Ақкөңілділік туралы — Ашық сабақтар — Bilim
Ақкөңілділік туралы
Мұнайлы аудандық әкімдігінің
Мұнайлы аудандық білім бөлімінің №6 КММ
Тақырыбы: «Ақкөңілділік туралы»
Мұғалім: Кабакова Ж.А.
Сыныбы: 3 «К»
Өткізілеген күні: 21.01.2019 ж.
2018-2019 оқу жылы
Мектеп: Мұнайлы аудандық әкімдігінің Мұнайлы аудандық білім бөлімінің №6 КММ
Сабақтың тақырыбы: «Ақкөңілділік туралы» (1 сағат)
Құндылық: қиянат жасамау
Қасиеттер: мейірімділік, ақкөңілділік, ақпейілділік
Сабақ мақсаты: оқушыларға адам өміріндегі ақкөңілділіктің маңыздылығын ұғындыру арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:
|
Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер) интербелсенді тақта, оқулық, дәптер, үлкен ватман қағаз, түрлі түсті суреттер, қима қағаздар, үнтаспа.
|
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңi. Сабақтағы жағымды күйге келу. 5 Т ережесін еске түсіру (барлық ойымызды, сөзімізді, ісімізді осы ережеге бағындыру).
Тыныштық сәті: Орманға ойша серуен
Мұғалім: Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны терең жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Айналаңызға зейін салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Жап жасыл шөптер, жайқалған гүлдер, сылдырлап аққан бұлақ, әнші құстар… Сіз табиғат аясында өзіңізді бақытты әрі қауіпсіз сезінесіз.
Терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым- жырт тыныштығына көңіл бөліңіз. (Осы жерде мұғалім 1-2 минут үзіліс жасауына болады).
Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және өзімізді бақытты сезіну қандай ғажап. Осы жым- жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз!
Рақмет!
Топқа бөлу: Оқушылар жүрекшелерді таңдап алу арқылы төрт топқа бөлінеді.
1-топ: Мейірімділік
2-топ: Ақкөңілділік
3-топ: Ақпейілділік
|
Үнтаспа
|
Өткен сабақты еске түсіру: «Мейірімділік баспалдағы»
«Рақым» мәтінін еске түсіру, талқылау.
Сұрақтар:
1. Сағаттың кеудешені ұсыну себебі неде?
2. «Шын жақсыдан тарлық жоқ» дегенді қалай түсінесіңдер?
3. Сағаттың іс-әрекетінен қандай үлгі алуға болады?
4. Сендердің ақкөңілділік танытқан кездерің болды ма?
|
Интербелсенді тақта, оқулық, қима қағаздар, суреттер.
|
Дәйексөз.
«Ақкөңілділік-адам ойының тазалығының көрінісі».
Жүсіп Баласағұни Дәйексөзді хормен оқу, қайталау.
Дәйексөздің мәнін ашу.
Сұрақтар:
1. Ақкөңілділік дегенді қалай түсінесіңдер?
2. Адамның ойы қай кезде таза болады?
3. Адамның бойында тағы қандай қасиеттер болады ?
Жақсылық жасайық
1-тапсырма: Акөңілділік қасиетін тағы қандай қасиеттермен сипаттауға болатынын ойланып топтастыру.
|
Оқулық, интербелсенді тақта, қосымша дерексөздер.
Қима қағаздар
|
Мұғалім сыйы: «Адамгершілік туралы»
|
Интербелсенді тақта. Бейнеролик
|
Топтық жұмыс
1-топ: Топтастыру (ақкөңіл адам қандай болады?)
2-топ: Жағдаятты талдау, сахналау
3-топ: Қима қағаздарды пайдалану арқылы коллаж жасау
|
Интербелсенді тақта, ,қима қағаздар, А3 форматтағы қағаздар, желім, түрлі түсті қарындаштар, суреттер.
|
Топтық жұмыс.Топпен ән айту
Біз тәртіпті баламыз!
Әрқашанда тыңдаймыз
Әке менен ананы
Еңбек етіп шыңдаймыз
Білім менен сананы
Біз тәртіпті баламыз
Айтқан тілді аламыз
Аман болсын әкеміз бен анамыз
Мейірім мен шапағат
Анашымнан тарайды
Әділдік пен парасат
Әкешімнен тарайды
Ата-ананың айтқанын
Жадымызда сақтаймыз
Жарқыратып әр таңын
Сенімдерін ақтаймыз
|
Үнтаспа, интербелсенді тақта.
|
Үй тапсырмасы.
|
Оқушы дәптері
|
Бағалау. Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды ризашылдық жүрекшелері арқылы бағалау.
|
Қима суреттер
|
Дереккөз: bilim-all.kz