Ақпараттық технологиялардағы Нобель сыйлығы слайд,презентация

0

Ақпараттық технологиялардағы Нобель сыйлығы слайд,презентация

 

Нобель сыйлығы

 

Нобель сыйлықтары  (шведше:Nobelpriset, ағылш. Nobel Prize) — жыл сайын әйгілі ғылыми зерттеу, революциялық жаңалықтар немесе мәдениет не қоғам дамуына зор үлес қосатын жұмыстар үшін берілетін халықаралық сыйлықтардың ішіндегі ең танымалдарының бірі.
Информатика саласы бойынша нобель сыйлығының “баламалары” болып — Тьюринг сыйлығы жатады.
Алан Мэтисон Тьюринг (ағылш. Alan Mathison Turing; 23.06.1912 — 07.06.1954) — информатиканың дамуына үлкен үлес қосқан ағылшын математигі, логигі, криптографы.
Тьюринг сыйлығы кімдерге, не үшін тағайындалады?
Тьюринг сыйлығы (ағыл. Turing Award) — информатика саласындағы көрнекті ғылыми-техникалық үлесі үшін есептеу техникасы Ассосиациясы тағайындайтын  ең мәртебелі сыйлық. 
Сыйлықты есептеу техникасы Ассосиациясы алғашқы электрондық машиналар пайда болғанға дейін есептелінуге байланысты алғаш рет терең нәтижелер алған көрнекті ағылшын ғалымы Алан Тьюрингтің құрметіне тағайындаған.
Бұл сыйлық жыл сайын осы саладағы үлесі компьютерлік қауымдастыққа күшті әрі ұзақ уақыт бойы ықпал еткен информатика мен есептеу техникасының бір немесе бірнеше мамандарына табыс етіледі. Сыйлық бір адамға екінші рет берілмейді. Ақпараттық технология ауқымында Тьюринг сыйлығының мәртебесі академиялық ғылымдардағы Нобель сыйлығымен парапар. Марапат 1966 жылдан бастап беріле бастады.
Қазіргі кезде сыйлыққа Intel мен Google корпорациялары демеушілік жасайды және ол сыйлық 250 мың АҚШ долларын құрайды.

 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!