Ақпарат түрлері слайд,презентация

0

Ақпарат түрлері слайд,презентация

 

Ақпарат

 

Ақпарат екі түрде, яғни : дискретті (цифрлы) және үздіксіз(аналогтық) болады. Дискретті ақпарат  кейбір шаманың кезектескен нақты  мәні арқылы, ал үздіксіз – кейбір шаманың өзгеруінің үздіксіз процесі арқылы сипатталады. Үздіксіз ақпаратты атмосфералық қысымды немесе автокөліктің жылдамдығын  көрсететін құралдар береді. Дискретті ақпаратты кез келген цифрлы индикатордан, яғни электронды сағаттан, есептеуіш құрылығысынан және т.б. алуға болады
Дискреттік ақпарат- адаммен жұмыс істеуге ыңғайлы, бірақ үздіксіз ақпарат тәжірибелі жұмыстарда жиі кездеседі, сондықтан үздіксіз ақпаратты дискреттікке немесе керісінше аударуды білу керек. Модем осындай аударуға арналған құрылғы болып саналады, ол компьютерден цифрлық деректерді дыбысқа және  электормагниттік тербеліске аударады немесе керісінше.
Дискреттік ақпарат- адаммен жұмыс істеуге ыңғайлы, бірақ үздіксіз ақпарат тәжірибелі жұмыстарда жиі кездеседі, сондықтан үздіксіз ақпаратты дискреттікке немесе керісінше аударуды білу керек. Модем осындай аударуға арналған құрылғы болып саналады, ол компьютерден цифрлық деректерді дыбысқа және  электормагниттік тербеліске аударады немесе керісінше.
Ақпараттық тасымалдау жылдамдығы 1 секундта жіберілген бит немесе бодтың санымен өлшенеді. 1 бод=1бит/сек(bps). Бодқа арналған бірліктер бит және байтымен бірдей, мысалы 10 Kbaud=10240 baud.
Ақпаратты кезектестіріп, яғни биттен кейін бит  және параллелдікпен, яғни саны таңдалған бит тобы, жіберуге болады. Параллелді тәсіл жылдамырақ, бірақ ол техникалық түрде күрделірік және деректерді үлкен қашықтыққа тасымалдағанда қымбаттырақ.
1948 жылы  Клод Шеннон байланыс теориясы туралы енбегіне ақпарат көлемін және энтропияны анықтайтын формула енгізді. 
Ақпарат теориясының негізгі ұғымы ақпарат (хабар) болып есептеледі. Ақпарат теориясында берілетін не сақталатын хабарлар көзі бар деп ұйғарылады. Бұл хабарлардың шығуы мен қабылдануы кездейсоқ сипатта болғанымен, оның шығу ықтималдығы белгілі деп қарастырылады. Мұндай хабарлардың “анықталмау” дәрежесін сипаттау үшін Ақпарат теориясына энтропия деп аталатын ұғым ендіріледі.
ЭНТРОПИЯ— қандай да бір тәжірибенің (сынақтың) әр түрлі нәтижемен аяқталатын анықталмағандық өлшемі. 
Ақпарат теориясында Х кездейсоқ шамасының энтропиясы H(X) мына формуламен анықталады.

 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!