Ақпаратты қорғау туралы негізгі түсінік слайд,презентация — Биология

0

Ақпаратты қорғау туралы негізгі түсінік слайд,презентация

 

Қазір есептеуіш машиналарының кеңінен қолданылуы адамның еңбек ету салаларын түгелдей қамтиды.  Бұл жағдай баршамызға едәуір жеңілдіктер әкеліп  жаңа есептерді туындатты. Олардың бірі – ақпаратты қорғау. Компьютерлік жүйелерде ақпаратты қорғау  бүгін ғылымның ерекше саласы болып табылады. 
Криптографияның  классикалық есебі болып берілген ашық тексті бөтен адам оқи алмайтын түрге келтіру саналады. Әрине бұл түрлендіруді кері бағытта да орындай алатындай болу керек. Криптоанализ есебі болып криптожүйенің сенімділігін бағалау және алгоритмдерге қол сұғу саналады.  Криптография және криптоанализ ғылымның  бір саласын – криптология ғылымын құрайды. 

 

Брюс Шнайердің «Applied Cryptography» кітабындағы мысалымен  жақсы түсіндіреді:
«Егер мен хатты мысалға Нью-Йорк қаласында, сейфке тығып қойып, сізге тап десем, онда бұл қауіпсіздік емес. Бұл нағыз түнек. Ал енді  мен хатты алып, оны сейфке жауып, сізге сол сейфті барлық спецификацияларымен бірге тапсырайын. Тіпті жүздеген осындай сейфтерді әлемдегі ең епті ұрыларға берейін. Осы жағдайда да сіз менің хатымды сейфтен алып оқи алмасаңыз, онда бұл шын мәнінде де қауіпсіздік болады».
Ақпаратқа рұқсат алу екіге бөлінеді. Ол санкционерленген және санкционерленбеген.
Ақпаратқа санкционерленген рұқсат алу – бұл ақпаратқа рұқсат алу, яғни рұқсаттың шектелген ережелер жиынтығын бұзбауы.
Ақпаратқа санкционерленбеген рұқсат алу – бұл керісінше рұқсаттың шектелген ережелер жиынтығының бұзылуы. Компьютерлік бұөылулардың неғұлым кең тараған және әр алуан түрі осы санкционерленбеген рұқсат болып табылады.

 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!