Ақан сері және Біржан сал өмірі мен шығармашылығы слайд,презентация — Әдебиет
Ақан сері және Біржан сал өмірі мен шығармашылығы слайд,презентация
Ақан серінің “Ақтоқты”, “Алтыбасар”, “Тер қатқан”, “Мақпал”, “Балқадиша”, “Сырымбет”, “Майда қоңыр”, т.б. әндері әйел жанының сұлулығын жарқырата көрсетеді. Ақан сері ақын-әнші ғана емес, саңлақ аңшы, атбегі де. Ақынның сүйікті досына, қимас өмірлік серігіне айналған сәйгүлігі мен қыран құстарына арналған “Маңмаңгер”, “Қараторғай”, “Көкжендет”, “Құлагер” әндерінде Ақан серіның ішкі жан дүниесіндегі бұрқаныс, қан жылаған жүрек, телегей теңіз мұң мөймілдеп тұрғандай.
1913 ж. Ақан өзінің туған жерінде дүние салды. Ақан сері – өмір шындығын үлкен суреткерлікпен жырлаған заманының асқақ ақыны ғана емес, мұңшыл да сыршыл, әншілік-орындаушылық өнерімен танылған өзгеше дарын иесі.
Біржан сал қазақ халқының әншілік өнерін толыстырып, байытып, соны белеске көтере алған әйгілі
композитор. Әрбір үлкен дарын иесі сияқты, ол қазақтың ән өнеріне өзіндік өрнек салып, өзіндік дара ән мектебін орнықтырып кетті.
Біржан сал өмірінде төрт рет некелі болып, он бір ұл сүйген адам. Бірінші әйелі Балқаштан — Ақыл, Алтынбек, Әділбек, Мақұлбек, екінші әйелі Ләйләдан — Ахметжан, Ахметбек, үшінші әйелі Айтбайдан — Ахметқали, Айтжан, Айтмұхаммед, төртінші әйелі Әпіштен — Теміртас, Қалкен есімді ұлдар туған. Әлеуметтік ауыртпалық, репрессия зобалаңы, соғыс салдарынан осы балалардың ішінде тек Теміртастан ғана ұрпак жалғасты. Теміртастан Мұхаммедқали туған.