Аналар мерекесі сценарий балабақшада
Тәрбиеші: Гүлсан Науановна Бостанбаева, Абай бөлімшесі, Абай БМ жанындағы шағын орталық
Тақырыбы: «Аналар мерекесі»
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар!
Ақ жаулықты әжелер, асыл да,
Аяулы аналар, ару қыздар!
Сіздерді 8 Наурыз халықаралық аналар мерекесімен құттықтаймыз!
Ақ тілекті ағытып бір тастайық,
Аналардың мерекесін бастайық .
Көздеріңнен көрем шаттық арайын,
Өтсін солай әр бір күнің әр айың.
Қадірлі аналар көңілі,
Көктемдей жайнап гүл ашсын.
Бақытқа толып өмірі,
Шаттыққа шаттық ұлассын!
Жүргізуші: Бала, бала деп,
Түнде шошып оянған.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған.
Аялы қолды талпынтқан,
Қаймақты сүттей қалқытқан.
Суық болса жөргегі,
Қорғасындай балқытқан.
Айналысына ас қойып,
Өзенді көлдей шалқытқан.
Қолын қатты тигізбей,
Кірлі көйлек кигізбей,
Иісін жұпар аңкытқан.
Бұл кім?
Балалар: Ана! Ана! Ана!
Жүргізуші: Аналарға енді жырдан шашу шашайық.
«Айналайын, ана, мерекеңізбен» әні.
1 бала: Менің анам керемет,
Мейірімді адам ол ерек.
Ерте түрып, кеш жатқан.
Сиыр сауып, пеш жаққан.
Бізсіз асын татпаған,
Анам үшін мақтанам.
2 бала: Жылылықтан жаралған,
Құшағы оның таң м(а) екен.
Менің айдай анамнан,
Асқан сұлу бар м(а) екен?
3 бала: Құшағыңа кіргенде,
Жылынамын бір демде.
Не жетеді көзіңе,
Мейірімді күннен де.
4 бала:Үн қатасың бал тілмен,
Еркелеймін әр күн мен.
Құттықтаймын анашым,
Сегізінші Наурызбен!
5 бала: Таусылмайды өлеңі,
Күнде айтып береді,
Барған сайын бір жаққа
Кәмпит алып келеді.
Әжем мені өйткені,
Өте жақсы көреді.
— Ендігі кезекте, бүлдіршіндеріміз дайындаған концерттік бағдарламамызды тамашалаңыздар!
(Өлеңдер айтылып, балалар билерін ұсынады).
— Осымен, біздің мерекелік концертымыз аяқталды. Келгендеріңізге көп рахмет, мейрамдарыңыз құтты болсын!
Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!