Ақан Сері 1843-1913 слайд,презентация — Әдебиет

0

Ақан Сері 1843-1913  слайд,презентация

 

 

Тегінде тегін бе екен Ақан сері , Бұл да бір емес пе екен елдің ері Өз ұлын,өз ерлерін ескермесе, Ел тегі алсын қайдан кемеңгерді?.. Тұсында сері болсын ,пері болсын, Ұнайды өмірімен Ақан маған…                           І.ЖансүгіровІ топ Ауылым қонған Сырымбет саласына (Ақанның өмірі мен шығармашылығына шолу)ІІ топ
Егіліп әндеріне ,сөзін тыңдап …
(Ақан әндері ,оның шығу тарихы) 
Саясында сексен көлі шалқыған , баурайында шоқ қайыңдар  ырғалып өскен ,жазығында  жасыл желек жайқалған, биігінде қыран құстар самғаған ,етегінде
киіктер жүйткіген көрікті де көркем  Көкшетау  аймағы болашақ ақынның туып-өскен асыл мекені еді.
Шығармашылығының өркендеу кезеңі. Ақан серінің өзіндік шығармалары қазақ мәдениетінің көрнекті өкілдері С.Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасының , «Құлагер» атты әйгілі поэма жазған І.Жансүгіровтың. «Ақан сері – Ақтоқты» трагедиясының авторы Ғ.Мүсіреповтің шығармашылық шабытының қайнар бұлағы болды. Белгілі композитор Е.Брусиловский «Жалбыр» операсында «Құлагер» және «Балқадиша» әндерін пайдаланса,»Ер Тарғын» операсында «Алтыбасар» әнін қолданды.
 Ғ.Мүсіреповтың (либреттист) «Ақан сері – Ақтоқты» операсы 1982 жылы сахнаға қойылды. Музыкатанушы Ж.Ордалиева операда композитор Ақанның әуенді тілінің өзіне тән мынадай ерекшеліктерін бөліп қарайды: бастапқы негізгі үннен өзінің басқа бір биігіне ұмтылушы қысқа желісін білдіретін октавалық алғашқы негіз – «Алай көк», «Көк көбелек» баяу төмендеуші әуенді қозғалыс, ІV сатының тірек мәні, бастапқы үннің көп рет қайталануы – «Алтыбасар», «Әудемжер», «Ақ саусақ» әндерінде кездеседі.

 

 

 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!