Анықтауыш — Қазақ тілі — Қазақша рефераттар — Қазақша тесттер мен шпорлар

0

Анықтауыш[1]деп сөйлемде негізінде зат есімнен болған мүшені сын, сапа, сан, мөлшер және меншіктік жағынан сипаттайтын тұрлаусыз мүшені атаймыз.[2]
Анықтауыштар қандай? қай? қайдағы? (недегі?) қашанғы? ненің? қанша? неше? қайткен? не еткен? деген сұраулардың біріне жауап береді.[3]
Анықтауыш болатын сөз таптары

Анықтауыш болатын сөз таптары:
Негізгі, туынды сын есімдер анықтауыш болады:
Мысалы: Ақ сары ат доп болып ішін тартқан
Зат есімнен болады:
Мысалы: Қой қораның алдында электр моторының дүбірін естіді.
Сан есімнен болады:
Мысалы: Жаңадан екі үй құрылып жатыр
Есімдіктен болады:
Мысалы: Оспан мына қимылға тіпті сүйсініп кетті
Етістіктің есімше түрінен болады:
Мысалы: Оқыған кітаптарым мені іске бастады
Ілік септік жалғауы жалғанған сөздер анықтауыштың қызметін атқарады
Мысалы: Көптің ісінде береке бар. Талаптанғанның еңбегі жанады.

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!


Тегтер:Анықтауыш