарғы
деңгейде болуы қажет. Мәліметтерде өте аз уақыт ішінде енгізу және өшіруді
орындай алуы қажет. Базадан мәліметтерді өте аз уақытта тауып оларды
клиентке жылдам шығарып беруді ұйымдастыру. Әр қожайынның жануарлары жайлы
мәліметті ең аз уақытта, өте түсінікті түрде шығарып беруге арналған есеп
болуы қажет.
Бұл мәселені автоматтандыру үшін жүйе құру керек. Бұл жүйе тауарлар,
клиенттер, құжаттар жайлы деректермен жұмыс істейді. Сол себепті жүйенің
типі деректер қорының жүйесі болып табылады. Ол екі компоненттен тұрады: ДҚ
және деректер қорымен жұмыс істейтін ДҚБЖ.
Қазіргі таңда қоғамда кез-келген мекеме немесе арнайы ұйымдар болсын
күнделікті мекеме жұмыстарын автоматтандыруға көшіп жатыр. Бұл жұмысты
автоматтандыру үшін арнайы бағдарламалық қамтама керек. Ал біздің дипломдық
жұмысымызда қойма қызметкерлеріне арналған бағдарламалық қамтама құру болып
табылады. Ұйым құжат айналымын, қабылданған және жіберілген тауарлардың
есебін шығарудың жұмысын автоматтандыруды қажет етсін делік. Ұйымның құжат
айналымында және қоймадағы тауарлардың есебін жүргізу үшін келесідей
амалдар мен процестерді бөліп қарастыру керек:
— қоймадағы тауарлар туралы мәліметтер;
— қабылданған тауарлар туралы нақты мәліметтер;
— жұмысшылар жайлы мәліметтер;
— клиенттер жайлы мәліметтер;
— тауар шығарушы компаниялар жайлы мәліметтер;
— бухгалтерия сұраулары бойынша тауарларды сату жайлы есеп беру, сатып
алушылармен накладной реестр жүргізу.
ДҚ құруды келесі тәсілмен көрсетеміз. Тұжырымдамалық жобаға сәйкес ДҚ
үш кестеден тұрады, сол себепті деректер қорын келесідей тізбек ретімен
құрамыз: кесте құрылымын қалыптастыру шамадан тыс артық болмауды қадағалау,
кестелер арасындағы байланысты орнату, ДҚ тұтастығын қамтамасыз ету үшін
қажетті генераторларды, триггерлерді сақтау процедураларын құру.

1.2 Бағдарламаға қойылатын талаптар

Функцияналдық сипаттамаларға қойылатын талаптар
Құрушы ортаның функцияналдық бөлігі мынаны қамтамасыз етуі керек.
— автоматтандыру мәселесін қалыптастыру және талдау;
— ДҚБЖ- ны жобалау;
— жүйенің программалық қамтамасын құру;
— жүйені әкімшілдендіру;
— жүйені сынау және енгізу.
Кіріс деректерін ұйымдастыруға қойылатын талаптар
Құрушы ортаның функцияналдық бөлігі үшін кіріс деректері болып
табылады:
— келіп түскен материалдар немесе тауарлар;
— ұйым-клиенті реквизиттері;
— пайдаланушы енгізетін деректер.
Шығыс деректеріне қойылатын талаптар
Құрылған ДҚБЖ жұмысының нәтижесі тауарды төлеуге есеп-шоттар, қоймадан
тауарды жіберуге накладной, сатылған тауарға жазылатын салық счет-
фактурасы, сатылған тауарлар сипаттамасы жайлы есептер құрылған накладной
тіркеу. Сонымен қатар белгілі бір уақыт аралығында барлық сатылған
тауарлардың сомасының қорытындысы шығарылады.
Қарастырылмаған кіріс деректеріне қолданбаның әсер етуі
Егер кіріс деректері қандай да бір жағдаймен орнатылған деректермен
сәйкес келмесе, онда жүйе қателікті көрсететін хабар шығарады, ал
пайдаланушы ақпаратты енгізуді түзетеді.
Жүйенің сенімділігі мыналар арқылы қамтамасыз етіледі:
— пайдаланушылар әрекетін және ол енгізген деректерді бақылау
функциясы;
— деректер қорына келісім бойынша деректерді енгізу функциясы.
Қойылған есепті шешуге қажетті деректер көмегімен деректер қоры жүйесі
деректер тобы жиынынан тұрады. Осы себепті деректер қоры жүйесі деректер
қоры кестелер қатарынан тұрады. Осыдан келіп ДҚ логикалық деңгейде жобалау
процесі проблемалық ортаны талдау арқылы кесте түрінде көрсетуге болатын
деректер тобын айқындауға әкеледі. Белгіленген кестелердің құрылымдары
анықталады. Сонымен қатар, ДҚ негізгі компонеттері болып табылатын жеке
кестелерді жобалаймыз. Сонан соң осы кестелер арасында байланыстарды орната
отырып, кестелерден деректердің бірегей үлгісін қалыптастырамыз.
Бұл програманың жұмыс істеуі үшін Delphi6.0. ортасы қажет.
Дерекқорларды құру үшін DataBase Desktop 5.0. Деректер қоры сервері —
InterBase 6.0. Microsoft Windows NT4.0, Windows 98, Windows 2000
платформалары қажет.
— Intell PentiumIII, Celeron немесе AMD — Кб және олардан жоғары
санашықтар;
— 128 Мб оперативті жады;
— 20 Мб бос дискілік кеңістік;
— басқарушы тышқан немесе пернетақта;
Кіріс деректері мәтіндік файлдар қолданатын пішімдер түрінде
көрсетілген. Шығыс деректері есептер түрінде көрсетілген.
Құрылған жүйе тауарларды есептер түрінде қарап шығуды қамтамасыз
етеді.
Қолданбаларды құру ортасында ең тиімді құрал-сайман Delphi ортасы. Сол
себепті біз жүйені құру үшін осы ортаны таңдадым.
Бүгінгі күні Delphi-де жұмыс істеу Windows үшін қолданбалар жазудың ең
өнімді ортасы. Программылық қамтамаларды құрудың кез-келген құрал-
саймандардың ортақ өнімділігі бес негізгі аспектілермен анықталады:
— өнімнің визуалды ортасының сапасы;
— компилятор жұмысының жылдамдығы және компиляцияланған программалардың
шапшаңдығы;
— программалау тілінің қуаты мен күрделілігі;
— қолданылатын ДҚ сәулетінің икемділігі мен масштабталуы;
— жобалау және қолдану щаблондарын құру ортасының бар болуы [4].
Тағы да басқа маңызды факторлар бар- мысалы, орау мәселесі құжатнама
және т.б.

1.3 Өнімнің визуалдық ортасы

Өнімнің визуалдық ортасы өзара байланысқан үш компоненттен тұрады:
редактор, отладчик және форма конструкторы.
Delphi формалар конструкторында жұмыс істегенде формаға салынатын және
өңделетін барлық компоненттер үшін программалық коданы шығарады. Редактор
терезесінде, автоматты түрде құрылған программаның мәтініне қолданбаның
айқындамасының жағдайын анықтайтын қажетті толықтыруларды енгізуге болады.
Осында, редактор терезесінде тоқтату нүктелерін енгізу арқылы айнымалыларды
бақылауға арналған программалар орындалады. Delphi редакторы әдетте басқа
да құрал — саймандармен қатарласа қолданылады. Ең қуатты утилита
пернетақтадан енгізілетін программалық мәтіндердің көлемін азайту
мүмкіндігін беретін CodeInsight болып саналады. Бұл құрал типтер
библиотекасын (Visual Basic секілді) емес компилятор ақпараттарын пайдалану
негізінде құрылған, сол себепті ол кеңінен қолданылады. Дегенмен Delphi
редакторы баптау парамертлерінің жеткілікті жиынын қолдағанымен Visual
Studio дестесінің редакторы анағұрлым кең.
Delphi 6 отладчигі Visual Studio отладчигіне тән функцияналдық
мүмкіндіктерінің бәрін қолдайды. Жаңа функцияларға мыналар жатады: қашықтан
отладка құралы, процестерді үстемелеу, DLL библиотекасы және дестелерінің
отладкасы, автоматты жергілікті айнымалылардың мәнідерін бақылау құралдары,
орталыќ ќолданба терезесін қолдау. Сонымен қатар отладка ортасын
графикалық түрде басқару құралын ұсынады. Олар отладка барысында
терезелерді жылжыту, қатарластыру, сондай-ақ, жұмыс столы баптау
параметлерінің топтары түрінде алынған пімімүйлесім жайлы мәліметтерді
сақтайды. Отладчик ыңғайлы функцияларының бірі- программалық мәтінді
отладка процесіндегі өзгерту мүмкіндігі. Өкінішке орай компилятор ортасында
мұндай функцияларды жүзеге асыру қиын Delphi ортасында олар жоқ.
Delphi формалар конструкторында толығымен объектілі- бағытталған құру
сұлбасы қолданылады. Нәтижесінде базалық кластарға енгізілген өзгертулер
сол мезетте туынды кластарға таратылады.
Компилятордың жұмыс жылдамдығы және компиляцияланған программалардың
шапшаңдығы.
Жылдам компилятор программлық қамтаманың сатылай құру мүмкіндігін
береді. Себебі, бастапқы программаға кезекті қайта компиляциялау және
тестілеу арқылы бірнеше рет өзгертулер енгізіледі. Жай компилятор құрушының
бірмезгілде компиляцияның және отладканың бір циклында бірнеше жеке
тапсырмаларды қисындастыра отырып, көп өзгертулерді жасау қажет етеді. Бұл
өз кезегінде өнімнің жеке циклдардың тиімділігін төмендетеді.
Компиляцияланған программалардың жұмысының тиімділігін арттыру арқылы
жеткен артықшылықтар айқын көрінеді. Кез- келген жағдайда, программа
қаншалықты тез жұмыс жасаса және оның объектілік кодасы аз болса, соғұрлым
жақсы [3].
Delphi-де қолданылатын Паскал тілінің компиляторның ең белгілі
ерекшелігі шапшаңдылығы (Windows ортасындағы ең шапшаң компилятор).
Қолданылатын деректер қоры сәулетінің икемділігі мен масштабтылығы.
Delphi құрамына деректер қорын сүйемелдейтін ең икемді сәулетті
қамтамасыз ететін құрал-саймандар кіреді. BDE механизмі табысты жұмыс істеп
келеді және көптеген қолданбаларға жергілікті, тарамдалған және ODBS-ДҚ
платформалары кең диапазонында өзара әрекеттескенде жеткілікті өнімділікті
қамтамасыз етеді. BDE құралдарынан бас тартып ADO- компоненталарын
пайдалануға болады. Егер ADO қажетті компоненталары болмаса, онда
абстрактілік көпдеңгейлі сәулетті деректер қорының ұсынатын компоненталары
негізінде деректер қорына қатынас құрудың жеке кластарын құруға болады
немесе басқа фирмаларға қажетті компоненталарға тапсырыс беруге болады.
Сонымен қатар ұсынылатын MIDAS құралдары бірнеше логикалық және физикалық
деңгейлер бойынша деректердің таралымын жеңілдетеді және сол мезетте кез-
келген деректер көзіне қатынас құру мүмкіндігін береді.
Delphi-дің барлық элементтері қажетті және маңызды. Соның ішінде ең
маңыздысы — VCL библиотекасы. Жобалау процесінде компоненталарды басқару
мүмкіндігі, өз компоненталарын құру және объектілік-бағытталған
технологиялар көмегімен алынған басқа компоненталардың сипаты- мұның
барлығы Delphi ортасына тән өнімділіктің жоғары деңгейінің маңызды
жағдайлары болып табылады. VCL компоненталар құрғанда ұсынылған обектілік —
бағытталған программалау технологиясы ішінен қажеттісін таңдап алуға болады
[4-9].

1.4 InterBase сервері

Деректер қорының сервері — бас компьютер және дерекқор орналасқан
тораптағы түйіндерде орындалатын программалық процесс. Сервер процесі-
дерекқор файлдары үшін тікелей енгізу-шығару операцияларын орындай алатын
кез-келген түйіндегі жалғыз процесс.
Клиенттер дерекқорда түрлі әрекеттерді орындау үшін серверлік процеске
сұратымдар жібереді, сонымен қатар:
— берілген шарттар бойынша дерекқорда іздеу жүргізу;
— салыстыру, сұрыптау және кестелік түрде деректерді көрсету;
— сақталатын деректерді өзгерту;
— дерекқорға жаңа деректерді қосу;
— дерекқордан деректерді өшіру;
— жаңа дерекқорды және деректер құрылымын құру;
— серверде программалық коданы орындау;
— осы сәтте серверге жалғанған басқа клиенттерге хабар беру.
Серверлік процестер толығымен тораптық болып табылады, ол тораптың
басқа түйіндерінен жалғануға сұратымдарды және қолданбалық программаның сол
хаттамасын қолдайды.
Бірнеше клиент серверге көпағымды процеспен бірмезгілде жалғану
мүмкін. Сервер дерекқор аймағында деректердің жеке жазбаларына қатынас
құруды реттейді және клиенттер жазбалардағы деректерді өзгертуге сұратым
жасағанда жазбаларға монопольды қатынас құруды қамтамасыз етеді.
Барлық серверлер деректерді ұйымдастырудың және оларды басқарудың
ұқсас ұстанымдарына ие. Delphi -мен бірге InterBase6.х серверлік және
клиеттік бөлімдері беріледі, бірақ ол бөлек орнатылады. Орнату автоматты
түрде орындалады, Borland каталогындағы сервер файлдары InterBase
ішкаталогына көшіріледі [3].
InterBase серверлік бөлімі InterBase серверінің жергілікті нұсқасы
болып табылады және бір компьютерде оларды тораптық нұсқада тексере отырып,
қашықтағы ДҚ- мен жұмыс істеуге арналған қолданбаларды отладка үшін
қолданылады.
Жергілікті компьютерде қолданбаны отладка жасаған соң оны тораптық
компьютерлерге өзгертулерсіз көшіруге болады, ол үшін:
— деректер қорын серверге көшіру керек;
— қолданба үшін қашықтағы ДҚ- мен байланысудың жаңа параметлерін
орнату.
Деректер қорын Windows қадағалаушы типті программамен көшіруге болады.
Клиенттік бөлік қолданбаға қашықтағы деректер қорымен қатынас құруды
қамтамасыз ету үшін қажет.
InterBase ерекшеліктері:
— техникалық құралдарға төмен талаптар қоя отырып, сервердің өнім
ділігінің және сенімділігінің жоғарылығы;
— қолданба SQL-92 стандартын қолдау;
— өнімнің салытырмалы төмен бағасы;
— серверді қолдауы және орнату қарапайымдылығы.
Деректер қорын әкімшілдендірудің ыңғайлы және арнайы дайындықты талап
етпейтін механизмі.
Мұның барлығы InterBase-ті кішігірім және орташа масштабты
корпаративтік жүйелерде жүзеге асыру үшін тамаша таңдау екендігін
көрсетеді. Менің жобамды жүзеге асыру үшін InterBase ыңғайлы және қол
жетерлік құралы ғана емес, ДҚБЖ жүйесінің тораптық жүзеге асырылуына жол
ашатын нұсқа [9-11].

Деректер қорын жобалау проблемалары

2.1 Ақпараттық жүйені және деректер қорын жобалау

«Ақпараттық жүйе термині» бизнесті енгізуді жеңілдететін немесе
«автоматтандыратын» программалық өнімдер жіктелігіне жатқызылады. Жүйе
бизнесті ақпараттық түрде сүйемелдейтін болса «ақпараттық» жүйе деп
аталады. Егер бірнеше функцияны орындайтын болса (кейбір жағдайларда
тізбектей, кейде қатарлас), сәйкес программа «жүйе» деп аталады (қойма
шаруашылығын жүргізуді қолдайтын ақпараттық жүйеге мысалы: тауарлардың
қоймаға түсуі, сатып алушыларға тауарларды жіберу, сонымен қатар қоймаға
қажет әрбір өнімнің санын бақылайды).
Көп жағдайларда жеке ақпараттық жүйені құру деректер қорын қолданады.
«Деректер қоры» қандай да болмасын операциялық жүйенің файлдарын қолдайтын
деректер қоймасынан қалай ажыратылады? Олардың айырмашылығы деректер қоры
құрамына кіретін деректер жиынын әркелкі деректер арасындағы байланыстар
жайлы білімге ие «деректер қорын басқару жүйесі (ДҚБЖ)» деп аталатын
арнайы жүйелік программа басқарады. Мысалы: қойма жүйесінде сәйкес деректер
қорын басқаратын жалпы қойма тізімінде көрсетілген кез-келген тауар бірлігі
үшін қоймаға тауардың түсуін реттейтін құжатта дұрыс сан қойылуын білуі
керек. Бұл қасиетті деректер қорының тұтастығы деп атайды. Ақпараттық
жүйенің деректер қорын құрғанда құрушы жүйе деректер қорын қандай тұтастық
шектеулері типімен қолдайтынын ДҚБЖ- ға хабарлайды, сонан соң ДҚБЖ ешбір
қолданбалық программаның араласуын талап етпей жауапкершілікті талап
етпейді.
Қазіргі кездегі ДҚБЖ ақпараттық жүйені құрушылар мен қолданушыларға
арналған. Мұндағы көп кездесетін проблема ақпараттық жүйені жобалау және
құру болып табылады. Осында үш түрлі мәселені шешу қажет:
а) ақпараттық жүйенің логикалық құрылымы программа жиыны секілді
жобалау және құру;
ә) ақпараттық жүйенің жалпы жобалау негізінде жатқан деректер қорын
жобалау;
б) интерфейстік ішжүйелерді жобалау және құру [1].
Жоғарыда көрсетілген мәселелерді қолмен шешу тіпті мүмкін емес, сол
себепті программалық қамтамаларды құрумен айналысатын компаниялар
ақпараттық жүйелерді жобалауда және құруда қызмет көрсету сайманы болып
табылатын құралдарды өндіреді. Алдымен, бұл ақпараттық жүйелерді құруды
сүйемелдеуге бағытталған CASE (Computer Added Software Enginering)
жіктелігінің жүйесі. Дамыған CASE жүйелер — қолданбалық жүйелерді жобалау
және құру процесін, осы процесс жайлы толық құжатнаманы сүйемелдей отырып
автоматтандыру мүмкіндігін береді. CASE жүйелер құрылымды, интуитивті
көрсету және қажетті заттық аймаққа жеткізуден SQL тілінің терминдерінде
қалыптастырып көрсетуге дейін мүмкіндік береді.
Ақпараттық жүйелер басқа өнімдер сияқты жобалау, құру (жасау), енгізу
және пайдаға асыру сатыларынан тұратын өмір сүру циклына (ӨЦ) ие. Басқа
өнімдерден айырмашылығы, ақпараттық жүйелер мекеменің бизнес процесінде
бірлестік үлестік қатысының деңгейіне және мөлшеріне байланысты әр сатыда
әртүрлі болады. Ақпараттық жүйе қызмет көрсетуінің сыртқы ортасына
байланысты динамикалық болады, ауқымды ақпараттық жүйелер өз функцияларын
тиімді орындау үшін оларды ұйымдастыру және сүйемелдеп отыру қажет.
Қазіргі кезде ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуына байланысты
жобалау және құру сатыларының нақты шегі жоқ. АЖ өмірлік циклы сатыларының
процестеріне қатысты мынандай терминдер қолданылады: салу, құру, жасау,
жобалау, құрылмалау, программалау, (жалпы жағдайда әртүрлі мәнге ие
болатын) кодалау [12].
Жалпы жағдайда жобалау және құру процестері әртүрлі:
— жобалау сатысы соңында бұйым (АЖ) әлі дайын емес, біз тек оның
қағаздағы жобасын аламыз (CASE технологиясын қолдану кезіндегі
жобалауда жобаның электрондық формасын аламыз);
— құру сатысы соңында бұйым (АЖ) физикалық түрде алынады, сол себепті
бұл саты бұйымды жасау сатысына сәйкес келеді.
Дегенмен АЖ құру практикасында жобалау және құру сатыларын айқын
бөлмейді. Бұл сатылардың процестері араласқан (бұл АЖ құрылып жатқан орта
мен құрал — саймандарға байланысты).
Қазіргі кезде АЖ құрудың негізгі ерекшеліктерін айтып өтейік.
Жалпы ақпараттық жүйе ешбір тәжірибе және белгілі әдістер, саймандар
немесе құралдарды қолданбай, әйтпесе ертеректе алынған тәжіребелер мен
басқа да білімдерді қолдану арқылы құрылады.
Екінші нұсқа ақпараттық жүйені құру технологиясына сәйкес келеді.
Арнайы технологияны пайдалану сапалы нәтижелерді құру және алу процесінің
тиімділігін қамтамасыз етеді. Сол себепті көпшілік қолданатын немесе
кейіннен стандарт ретінде қабылданатын жеке технологияларды қалыптастыру
маңызды болып табылады.
Сонымен, кез-келген АЖ құру кезінде мынандай анықтау немесе таңдау
қажеттіліктері туындайды:
— сол технологияның негізінде немесе оның көмегімен ақпараттық жүйені
құру технологиялары;
— АЖ құратын бизнес — процестерді енгізу технологияларын немесе жобалық
және енгізу жұмыстарын жүргізетін процестерді енгізу.
Технологиялардың туындау және қалыптасу механизмдері келесідей.
Технология құраушылар қатарынан: жоба сатыларының орындалуының жалпы
және жеке сұлбаларынан, әдістерінен, құрал- саймандарынан және
стандарттарынан тұрады. Бұл құраушылар арасында мынандай сәйкестік болу
керек:
— жалпы сұлба және жеке сатылардың сұлбасы АЖ құру және жобалауға
қажетті кезеңдердің, сатылардың және операциялардың орындалу
тізбегінің логикасын бейнелейді;
— егер сұлбаның әр сатысында операциялар (мысалы, машина құру
өндірісінде станоктар мен құралдар) мен сатылардың орындалу құралдарын
көрсететін болсақ, онда сұлба ақпараттық жүйені құру технологиясына
айналады. АЖ құру технологиясының құрал-саймандық құрамына заттық
аймаққа талдау жүргізу құралдары, жобаланған жүйенің сапасын сынау
және зерттеу құралдары, мәселелері, үлгілері, жобалары кіреді;
— стандарттар сатылардың және ақпараттық жүйені құрудың барлық
процестерінің орындалу нәтижелерінің сапасын бірегей ету және көтеру
үшін қолданылады. Сондай-ақ ашық жүйелер әрекеттестігінің
стандарттарына сай сәйкестікті және кеңейюді қамтамасыз етеді.
Осылайша ақпараттық жүйені құру технологиясының жалпы сұлбасы шығады:
— автоматтандыру мәселесін қалыптастыру және талдау;
— ДҚБЖ -ны жобалау;
— тұжырымдау деңгейінде жобалау;
— физикалық деңгейде жобалау;
— құру, яғни жүйені өндіру;
— жүйені сынау және енгізу;
— жүйені сүйемелдеу. АЖ- ны түзету және дамыту;
— жүйені әкімшілдендіру;
АЖ құрудағы келесі маңызды сұрақ, құру процестерін ұйымдастыру болып
табылады. Ауқымды АЖ-ны жобалау тиімділігі жобалау процесінің
ұйымдастырылуына байланысты. АЖ өмірлік циклының әртүрлі сатыларында
ұйымдастыру және басқару, яғни жобалау процесі мен пайдаѓа асыру процесі
бір — бірінен ерекшеленеді.
АЖ енгізілген соң тұрақты жағдайда қалмауы керек, АЖ қызмет көрсету
жағдайларының өзгеруіне байланысты және жүйеге талаптар мен жаңа
тапсырмалардың қойылуы салдарының дамуы қажет. Мұнда бұл сұрақтарды
қарастырмаймыз, себебі бізге қарапайым АЖ-ны, оның программалық қамтамасын
құру мәселесі қажет. Ол ауқымды АЖ — ны тиімді етіп құру үшін маңызды [9-
12].
Деректер қоры жүйесі деректер қорын басқару жүйесінен және деректер
қорынан тұратын ақпараттар жүйесі жіктелігіне жатады.
АЖ құру технологиясын деректер қоры жүйесіне қатысты жалпы сұлбасын
нақтылайық:
— автоматтандыру мәселесін қалыптастыру және талдау;
— ДҚБЖ-ны жобалау;
— программалық қамтаманы құру;
— жүйені тестілеу;
— жүйені сүйемелдеу;
— жүйені әкімшілдендіру;
Деректер қорын логикалық деңгейде жобалау процесі келесіге әкеледі.
ДҚБЖ көмегімен қойылған есепті шешу үшін қажетті деректер тобының жиынынан
тұрады. Жиынның әрбір тобы кесте түрінде көрсетіледі. Сол себепті ДҚБЖ
деректер қоры кестелер қатарынан тұрады.
Осыдан келіп логикалық деңгейде ДҚ жобалауы проблемалық ортаны талдау,
кесте түрінде көрсетуге болатын деректер тобын айқындауға келеді.
Белгіленген кестелердің құрылымдары анықталады. Осылайша ДҚ негізгі
компоненттері болып табылатын жеке кестелерді жобалаймыз.
Сонан соң осы кестелер арасындағы байланысты орнатып деректердің
бірегей үлгісін қалыптастырамыз.

2.2 Жобалау проблемалары

Деректер қорынан тұратын ақпараттық жүйені жобалау физикалық және
логикалық деңгейлерде жүзеге асырылады. Физикалық деңгейде жобалау
проблемасының шешімі көбінесе қолданылатын автоматтанды-рылған және
пайдаланушыдан жасырылған ДҚБЖ- ға тәуелді. Көп жағдайда пайдаланушы
жүйенің жеке параметрлерін баптау мүмкіндігін алады.
Логикалық жобалауда кестенің саны және құрылымы анықталады, деректер
қорына сұратымдар қалыптастырылады, есеп беру құжаттарының типі анықталады,
ақпаратты өңдеу алгоритмдері, деректерді енгізу және түзету үшін формалар
құрылады және т.б. мәселелер шешіледі.
ДҚ логикалық жобалау мәселелерін шешу заттық аймақтың мәселелерін
айқындаумен анықталады. Деректерді құрылымдандыру мәселесіне көп көңіл бөлу
қажет.
Автоматтандырылған жүйелер үшін деректер құрылымын жобалауда негізгі
үш келіс анықталған:
— Бір кесте аймағында шешіліп жатқан мәселенің объектілері жайлы ақпарат
жинау және қатынастарды нормализациялау процедурасы негізінде бірнеше
өзара байланысқан кестелерге декомпозициялау;
— Жүйе жайлы білімді (бастапқы деректер типін және олардың өзара
байланысын анықтау) және деректерді өңдеуге талаптарды қалыптастыру,
CASE — жүйесі көмегімен ДҚ дайын сұлбасын тіпті дайын қолданбалы
ақпараттық жүйені алу;
— Тұжырымдар мен ережелер жиыны негізінде жасалған жүйелік талдау
процесі кезінде ақпараттық жүйеде қолдану үшін ақпараттарды құрылымдан
дыру.
Реляциялық үлгі қатынастарында деректер құрылымын анықтауда орын алған
негізгі проблемалар:
а) Деректерді шамадан тыс қосарлау және аномалиялар.
Деректердің жай және шамадан тыс қосарлануы болады. Алғашқысы деректер
қорында болады, ал кейінгісі деректерді өңдеу кезіндегі проблемаға
жатқызылады. Аномалия деп деректер қорында қарама-қайшылықтарға немесе
деректер өндіруді күрделендіретін ДҚ кестелеріндегі жағдайды айтады.
Аномалияның негізгі үш түрі бар: өзгерту (немесе түзету) аномалиясы, жою
аномалиясы және қосу аномалиясы. Бір деректің мәнінің өзгергенде барлық
кестені қарау және басқа жазбаларды өзгерту қажет болады, ол жағдай
өзгерту аномалиясы болып табылады. Жою аномалиясы — кестеден қандай да бір
деректі өшіргенде, онымен байланысты басқа ақпарат жоғалуы мүмкін жағдай.
Қосу аномалиясы — ақпаратты толық болмайынша кестеге енгізуге болмайтын
немесе кестені қосымша қарап шықпайынша жаңа жазбаны қыстыру мүмкін
болмайтын жағдай.
ә) Бастапқы қатынасты қалыптастыру.
Дерекқорын жобалау барлық объектілерді және қорға енгізілетін
деректерді және олардың атрибуттарын анықтаудан басталады, сонан соң
атрибуттар бір кестеге жинақталады — бастапқы қатынас. Қатынастарға
талаптардың бірі мынадай: қатынастың барлық атрибуттары қарапайым мәнге ие
болу керек. Бастапқы қатынаста әрбір кортеждің әрбір атрибуты қарапайым
болсын.
б) Атрибуттар арасындағы байланыстарды айқындау.
Бұл операция деректер қорын жобалауды қалыпты формалар әдісімен
орындау үшін қажет. Функционалдық байланыстарды анықтаудың негізгі әдісі —
атрибуттар семантикасын зейін қойып талдау. Көбіне әрбір қатынас үшін
атрибуттар арасындағы белгілі бір функционалдық байланыстар жиыны бар
болады. Сондай-ақ егер бір қатынаста бір немесе бірнеше функционалдық
байланыстар бар болса, онда осы қатынастағы басқа да функционалдық
байланыстарды табуға болады.
в) Тұтастықты қамтамасыз ету.
Толық, қарама-қайшылықсыз және заттық аймақты бейнелейтін ақпараттан
тұратын ДҚ білдіретін қасиеті. Физикалық және логикалық тұтастықтарын
айырады. Физикалық тұтастық деректердің және оларға физикалық қол
жетерліктің бар екендігін білдіреді. Логикалық тұтастық деректер қорында
логикалық қателердің: ДҚ құрылымының немесе оның объектілерінің бұзылуы,
объектілер арасында орнатылған байланыстардың жойылуы немесе өзгертілуі
және т.б. болмауын білдіреді. Бұдан әрі қарай логикалық тұтастық жайлы
айтатын боламыз. ДҚ тұтастықты тексеру (бақылау) және оны қорда қарама-
қайшылықтар табылған жағдайда қалпына келтірілуі арқылы тұтастықты
сүйемелдейді. ДҚ тұтастық күйі деректер қорында сақталатын шарттарды
қанағаттандыратын түрдегі тұтастық шектеулері көмегімен тағайындалады.
Қатынастар атрибуттары мәнінің шектеуіне мысал ретінде атрибуттардағы бос
және қайталанатын мәндердің болмауына талап қою, сондай-ақ берілген
аралықта атрибуттар мәнінің жатуын бақылауды айтуға болады. Атрибуттар
мәнін бақылауды жүзеге асырудың икемді құралына кейбір ДҚБЖ қолдайтын
сақтау процедуралары және триггерлер жатады. Құрылымдық шектеулер негіздер
және сілтемелер тұтастығына талаптарды анықтайды. Қатынастарда көрсетілген
әрбір негізге оның тек бір ғана кортежі сәйкес келеді. Негіздер тұтастығына
талап мынандай: қатынастың кез-келген кортежі осы қатынастың басқа
кортежінен ерекше болуы керек, яғни әрбір қатынаста алғашқы кілт бар
болуы керек. Сілтемелер тұтастығына талаптарды қалыптастыру сыртқы кілттер
ұғымымен тығыз байланысты. Сыртқы кілттер қатынастардың (ДҚ кестесіндегі)
өзара байланысы үшін қызмет етеді. Сондай-ақ бір қатынастың (аталық)
атрибуты басқа (туынды) қатынастың алғашқы кілті болып табылса, осы
қатынастың сыртқы кілті деп аталады. Сыртқы кілт анықталған қатынас, осы
атрибут алғашқы кілт болып табылатын қатынасқа сілтелінеді. Сілтемелердің
тұтастығына талап мынандай: аталық кестенің сыртқы кілтінің әрбір мәні үшін
туынды кестеде алғашқы кілтінің мәні дәл осындай қатар табылуы керек.
Тұтастық шектеулері арасында екі негізгі шектеулерді бөліп қарастырады:
қатынастар атрибуты мәндеріне шектеулер және қатынастар кортежіне
құрылымдық шектеулер. Көптеген қазіргі ДҚБЖ ДҚ тұтастығын бақылауды
қамтамасыз ететін құралдарға ие [2].

2.3 Реляциялық деректер қоры

Ақпараттық жүйелердің қазіргі формасы — деректер банкі.
Ол келесідей құраушылардан тұрады:
— есептеу жүйесі;
— деректер қорын басқару жүйесі (ДҚБЖ);
— бір немесе бірнеше деректер қоры;
— қолданбалы программалар жиыны (ДҚ қолданба);
Деректер қоры ақпаратты сақтау және деректерге ыңғайлы, жылдам қатынас
құруды қамтамасыз етеді. Дерекқор — белгілі бір ережелер бойынша
ұйымдастырылған әртүрлі сипаттағы деректер жиыны. Деректер қорындағы
ақпараттар келесідей болуы қажет:
— қарама-қайшылықсыз;
— шамадан тыс артық емес;
— тұтас.
Деректер қорын басқару жүйесі- деректер қорын құру, енгізу, қолдану
үшін арналған программалық және тілдік құралдардың жиыны. Қолдану сипатына
байланысты ДҚБЖ дербес және көпқолданушылық деп айырылады. Дербес ДҚБЖ бір
компьютерде жұмыс істейтін жергілікті ДҚ құру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Оған жатады: Paradox, dBase, Foxpro, Access және т.б.
InterBase, ORACLE, Access 97, Access 2000 ДҚБЖ деректерге
көпқолданушылық қатынас құруды қамтамасыз етеді.
Көпқолданушылық ДҚБЖ «клиент-сервер» сәулетінде қызмет көрсететін
ақпараттық жүйелерді құру мүмкіндігін береді. Көпқолданушылық ДҚБЖ: Oracle,
Informix, SyBase, Microsoft SQL Server, InterBase және т.б. [3].
Қазіргі ДҚБЖ тілдік құралдары құрамына кіреді:
— деректердің логикалық құрылымын сипаттауға арналған деректерді
сипаттау тілі;
— деректерге негізгі амалдарды- енгізу, өзгерту, таңдауды
орындауды қамтамасыз ететін деректерді басқару тілі;
— ДҚ құрылымын басқаруды қамтамасыз ететін және деректерді
басқаратын, сондай-ақ жойылған ДҚ-ға қатынас құру стандартты
құралы болып табылатын құрылымдандырылған сұратымдар тілі (SQL-
Structured Query Language);
— ДҚ сұратымын визуалды құрылмалайтын үлгі бойынша сұратымды (QBE-
Query By Example).
Қолданбалы программалар, немесе қолданбалар ДҚ деректерін өңдеу үшін
қызмет етеді. Пайдаланушы ДҚ-ны басқаруды және оның деректерімен
қолданбалар көмегімен жұмыс істеуді жүзеге асырады.
Деректерді тиімді сақтау, яғни, жылдам іздеу, деректерді жаңарту, қате
енгізулерден қорғау, ақпарат жасырындылығын қамтамасыз ету және т.б. үшін
олардың сәйкес ұйымдастырылуы қажет. Жылдам іздеу үшін сақталған деректерді
реттеу, олардың арасындағы байланысты сүйемелдеу, қарама — қайшылыққа
бақылау, көп қолданылған жағдайда бір рет енгізу немесе өзгерту керек.
Мұнда деректер арасында логикалық байланыстарды сүйемелдеу негізгі рол
атқарады. Байланыстарды сақтауды ұйымдастыру әдістері бойынша мынандай
деректер үлгілері ажыратылады:
а) Иерархиялық.
Иерархиялық деректер үлгісінде ақпарат бағытталған бұтақтар жиыны
түрінде көрсетіледі. Бұтақ- циклсіз граф, бағытталған бұтақта бастапқы төбе-
бұтақтың тамыры бөлінеді. Бұтақ бойынша жылжу тамырынан басталады.
Графикалық түрде бұтақ бағдарша-доғалармен біріктілген нүктелер жиыны-
төбелермен көрсетіледі. Сонымен қатар әрбір төбеге тамырдан басқа, бір доға
кіреді, бірнешеуі шығады (тіпті бір доға шықпауы мүмкін; ондай төбені
соңғы төбе немесе жапырақ деп атайды). Осылайша иерархиялық үлгіде жалғыз-
көпке байланысы жүзеге асырылады. Деректер қорында нүктелерге деректер
типін, ал доғаларға әртүрлі деректер типі арасындағы байланыстар сәйкес
келеді. Иерархиялық деректер үлгісінің артықшылықтары:деректердің
ұйымдастырылуының қарапайымдылығы; иерерхиялық құрылымға ие деректерді
іздеу және жаңарту бойынша қатынас құру жылдамдылығының жоғарылығы.
Иерархиялық деректер үлгісінің кемшіліктері: үлгінің логикалық және
физикалық сипаттамаларының айқын бөлінбеуі; иерархиялық қатынастарды
көрсету үшін қосымша манипуляциялар қажет; кейбір сұратымдар ДҚ қайта
ұйымдастырылуын талап етеді [13-15].
ә) Тораптық үлгі.
Тораптар — объектілер арасындағы қатынастарды көрсетудің табиғи әдісі.
Ол математикада амалдарды зерттеуді, химияда, физикада, әлеуметтану және
білімнің басқа салаларында кеңінен қолданылады. Тораптар әдетте бағытталған
графтар түрінде бейнеленеді. Графикалық түрде бағытталған граф бағдарша-
доғалармен біріктілген нүктелер жиыны — төбелермен көрсетіледі. Жалпы түрде
графтың әр төбесіне бірнеше доға кіреді, бірнешеуі шығады. Деректер
үлгілері контекстінде түйіндерді деректер жазбалары типтері түрінде,
қабырғаларын жалғыз-жалғызға немесе жалғыз-көпке қатынасымен көрсетеді.
Граф құрылымы иерерхиялық қатынастардың қарапайым, күрделі, сондай-ақ
рекурсивті көрсетулерді құру мүмкіндігін береді.
Деректердің тораптық үлгісі жалғыз-жалғызға, жалғыз-көпке қуатты
қатынастар арқылы байланысқан жазбалар типті тораптық құрылымдар көмегімен
деректерді көрсету. Тораптық үлгіде екі негізгі деректер құрылымы бар:
жазбалар типтері және жиындар. Жазбалар типі — деректердің логикалық
байланысқан элементтерінің жиыны. Жиын: екі типті жазба арасындағы жалғыз-
көпке қатынасы. Тораптық үлгіде барлық қатынастары жалғыз-жалғызға, жалғыз-
көпке қуаты бар қарапайым тораптар ғана мүмкін болады. Жасанды формалды
жазбаларды құру мүмкіндігінің құру салдары өңдеу және жадының қосымша
көлемін қажет етеді. Деректерді торап үлгісінің артықшылықтары: қорда
әртүрлі деректерді көрсету мүмкіндігі; іздеу бойынша қатынас құру
жылдамдылығының жоғарылығы. Кемшіліктері: байланыстар жүйесін қайта құру
қажеттілігімен байланысты деректерді жаңарту процедурасының күрделілігі;
деректердің логикалық тұтастығын сүйемелдеу қиындығы; шатасу жағдайлары
туындағанда қатер деңгейінің жоғарылығы.
б) Реляциялық үлгі.
Деректердің бұл үлгісі Relation (қатынас) ағылшын терминінен алынған,
ІВМ фирмасының қызметкері Эдгар Кодд ұсынған. 1970-1971 жылдары Е.Ф.Кодд
екі мақала жазды. Онда деректердің реляциялық үлгісін және деректерді
өңдеудің реляциялық тілін- реляциялық алгебраның және реляциялық
есептеуді енгізді: реляциялық алгебра- реляциялық кестелерді өңдеудің
процедуралық тілі; реляциялық есептеу-сұратымдарды құрудың бейпроцедуралық
тілі. Ол кезде әртүрлі файлдардағы жазбаларды байланыстыру үшін физикалық
көрсеткіштерді немесе дискідегі мекенді пайдаланған. Өз жұмысында Кодд
мұндай деректер қоры деректерді басқару типтерінін санын әлдеқайда шектейді
деп көрсетті. Сонымен қатар олар физикалық ортаның өзгерістеріне сезімтал
келеді. Компьютерлік жүйеде жаңа жинақтағыш орнатылып немесе деректерді
сақтау мекендері өзгертілген кезде файлдардың қосымша түрлендіргіші қажет
болды. Егер файл жазба пішіміне жаңа өрістер қосылса, онда файлдың барлық
жазбаларының физикалық мекендері өзгереді. Яғни ондай деректер қоры
логикалық құрылым сияқты деректерді басқару мүмкіндігін бермейді. Бұл
проблемалардың шешімі- деректердің логикалық қатынастарына негізделген
реляциялық үлгі.
ДҚ реляциялық жобалауына екі келіс бар:
— бірінші келіс- тұжырымдамалық жобалау сатысында деректердің
бейтұжырымдамалық үлгісі құрылады, соңынан нормалданатын
реляциялық кестелер анықтамаларынан тұратын ДҚ реляциялық
сұлбасы құрылады;
— екінші келіс-ертеректе құрылған функцияналдық үлгінің
нормалданған реляциялық үлгіге механикалық түрленуіне
негізделген. Бұл келіс корпоративті ақпараттық жүйелерге қажетті
ауқымды ДҚ күрделі сұлбаларын жобалағанда қолданылады.
Реляциялық ДҚ — қатынастар арқылы байланысқан кестелер жиынтығы.
Реляциялық үлгінің артықшылықтары: қарапайымдылығы, құрылымының икемділігі,
компьютер де жүзеге асырылуының теориялық баяндалуының бар болуы. Дербес
компьютерлер үшін қазіргі кездегі ДҚ көбісі реляциялық болып табылады.
Реляциялық ДҚ өзара байланысқан кестелерден тұрады. Әрбір кесте бір
типті объектілер жайлы ақпараттан тұрады, ал кестелер жиынтығы тұтас
деректер қорын түзеді.
Реляциялық деректер қорында (Relational DataBase System, RDBS) барлық
деректер екіөлшемді кестелерде бейнеленеді. Осылайша деректер қоры кестелер
жиыны деп түсіндіріледі. Реляциялық ДҚ жазбаларға бағытталған жүйелер В-
Tree стандартты немесе индекстеуге негізделген қатынас құру әдісі негізінде
ұйымдастырылған, және қазіргі кездегі программалық өнімдер жиі қолданытын
стандартты жүйе болып табылады. В-Tree программалық қамтамалардың көбі
қолдамайтын деректер арасындағы байланыстарды анықтау үшін кестелерді
қисындастыру және индекстеу әдісін қамтамасыз ететін SQL (ІВМ), Quel
(Ingres) және RDO(Digital Equipment), қазіргі кезде реляциялық ДҚБЖ
өнімдерінің барлығы қолдайтын стандартты SQL тілін қолданады.
SQL бастапқы нұсқасы- деректер қорымен амалдар орындауға арналып
қабылданған тіл. Ол 1970 жылдары деректер қорымен өзара әрекеттесу үшін
қолданылған. Соңғы SQL2 нұсқасы қосымша кеңейтулермен қамтылған, мысалы,
клиент-сервер сәулетін немесе қолданбаларды құру құралдарын сүйемелдейді
[3].
Кестенің қатарлары ертеректе деректер қорында анықталған өрістерден
тұрады. Көптеген жүйелерде деректердің жаңа типтерін қосуға болмайды.
Кестедегі әрбір қатар бір жазбаға сәйкес келеді. Бұл қатардың орны қатарды
қосу немесе жою әсерінен өзгереді.
Элементті анықтау үшін кесте ішінде элементтердің бірегейлігін
кепілдендіретін өрістер мен өрістер жиыны сәйкес келуі керек. Мұндай өріс
немесе өрістер кестенің алғашқы кілттері (primary key) деп аталады және жиі
сан түрінде кездеседі. Егер кестеде басқа кестенің алғашқы кілті болса,
онда әртүрлі кестелер элементтері арасында байланысты ұйымдастыру
мүмкіндігін береді. Бұл өріс сыртқы кілт (foreign key) деп аталады.
Кестенің барлық өрістері алдын-ала анықталған белгілі бір типті
өрістердің тұрақты санынан тұруы себепті сыртқы кілттердің көмегімен
элементтердің ерекшеліктерін ескере отырып қосымша кестелер тұрғызылады.
Бұл деректер қорында өзара байланыстарды құруды аса күрделі етеді.
Реляциялық ДҚ тағы бір кемшілігі — ақпаратты басқарудың және байланыстарды
өзгертудің қиындығы. Мұндай өріс немесе өрістер кестенің алғашқы … жалғасы