Ақан сері (Ақжігіт) Қорамсаұлы – ақын, әнші, сазгер — Ашық сабақтар

0

Ашық сабақ әзірлемесі

А.Ж Бисембаева, №8 жалпы орта білім
беретін мектептің  қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі. Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы

Сабақ тақырыбы: Ақан сері (Ақжігіт) Қорамсаұлы – ақын, әнші, сазгер.
Сабақ мақсаты: Білімділік: Ақан өмірі мен шығармаларын терең түсіне білуге, қызыға оқуға жетелеу.Ақанның сегіз қырлы, бір сырлылығын меңгерту.
Дамытушылық: Өз бетімен іздене білуге, өзіндік пікір, ой қорытуға дағдылаңдыру
Тәрбиелік: Ақан шығармаларындағы оқиғалар негізінде адамгершілік, өнерді бағалай білу, сұлулыққа, іңкәрлікке толы нәзік сезім иірімдерін оқушы жүрегіне ұялату.
Сабақ түрі: Өнер – өмір сабағы
Сабақ типі:  Жаңа білім беру
Сабақ технологиясы: Ф.Я Вассерман… «Биоақпараттандыру және Синергетика»
Сабақ картасы: Ауызша -2
Сабақ көрнекілігі: Интерактивті тақта,  Ақан суреті, ескерткіштердің суреті, сызба-кестелер, Біржан «Теміртас», «Ләйлім шырақ», Ақан «Балқадиша» әндерінің бейнебаяндары
Пәнаралық байланыс:  Музыка, тарих
Сабақ барысы: I .  Ұйымдастыру.
Сабақ эпиграфы :   «Тұсында сері болсын, пері болсын
                                       Ұнайды   өмірімен  Ақан  маған »  
             І.Жансүгіров
    
     II.    Мақсат  қою
                             III.   1-цикл. Тақырыптық сөздік қор.  ТСҚ 63%
                             (Біржан өмірі, шығармашылығын жатқа жазу)
         «Теміртас» әнінің бейнебаянын тамашалау.
  Үй тапсырмасын бекіту . 
   Ән не туралы? Психологиялық талдау жасау. Біржан «Ләйлім шырақ» әнінің бейнебаянын тамашалау.
Актуалдау. Әр әні бір тарих Біржанның замандасы әйгілі Құлагердей жүйрігі бар, Базарлы деген тазысы, Көкжендет деген болат топшылы Қаршығасын қолын қондырған Ақан сері Қорамсаұлының шығармашылығымен танысу.(өмір туралы, слайдтар)
Жаңа сабақ. 
2-цикл.Кітаптағы мәтінмен жұмыс (6 минут)
3- цикл.Жеті кілт сөздерді оқушы мен мұғалім сәйкестендіруі
Қоскөл.Медресе.Орысша.Сазгерлік.Домбыра.Ән.Құлагер.
4-цикл.Есте сақтап, жеті сөзді дәптерге түсіру. Ес 63% (30 секунд)
Меңгерту.
 5-цикл. Қиылыс сұрақ (әр оқушы орындау  матрица бойынша жеті сөздің мағынасын ашады)
6-цикл. Сын тұрғысынан ойлау.(әр оқушы 1 тест  құрастырып, бір-біріне қояды)
 «Балқадиша» әнінің бейнебаянын тамашалау.(әннің шығу тарихын әңгімелеу, талқылау)
Бекіту.  (Не білдің? Не меңгердің?) ТСҚ

 

    Ақан классикалық шығармалардың
                                                        бас кейіпкері 

        
І.Жансүгіров                     Ғ.Мүсірепов                  С.Жүнісов

 «Құлагер»,               «Ақан сері-Ақтоқты»          «Ақан сері»

Түйін. «Ұлы адамдар өз ескерткіштерінің тұғырын өзі орнатады, ал мүсінін болашақ соғады»   В.Гюго(слайдтарды тамашалау)

Үйге тапсырма. 1.Оқулықтан Ақан серінің өмірін оқу
                               2.Хрестоматиядан өлеңдерді жаттау  
Шығармашылық  жұмыс  Эссе   «Ақан өнері бүгінде жалғасты ма?»
Бағалау. Орындық матрица бойынша.

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!